«Ұқсап бақ» дегеніміз, сол образға жанасатындай, сəйкес жүріс- тұрыс, əдет қалыптастыру. Киім-кешекпен, шаш үлгісімен біз табысты адамдарга еліктей аламыз. Ұшақпен көп ұшамын. Сондағы байқағаным, эконом-кластағы
жолаушылардың барлығының қолында смартфон, планшет. Ойын ойнайды,
кино қарайды. Ал бизнес-кластағы жолаушылар кітап, газет оқиды немесе
шаршағандықтан ұйықтайды. Біз əдеттерімізбен ұқсай аламыз: кітап оқып,
мағыналы сөйлеп, ойымызды дұрыс жəне нақты жеткізіп, сапалы киім
алып.
Ең қызығы, бизнесте де осы қағидаларды ұстануымыз «Rumi»-ді
танымал етті ғой деймін. Бизнесте де алдымен тауардың сапасы, одан кейін
оның «орамасы», визуалды эстетикалық əсері маңызды.
Маған кəсібін енді бастап жатқан, не ісі бар кəсіпкерлер бизнес
туралы, оның ішінде маркетинг туралы сұрақтарымен көп келеді. Əрине,
бəрі барлық проблемаларын шешетін қарапайым сөздер мен фразаларды
күтеді. Шындығында маркетинг – буклеттердегі сиқырлы лозунгтер емес
немесе бизнестегі құпия трюк, компьютердегі жасырын программа емес.
Бұл ең алдымен өз қолданушыларыңның қажеттілігін түсіну, сол
қажеттілікті өтеу, оларға жақсы өнім беру жолындағы тынымсыз еңбек.
Бəсекелестеріңнен бар өнімді аласың, оны тура сол бағаға сатасың,
бірақ үстінен өзің он мың теңгенің сезімін қосасың. Тағы нақтылап
айтайын, сезімін қосасың.
Егер орта бағадағы мейрамхана ашсаң, ыдысың, дастарқан,
орындықтар, санфаянс, салфетка, қол жуатын сабыныңа дейін қымбат
мейрамханадағыдай болсын.
Егер қонақ үй ашсаң, «Ритц Карлтондағыдай» бəрін өз мəнеріңде
жасайсың, бірақ бағасын аспандатып жібермейсің.
Егер көп ақша тапқың келсе, көп ақша табатын адамдарға қарап, солар
сияқты киін. Егер бизнесіңді дамытқың келсе, өзіңнен қымбат бизнестерге
қара. Солар істегенді істе. Сырт келбетің олардан кем түспеуі керек.
Өйткені, сырт келбет адамның эмоцияларын тудырады. Біз алдымен көзбен
ұнатамыз. Тамақ алдымызға келгенге дейін-ақ бұл дəмханаға екінші рет
келетін-келмейтінің жайында шешім қабылдайсың. Ал егер оның палауы
дəмді болып шықса, мынадай дизайн мен баға үшін, əрине, міндетті түрде