Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы


Тағы бір мәселе – біз өзімізге «адвокат», ал біреуге



Pdf көрінісі
бет8/95
Дата20.10.2022
өлшемі2,73 Mb.
#44447
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   95
Тағы бір мәселе – біз өзімізге «адвокат», ал біреуге 
«прокурормыз». Қазір біреуге кішігірім болса да сын ай- 
тып көрші, мысалы, «Неге кешіктің?» десең, өзін ақтап 
алу үшін елу екі сылтау ойлап табады. Ал кешігіп бар- 
шы, «неге біреудің уақытын бағаламайсың?», «ерте 
шықпадың ба», «өзінше болып кетіпті» дегендей, бұған 
да елу екі сын тауып береді. Біреудің бойынан мін ізде- 
генше, өзіңді түзет, мінссіз нұсқаңа талпын. Өзгемен емес. 
өзіңмен жарыс! 
«Versus» академиясында талай дәріс өткізіп, кейстерді 
қарастырдық. Бес жүз мың теңге алып (иә, бір адамнан
демек, оның ақшасы бар), он мың теңге алып та, тегін 
де тренинг өткіздік. Үңіліп қарасақ, бәрінде мәселе 
бір – көп адамда мақсат жоқ! Бірақ бұл қалыпты жағдай. 
Себебі, мақсатты айқындау – қиын нәрсе.


22
Бізде тағы жетістік жоқ! Қазіргі таңда барлығы да 
шет тілдерін үйреніп жүр, заман талабына еліктейді. 
Курстарға жазылдым, тіл үйреніп жүрмін ғой деп өзін 
алдайды, түбінде ештеңе шықпайды. Ал шын мәнінде
жұрттан қалмау үшін емес, өзі үшін оқыса, IELTS 7 балл 
алса, жылына үш мың сөз жаттаса, міне, бұл – жетістік. 
Тағы бір айтып өтетін мәселе – бізде мотивация жоқ
Маған келетін адамдардың 80%-ының айтатыны: 
«Қуаныш аға, маған мотивация беріңізші». Келіп, па- 
лау сұраса берер едім, ал мотивация деген – кейде бар, 
кейде жоқ нәрсе ғой. 
Қазіргі заманда ең қиын кезең – ол жазғы және қысқы 
демалыс уақыты. Достарыңның барлығы қыста Тайлан- 
дқа, ал жазда Түркияға демалуға кетеді. Сенің де барғың 
келеді-ақ, бірақ мүмкіндігің жоқ. Басқаларға әрине
«ақша жоқ» деп айтпайсың, «уақыт жоқ» дейсің. 
Бизнесте сәтсіздікке ұшыраған жағдайда «бұйырма- 
ды», «көз тиді», «тағдыр жазбады» деген әңгімелер айты- 
лады. Оның себебін өзінен көрмейді, өзге біреуге немесе 
басқа бір жағдайға жаба салады. 
Қарызға белшеден бату, кредит – бұл да, қазіргі таңда 
өте өзекті де, өміршең мәселелердің бірі. Кредит кімде 
жоқ дейсің, барлығында бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет