Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы



Pdf көрінісі
бет6/95
Дата20.10.2022
өлшемі2,73 Mb.
#44447
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95
ӨКІНІШ 
ҰЯТ. БАНКРОТ 
 Адамдардың көпшілігі осы кітапқа қатысты «Қуа- 
ныш білгенін, оқығанын аударып жаза салды» 
деген ойда қалуы мүмкін. Ондай сынға дайынмын. Бірақ 
ескеретін жайт: бұл кітаптың ерекшелігі – мен оқыған 
алты жүз кітаптың қорытындысы іспеттес. Оған 
қоса, сол кітаптардан түйгенімді қолдану, жүзеге асы- 
ру, біздің менталитетті ескеру және соның нәтижесін- 
де жүзеге асырылған тәжірибе. Бәлкім, білгенімді кей- 
де дұрыс қолданбаған шығармын, соның салдарынан бір 
мүмкіндіктерді жіберіп те алған болармын. Сондықтан 
сенің де шалыс қадам баспауың үшін, өзіңнің емес, менің 
қателіктерімнен сабақ алуыңды сұраймын. Бұл кітап- 
та мен баяндайтын әңгіме, келтіретін мысал, айтатын 
ақыл-кеңес – өз басымнан өткен тәжірибеге негізде- 
леді. Жазған мысалдарымның нәтижесі жақсы болса
бір жеңіске жеткенім, ал позорға (масқараға) немесе 
банкротқа ұшыраған кездегі мысалдар, дұрыс әрекет 
етпеудің, барымды қолдана алмауымның нәтижесі. Көз 
жасы дегенім – кейде біліп тұрсам да, дұрыс жасамаға- 
ныма қынжылғаным. 
Қазақстанда өз бизнесімді бастағанда, әріптестік тура- 
лы көптеген кітаптарды парақтадым. Партнёрдің (серік- 
тес) қандай болуы керек екенін оқыдым, ал іс жүзінде 
оны дұрыс қолдана алмай, банкротқа ұшырадым. 
Әскерде «устав, написанный кровью» деген түсінік 
бар, белгілі бір жазатайым оқиғаға алып келгеннен ке- 
ін енгізіліп отыратын ережелер жиынтығы. Тура сол 
сияқты, бұл кітаптың әр бөлімінің астарында қуаныш, 
өкініш және банкротқа ұшырау хикаялары бар. 


16
ӨЗІҢ ҚАНДАЙ БОЛСАҢ, 
БИЗECIҢ ДЕ, 
KAPЬEPAҢ ДА СОНДAЙ 
Бұл кітапты жазамын деген ой пайда болған- 
нан бастап мен осыған дайындалдым, алдын ала 
тапсырыс бердім, мазмұнымен жұмыс жасадым. «И бо- 
таники делают бизнес» деп аталатын кітаптың авто- 
ры Максим Котинмен
5
 ақылдастым. Бір сөзбен айтқан- 
да, үлкен жұмыс жасалды. 
Бұнымен қатар біз «Versus» академиясы аясында тре- 
нингтер өткіздік. Сол кезде түсінгенім, бизнесті де, жұ- 
мысты да, карьераны да жасайтын – адамның өзі. 
Бизнес туралы кітаптар бір техникаларды береді, ал 
адамды толық дамытпайды, себебі, олар алдарына бір 
ғана мақсат қояды, не бизнесті, не адамды дамыту. Өйт- 
кені ол не адамның жеке басын дамытуға, не бизнеске 
немесе карьераға арналған болып келеді. Яғни бөлінеді. 
Ал негізінде, бизнес пен карьераны жасайтын өзіміз. 
Сапаң қандай болса, тура сондай өнім шығады. Мыса- 
лы, сенің талғамың қандай болса, жасаған жұмысың да 
сондай, тыңдайтын музыкаң, жасайтын презентацияң 
сондай болады, жұмысқа ұқыптылығың, дизайның, бар- 
лығы да соған сәйкес жүреді. 
Өз басым, заң аясында немесе есеп-қисаппен жұ- 
мыс жасайтын адамдармен кездескенде, міндетті түр- 

Максим Котин – журналист, бестселлерге айналған кәсіби әдебиеттердің авторы. 
Никита Кириченко атындағы іскерлік журналистер сыйлығының иегері. 


де ол адамның автокөлігіне, киген киіміне ерекше на- 
зар аударамын. Себебі, киген киіміне ұқыпты болмаған 
адам, менің құжаттарыма да ұқыпты болмайды. Ол 
автокөлігіне лас күйінде отыра берсе, ертең жұмысқа 
ұқыптылықпен қарамайды ғой. Сондықтан бизнесің 
немесе жасап жатқан жұмысыңның сенің дәрежеңнен 
ешқашан асып кетпейтінін есте сақта. Бұл жердегі 
«сен» – ол сенің білімің, эрудицияң, көзқарасың, шешім 
қабылдау жылдамдығың, принциптерің. 
Жалпы айтамыз ғой, кез келген бизнестің өлшенетін 
төрт параметрі бар деп. Олар: бағасы, сервис деңгейі, 
сапа және жылдамдық. Бұл төрт көрсеткіштің артында
негізінен, үлкен жұмыс жатыр. Мысалға, арзан бағаны 
ұсыну үшін, өзің эффективті болуың керек. Егер өмірде 
эффективті болмасаң, кәсіпте де эффективті бола 
алмайсың. Сондықтан бұл кітапты кәсіпкерге емес, 
карьера жасап жүрген менеджерге емес, адамдарға 
арнадым. Өйткені, адам егер өзіне, орысша айтқанда 
«прокачка» жасаса, оның көрсететін нәтижесі де сондай 
болады. 
Біз «Versus» аясында «Rumi Group»-тың кругозорды 
дамыту туралы курсын жүргіздік. Бұл курс барысында біз 
музыка да тыңдадық, мысалы, джаз, блюз, біз көрмеген 
фильмдерді қарадық, бұрын араласпаған адамдармен 
таныстық, бұрын оқымаған кітаптар оқып, біз білмейтін 
өмірбаяндармен таныстық. Бұның барлығы адамды 
дамытады. «Rumi Group»-тың арт-директоры Абай 
мырзаға курстың қатты әсер еткенін көзінен көрдім. Ол 
өзінің жұмысына бір жаңа бояулар енгізіп, ерекшеленді. 
Ал бұл бояулар қайдан келді? Әрине, өмірден. Ой- 
өрісіңді дамыту арқылы, бұрын білмеген-көрмегенді 
тану арқылы келеді. 
Ең қарапайым мысал – презентация. Ол адамның 
атқарған жұмысының нәтижесі. Сондықтан 
презентациядағы қарапайым нәрселерден, шрифтің 
түрінен, түсі мен таңдаған суреттерінен адамның өмірге 
деген көзқарасын көруге болады. 


18
Бұндағы негізгі ой – карьераңды немесе бизнесіңл 
жасайсың ба, ол өз таңдауың, бірақ әрқайсысын дамыту 
үшін, ең бірінші өзіңді дамытуың керек. Себебі, Құранда 
да: «Егер сен өзіңді өзгертпесең, Алла сені өзгертпейді» 
деп айтылады (Рағыд сүресі, 11-аят). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет