жетістік.
Тағы бір айтып өтетін мəселе – бізде мотивация жоқ.
Маған келетін адамдардың 80%-ының айтатыны: «Қуаныш аға, маған
мотивация беріңізші». Келіп, палау сұраса берер едім, ал мотивация деген –
кейде бар, кейде жоқ нəрсе ғой.
Қазіргі заманда ең қиын кезең – ол жазғы жəне қысқы демалыс
уақыты. Достарыңның барлығы қыста Тайландқа, ал жазда Түркияға
демалуға кетеді. Сенің де барғың келеді-ақ, бірақ мүмкіндігің жоқ.
Басқаларға əрине, «ақша жоқ» деп айтпайсың, «уақыт жоқ» дейсің.
Бизнесте сəтсіздікке ұшыраған жағдайда «бұйырмады», «көз тиді»,
«тағдыр жазбады» деген əңгімелер айтылады. Оның себебін өзінен
көрмейді, өзге біреуге немесе басқа бір жағдайға жаба салады.
Қарызға белшеден бату, кредит – бұл да, қазіргі таңда өте өзекті де,
өміршең мəселелердің бірі. Кредит кімде жоқ дейсің, барлығында бар.
Достарыңызбен бөлісу: