Екінші болма


Instagram-ға бір қыз жазады



Pdf көрінісі
бет9/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

Instagram-ға бір қыз жазады:
«Қуаныш  аға  айына  он  жеті  мың  кредитім  бар  еді,  соны  төлеп
беріңізші»  деп,  санап  көрсем,  кредиті  жүз  елу  мың  екен.  Əрі  қарай  оқуға
оңай болу үшін, ол əңгімені диалог түрінде келтірейін:
–Ашылып жазып жатыр екенсің, бізге кел, жұмыс жаса, – дедім.
–Аға,  жастайымнан  тұрмыс  құрдым,  одан  соң  ажырасып  кеттім,
қолымнан ештеңе келмейді, – деп əлгі қыз жауап қайтарды.
–Онда  ыдыс-аяқ  жуушы  бол,  он  бес  күн  жұмыс  істейсің,  айына
жетпіс екі мың теңге аласың.
–Жоқ, мен Алматыға бара алмаймын, тұратын жерім жоқ.
–Тұратын жеріңді реттеп берейін.
–Жоқ, əке-шешем бар, оларға қарауым керек, бара алмаймын…
Сондағысы,  жүз  елу  мыңды  «бере  сал»  деп  тұр  ғой.  Ал,  «не  үшін
береді»,  «неге  беруі  керек»  деген  сұрақ  ол  адамда  туындамады.  Жұмыс
бұйырып  тұр.  Белшеден  батқан  қарыздан,  бітпейтін  кредиттен  құтылудың
бір  ғана  амалы  –  тұрақты  жұмыс.  Көсіліп,  түсіндірмей-ақ  қояйын,  өзің  де
қорытынды жасаған шығарсың, құрметті оқырман…
Адамдардың  көпшілігі  өздерінің  армандарынан  өздері  қорқады.
«Неге?»,  «Бұл  қалай  болғаны?»  деп  ойлаймын.  Бұған  мақсат,  мотивация
мен  жетістіктің  жоқтығы  себепкер.  Өткен  жылы  QAZAQSTAN  ұлттық
телеарнасында
еліміздегі
алғашқы
бизнес
туралы
реалити-шоу
ұйымдастырдық,  «Үміткер»  деп  аталады.  Онда  жеңіске  жеткен  ең  үздік
үміткерге  бес  миллион  теңге  жылдық  жалақы  мен  қосымша  бес  миллион
теңге сыйақы, яғни барлығы он миллион теңге беріледі. Шын мəнінде, осы


қаражатқа қол жеткіземін деп армандап келгендер көп болды. Бірақ басым
бөлігі  өз  арманына  сенбей,  одан  үркіп,  жарты  жолда  жобадан  шығып
қалды.  Арманына  қол  жеткізе  алатындығына  сенімсіз  адам  –  өзіне-өзі
сенімсіз.
Əр  нəрсеге  алдын  ала  дайындықпен  келгенді  жақсы  көремін.
Сондықтан  да  ақыл  айтпастан  бұрын,  зерттеу  жүргіздім.  Өзімнің
Instagramдағы  @kuantr  парақшамда  сауалнама  өткіздім.  «Армандарыңызға
жетуге  не  кедергі?»  деген  сұрақ  қойдым  оқырмандарыма.  Енді,  келген
жауаптарға  назар  аударайық:  «Арманға  жетуге  не  кедергі?»  деген  сұраққа
үш  жауап  нұсқасын  жазған  Instagram  қолданушыларының  81%-ы
«жалқаулық  –  ең  бірінші  кедергі»  десе,  67%-ы  –  «ақшаның  жоқтығын»
себеп  қылса,  ал  36%-ы  «таныс  жоқ»  деп  жауап  берді.  Үшеуін  қосқанда,
100%-дан  асып  кетеді  ғой  деп  ойланба,  есіңе  саламын,  əр  адам  үш
кедергіден жазып отырды, сондықтан нəтижесі осындай.
Жоғарыда атап өткендей, сен instagram-ға жазған кедергілер, адамның
одан əрі дамуына, белгілі бір жеңіске жетуіне бөгет болады дейміз. Ендеше,
назарларыңызға антикейс ұсынамын:
Айна  Досмахамбетқызы  «Rumi  Group»-та  PR  бөлімінің  басшысы,  үш
баласы бар, ажырасқан. Айтып өтетін жайт əйел адам ажырасса, оған қоса
балалары  болса,  оны  біздің  адамдар  қоғамнан  сызып  тастауға  тырысады.


Кейде  тіпті,  бір  баламен  қалған  əйелдердің  өздері,  қоғамнан  алшақтап
кетеді.  Бірақ  Айна  ханым  емес!  Иə,  ол  ажырасқан,  иə,  үш  баласы  бар.
Есесіне,  ол  мықты  маман,  біздің  қызметкер,  оған  қоса  көп  саяхаттайды,
балаларына  ерекше  көңіл  бөліп,  əрдайым  өзіне  уақыт  табады.  Жақында
Испанияның  Бенидорм  қалашығына  барып,  5,5  км  қашықтықты  теңізбен
жүзіп «OceanMan» атағын алды. «Rumi Group»-та атқаратын қызметі үшін
өзінің  тұрақты  жалақысы  бар,  дегенмен,  үш  баланы  асырау  керек
болғандықтан,  барлығына  жеткізу  қиын  ғой.  Айна  ханым  «жарысқа
барамын» деп алдына мақсат қойды, туристік фирмамен келісті, тегін ары-
бері  ұшып  барып  келді,  гидрокостюмін  сатып  алды,  əйтеуір,  «мотивация
жоқ», «болмай қалды» деген сылтаумен өзін ақтап қалуға тырыспады, алды
да,  жасады.  Қолынан  келді!  Таныс  жоқ  деп  отырмай,  ақша  жұмсамай-ақ,
алдына қойған мақсатына қол жеткізді.


антикейс: @aina_doskyzy


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет