Екінші болма



Pdf көрінісі
бет110/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   127
Өзгелерді  ойлау.  Жақсы  адам  болу  –  өзіңді  ғана  емес,  өзгелерді  де
ойлау  деген  сөз.  Өзгелерге  көмектесуге  дайын  адамға  өзгелер  де
көмектесуге дайын тұрады. Өмір бумеранг сияқты дегенді бəрі айтады ғой.
Ол расында да солай. Не ексең, соны орасың. Аңызға айналған миллионер,
филантроп Джон Рокфеллердің
72
жай клерк болып төрт доллар тапқан кезі
болған.  Сол  төрт  доллардың  жиырма  пайызын  жинаған,  елу  пайызын
шіркеуге  берген,  ал  өзі  қалған  отыз  пайызын  ғана  жұмсаған.  Бірнеше
жылдан кейін ол АҚШ-тың ең ірі мұнайшысының біріне айналды.
Брайан  Трейси  оның  өміріндегі  мына  фактіні  келтіреді.  Рокфеллер
мұнай бизнесіне көңіл қойғаны сондай, өзгелерге уақыты болмайды. Ол 52
жасында  əлемдегі  ең  бай  адам  саналған.  Бірақ  тура  сол  кезде  денсаулығы
сыр берген еді. Əрі кетсе, бір жылдан кейін өлесің дейді дəрігерлер. Сонда
Рокфеллер  компаниясының  жартысын  500  миллион  долларға  сатып,
«Рокфеллер қорын» құрайды.
Бұл  қор  ең  қайырымды  істерді  қолдайды.  Ғажабы,  ол  өзгелерге  көп
берген сайын, өзін жақсырақ сезіне бастайды. Біртіндеп, аурудан құлан таза
айығады.
Содан
бастап
өмірінің
соңына
дейін
шіркеулер
мен
қайырымдылық  қорларына  жəрдемдесіп  тұрған.  Сөйткен  Рокфеллер  ұзақ
өмір  сүріп,  92  жасында  қайтыс  болды.  Жалғыз  өзі  қайырымдылыққа
жүздеген  миллион  доллар  жұмсап,  əлемдегі  ең  жомарт  филантроп  ретінде
тарихта қалды. Соның өзінде ақшасы таусылған жоқ.
Тағы сол Брайан Трейси айтады: «Əлемнің ең мықты бизнесмендері ең
жиі  айтатын  сөз:  «Сізге  қалай  көмектесе  алам?».  Кейде  расында  да  сенің
қалай көмектесе алатыныңды айтар. Ал көп жағдайда адамдар көмегіңнен
бас  тартады.  Бірақ  саналы  жəне  бейсаналы  түрде  сенің  көмек  қолын
ұсынғаныңды ұмытпайды».
Қысқасы, өзгеге көмектесуің таза эгоистік перспектива тұрғысынан да


ақталады.  Біріншіден,  өзіңді  жақсы  сезініп,  моральдық  жағынан
қанағаттанасың.  Екіншіден,  бұл  сен  мұқтаж  кезде  басқалардың  көмегіне
сенуіңе негіз болады. Қазақ үшін көрінген бұрышта «Сізге қалай көмектесе
алам?» деп жүгіріп жүрудің өзі жасандылық сияқты көрінуі мүмкін. Белгілі
банктің  сол  ұраны  тіпті  күлкіге  айналып  кеткенін  білесіздер.  Эмоциясын
ашық  айтпайтын  халықпыз.  Бірақ  көмегің  керек  болған  сəтті  өзің  де
білесің,  сезесің.  Сонда  тартынып  қалма.  Сен  жомарт  болған  сайын,  дүние
де мəрт болады. Мəрттік мəрттікпен қайтады.
Алайда  бұл  қолыңдағының  бəрін  шашып  тастауың  керек  дегенді
білдірмейді.  Грузиннің  Пиросмани
73
 деген  суретшісі  еске  түседі.  Өте
талантты  адам  болған,  бір  кезде  қолына  кішігірім  дəулет  бітіп,  дүкен  де
ұстайды.  Бірақ  жүрегі  жұмсақ  бейшара,  адамдарға  көмектесемін  деп
тауарының  бəрін  қарызға  таратып,  ақыры  тақыр  жерде  қалады.  Халықтың
жағдайы  қиын  еді,  ол  ешкімге  де  барып,  «қарызды  қайтар»  деп  айта
алмады. Ал күндердің күнінде: «Не керек, бəрін алыңдар», – деп дүкенінің
есігін ашты да, өзі аулаққа кетті. Өмірінің соңына дейін бір рөмке арақ пен
бір  бөлке  нан  үшін  көрінген  жерде  сурет  салып,  қор  болып  өтті.
Жертөледегі қуықтай бөлмеде бүрісіп өмір сүрді. Жақсы адам болғаны оны
құтқара алған жоқ.
Бұдан  шығатын  қорытынды:  əрине,  адамдарға  көмектесу  керек.
Қайырымдылықпен  айналысу  керек.  Бірақ  белгілі  бір  деңгейге  жеткенде
мұқтаж  жандардың,  көмек  сұрайтындардың  өте  көп  екенін  түсінесің.
Дүниедегі  кедейлік  пен  жоқшылықтың  бəрін  жалғыз  өзің  жоя  алмайсың.
Соны түйгенде моральдық ориентирлерің сені алға жетелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет