Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы



Pdf көрінісі
бет26/95
Дата20.10.2022
өлшемі2,73 Mb.
#44447
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   95
Байланысты:
Екінші болма

ЖАЛПЫ СҰРАҚ C¥PAУ ТУРАЛЫ 
 
Күнделікті өмірдегі кез келген қарым-қатынас 
сұрақ қою мен жауап алудан құралады. Алдыңа 
келген адам саған сұрақты қалай қойса, сен тура солай 
жауап бересің. «Дұрыс сұрақ – жарты жауап» деп бе- 
кер айтылмаған. Егер ол дұрыс сұрақ қоя алса, онда ол 
өзін қанағаттандырарлық дұрыс жауап алып кетеді. 
 
Сұрақ қою – ең оңай іс, себебі, еш кедергі жоқ. Сұрақ 
қоя салсаң болғаны. Ал пайдалы, көмекші және тежеуші 
емес, итермелеуші, жетелеуші сұрақ қою – ең қиын іс. 
Біздің «Versus» академиясына кәсібімді бастаймын 
деп көптеген азаматтар келеді. Олардың қандай қабілеті 
бар екенін, немен айналысқысы келетінін біліп, тұлға 
ретінде алдыма келген адамды ашу үшін, оған дұрыс 
сұрақ қоя алмасам, оны дамытуға да, оның өзгеруіне де
бизнес ашуына да көмектесе алмас едім. Сондықтан да 
біз дұрыс сұрақ қоюды үйренуіміз керек. Балаң келіп, 
тағы бір ойыншық немесе смартфонның жаңарған түрін 
алып бер десе, «Бұл саған расымен де керек пе?», «Не 
үшін қолданасың?» деп сұрасаң, балаң шын мәнісінде де 
бұл маған қажет пе деп ойлана бастайды. Дұрыс сұрақ 
қоюды, ол сұраққа дұрыс жауап беруді кішкентай кезден 
үйрету керек. 
Өзіңді, өмірді, айналадағы адамдарды кінәлай бер- 
мей, «табысты болуға лайықтымын ба?», «бұл жолы не 
істедім?», «не істей аламын?», «қалай дамыдым?» деген 
сұрақтарды қою арқылы, мәселенің негізгі себебіне же- 
тесің. Бәлкім, дөңгелетіп алып кете алмай отырған ісіңді 
жүргізе беріп, бір орынды таптай бергеннен гөрі, салаң- 
ды ауыстыру керек шығар? Осындай сұрақтардың өздері 
адамның өмірін қатты өзгертеді. 
Бір жігіттің оқиғасы есіме түсіп отыр. «Жас кезімде 
ойландым, бойым кішкентай, түріме келсем, Ален Де- 
Лон
22
емеспін. Әдемі қыздардың барлығы бойы сұңғақ
___________ 
22 
Ален Делон – француз киноактері, театр актері, режиссер, продюсер, сценарист. 


62
спортпен айналысатын жігіттерге қарайды. Басқалардан 
ерекшеленбесем, көш соңында қалып қоямын. Бола- 
шақта бәсекеге қабілетті бола алмай қаламын» деп ой- 
лайды. «Өзімді қалай өзгертуім керек?» – деген сұрақ 
қойып, қазіргі таңда ол үлкен жеңістерге жетті, бірнеше 
кәсібі бар. 
Келіссөздер кезінде де үлкен адамдардың дұрыс сұрақ 
қоя алмауының себебінен, мықты іскерлік келісімдердің 
жасалмағанын білемін. Оған қоса екі тарап бір-біріне 
өкпелі болып қайтады. Негізінде, адамның қандай екенін 
үш-ақ сұрақпен анықтап алуға болады дейді, бұл тура 
лы жазылған кітаптар да көп. Мысал ретінде айтып бе- 
рейін. «Versus» академиясында оқып жүрген кәсіпкер 
жігіттермен осы тәсілді қолданып көруді жөн көрдік. 
Арамыздағы бір жігіт жақын арада инвестормен кездес- 
пекші еді. Сол кездесу барысында қойылатын бірінші 
үш сұрақты анықтадық. Біріншісі: «Сіздің бұған дейін 
осындай салаға ақша салған тәжірибеңіз болды ма?»
– 
деген сұрақ болды. Бұл сұрақ арқылы алдыңда отырған 
адаммен әрі қарай сұхбат жүргізу, бизнес жасау керек пе, 
керек емес пе екенін анықтап аласың. Себебі, тәжірибесі 
жоқ адаммен бизнес бастау қиындау болады, ал бұны 
келісімге келіп алғаннан кейін емес, келіссөздің бірінші 
минутында-ақ анықтай аласың. 
Адамдардың көбісі жаңа бірдеңе ойластырып шыға- 
руға, оған басын байлауға құмар болады. Ал Google онда 
не үшін? Сен оған қандай сұрақ қойсаң, ол соған байла- 
нысты жауап береді. Google-дан көптеген пайдалы ақпа- 
рат алуға, көптеген мәселенің шешімін табуға болады. 
Бар болғаны, не керек екенін түсіну, сұрақты дұрыс құ- 
растыру және ақпаратты пайдалана білу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет