ЖАСАУ МЕН ТЫРЫСУДЫҢ ФУНДАМЕНТАЛЬДЫ AЙЫРМАШЫЛЫҒЫ Бір қарағанда екі ұғымның айырмашылығы жоқ. Алайда, қате анықтама қате əрекет пен қате нəтижеге алып келетінін еске түсіріп, осы екі ұғымды толық ашып көрейік. «Тырысу» – біздің қоғамда позитивті сөз. Tырысып жүрген адамды
көбі мақтайды, үлгі тұтады. Себебі, құр босқа əрекетсіз жатқанмен
салыстырғанда расында да жақсы ғой.
Ал менің түсінігімде, тырысу бiздi алдайтындай. Бұл жерде тырысу
деп нені түсінеміз. Кез келген істі жүзеге асыру барысында «ырымын»
жасау деп білемін. «Істемедім» деген атаудан арылу үшін ғана өтірік бір
əрекеттің сипатын істеп қою. Жұмыста талай адам бастықтарының көзінше
«тырысып» жүр ғой. Қарасаң тəнті боласың. Қарбалас тірлігі көп сияқты,
ал нəтиже жоқ. Қорыта айтқанда, бұл кітапта «тырысу» – нəтижесіз, бірақ
белсенді орындалатын əрекет, яғни көзбояушылықтың бір түрі деуге
болады.
АЛ ƏРЕКЕТ ЖАСАУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Бұл істің сəтті болуына қатысты барлық жауапкершілікті бір өзіңе алу.
Істің ауырлығын мойныңмен көтеру жəне үнемі нəтижеге қол жеткізу.
«Сəтін салмады», «бұйыртқаны» жəне тағы басқа сылтауларды айтпау.
Ретімен жасалған істе оң нəтиже болмауы мүмкін емес. Біз «жасаудың»
орнына «тырысамыз да», «тырыстым ғой» – деп, өз-өзімізді алдаймыз.
ТЫРЫСУ – ІСТЕМЕУДЕН ЖАМАН. Істемейтін адамның өзін
ақтайтын амалы жоқ. Ал тырысушыда амал-сылтауы бітпейді. Тек
жасаушыда ғана нəтиже бар.
Қарап тұрсаң, қарапайым сөздер сияқты. Алайда, осының мəнін ұғып
«жасап» жүрген адамдар үлесі əлем бойынша 1%-дан аспайды. Өз атын
танымал еткен, жеңіске жеткен адамдар көп емес. Оларды көбіміз білеміз
жəне олардың жетістігінің кілті неде деп те ойланамыз. Мысалы, АҚШ-та
осы салада зерттеулер мен ізденістер өте көп. Солардың бірін өзіңізбен