Екінші болма


Өзіңмен  бірге  өзгелерді  де  өсір



Pdf көрінісі
бет107/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   127
Өзіңмен  бірге  өзгелерді  де  өсір.  Əлемдегі  нөмірі  бірінші  нетворкер
Кейт  Феррацци  «Никогда  не  ешьте  в  одиночку  и  другие  правила
нетворкинга»  (Never  Eat  Alone:  And  Other  Secrets  to  success,  One
Relationship at a Time) кітабында былай дейді: «Мен адамдарға өзін дамыту
бойынша  кеңес  бергенді  жақсы  көрем.  Бұл  менің  хоббиім.  Жүздеген  қыз-
жігітке білгенімді айттым, бір ғана қоңыраумен оның жұмысқа тұруына, не
стажировкаға қабылдануына ықпал ете аламын. Маған ешқандай рақмет те,
ақша да керек емес, кейін олардың жеңіске жеткенін есту маған зор қуаныш
сыйлайды»  жəне  ол  жеңістің  негізгі  өзегі  деп  мəрттікті  айтады.  «Бөлісуге
дайын адамдар ғана ұлы жеңістерге жетеді», дейді. Мен осымен келісемін.
Неғұрлым  көп  адамға  көмектескен  сайын,  өзің  де  соғұрлым  көп  адамның
көмегін сезінесің.
Мысалы, мен «Rumi»-дің қызметкерлеріне отбасым сияқты қараймын.
Компания  өсуі  үшін  менің  жеке  басым  емес,  бүкіл  қызметкерлер  өсіп


отыруы  маңызды.  Сондықтан,  өзім  ғана  қыдырмаймын,  өзгелерге  де
саяхаттауға  мүмкіндік  жасаймын.  Мəселен,  осыған  дейін  «Rumi  Group»
командасы  Əзербайжан,  Грузия,  Түркияға  барып,  жаңа  идеялармен
сусындады.  Өзім  көргенді  олар  көрсе,  өзім  оқығанды  олар  оқыса,  сонда
ғана алға қойған мақсатты түсінеді. «Уикенд с Rumi Group» деген жобамен
бірнеше қызметкерлерімізді шетелге жіберіп жатырмыз. Олардың арасында
басқарушы қызметкерлер ғана емес, аспаздар, ет мамандары, даяшылар да
бар.  Сондай  мүмкіндіктерді  ылғи  іздестіріп  жүремін.  Өйткені  «мен»
дегеннен  гөрі  «біз»  деп  ойлайтын  байлық  менталитеті  табысқа  тезірек
жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет