Екінші болма



Pdf көрінісі
бет105/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

Құдайға  сену.  Құдайға  сену  керек.  Достоевский
67
 бірде  «Егер  Құдай
болмаса,  Оны  ойлап  табуға  лайық  еді»  деген.  Расында,  Құдай  бəрін
жеңілдетеді.  Күшті  Содан  сұрайсың.  Тəуекелді  Соған  тапсыра  аласың.  Ал


дінсіз  мүмкін  шығар,  бірақ  қиын.  Мықты  мемлекеттер  –  дінге  құрылған
мемлекеттер.  Рим  империясы,  Осман  империясы  сияқты  ұзақ  өмір  сүрген
империялардың бəрі дінге құрылған. КПСС жетпiс-ақ жыл өмір сүрді.
Он екі жасымда намаз оқыдым.
Бұл біздің отбасымыз үшін қиын кезеңдер еді. Сол кезде дін болмаса,
жағдайым  қиын  еді.  Анам:  «Балам,  Құдай  бізді  сынап  жатыр»,  –  дейтін.
Сол сынақтардан аман өттiк.
Алайда, мұнда да адамның жеке қабылдауының маңыздылығын жоққа
шығара  алмайсың.  Жалаң  діннің  өзі  бірдеңе  шешсе,  бүкіл  мұсылмандар
керемет болып кетер еді ғой. Ол – адамның қолындағы құрал іспетті. Қалай
сілтесең,  солай  əрекет  етеді.  Дін  күш-қуаттың  бұлағы  ретінде  жақсы.
Қиналған  кезде  тіреу,  рухани  сүйеніш  ретінде  жақсы.  Болашағың  ғайып,
жеңісің  ғайып.  Осы  кезде  Құдайға  деген  сенім  болса  жақсы,  болмаса
депрессияға
шалдығасың.
Өз
басымнан
өткендіктен
айтамын,
депрессиядағы  адамды  да  Құдайға  деген  сенім  ғана  алып  шығады.
«Қайырлысы» деген сөз жақсы.
Құдайдан  сұрап  Фатих  Сұлтан  Стамбұлды  алған,  Құдайдан  сұрап
қаншама сəбисіз отбасы балалы болған. Құдайға жалбарыну керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет