Екінші болма



Pdf көрінісі
бет57/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

Генералдың лекциясын QR кодты сканерлеу арқылы көре аласың
Ал  шартты  сөйлемді  пайдаланбау  үшін,  адам  өзінің  жұмысын  жақсы


көру  керек.  Біздің  «Rumi»-де  еден  жуушы  адам  бар.  Қарайсың  да,
сүйсінесің,  өз  жұмысын  үлкен  махаббатпен  жасайды.  Сол  адамның
құрметіне  біз  «Rumi»-дегі  барлық  еден  жуушы  адамдардың  жалақысын
көтердік. Себебі, оның жұмысында «бүгін қалай болса солай жуа салайын,
ертең жақсылап жуамын» деген шартты сөйлемдер жоқ.
Сонымен,  тырыспай  жасау  үшін,  біріншіден  «нені  –  қазір  бар
жұмысты» жасаймыз, екіншіден «қашан – қазір». Шошқа мен сиыр туралы
əңгімені түсінікті болу үшін келтірейін.
Бір  күні  шошқа  сиырдан  «неге  сені  адамдар  бағалайды,  ал  мені
бағаламайды?  Мен  етімді  беремін,  терімнен  аяқкиім,  ал  қылдарымнан
қылшық  жасайды.  Сен  болсаң,  тек  сүт  бересің»  деп  сұрайды.  Сиыр  ұзақ
ойланып,  жауап  береді:  «Өйткені  сен  етіңді,  теріңді  жəне  қылдарыңды
өлгеннен  кейін  бересің,  ал  мен  сүтімді  тірі  кезімде  беремін.  Сол  сияқты,
«ертең, ертең» демей, қазірден бастау керек.
Үшіншіден,  «қалай?»  жасаймыз,  «болмасаң  да,  ұқсап  бағу».  Яғни,
идеалды  образға  ұмтыламыз.  Бұл  туралы  «Форманың  жоқтығы  немесе
барың  мен  жоғыңның  айырмашылығы»,  «Образ  таңдау:  қияли  болудың
пайдасы» деген бөлімдерде толыққанды талдап жазғанмын.
Егер  сенен  қарызға  ақша  сұрағанда,  «тауып  көрейін»  десең,  нəтиже
50/50,  не  болады,  не  болмайды.  Курстарға  жазылып,  тіл  үйреніп  көремін,
бизнес ашып көремін – тырысқан кезде, əрдайым 50/50 болады.
Tырысу  дұрыс  болса,  нəтижеге  алып  келеді,  ал  қате  болса,  тағы  да
тырысты,  қайтадан  50/50  мəселесі  туындайды.  Сөйтіп,  əрдайым  «қате»
болып  қайталана  берсе,  өмір  бойы  тырысса,  бітпейтін  нəрсе,  шексіз,
қайталана береді де, бір нəтижеге алып келмейді.
Ал  жасауда  100%  нəтиже  болады.  Не  жақсы  нəтиже  немесе  онша
жақсы емес, бірақ нəтиже бар.
Түріктерді  жақсы  көремін,  оларды  жақсы  түсінемін  деп  əрдайым
айтып  жүремін.  Бірде  Түркияда  аяқ  киімімді  тазалаттым.  Тазалап  берген
ұста  өз  жұмысын  жанын  салып,  тиянақты  жасайтыны  көрініп  тұр.  Өзімен
əңгімелессем  өміріне  риза,  жалақысы  тұрмысына  жеткілікті,  аяқ  киім
тазалайтынын мақтан тұтады, оған қоса əкесінің кəсібін жалғастырып жүр
екен. Одан соң, таксиге отырдым.
Стамбұлда  барлығы  18  мың  ресми  такси  бар.  Біздегідей  əр  адам  өз
көлігіне  мініп  алып,  таксист  болып  жүрмейді.  Бірде  Астанада  таксиге
мінгенімде,  ресми  костюм-шалбар  киіп  алған,  түрі  мен  сипаты  келісті
жігітке кезiктiм.
«Неге  əдемі  болып  киініп  алғансың?»  –  деп  сұрасам,  бұл  жігіт


мемлекеттік  қызметте  жүр  екен,  ал  жұмыстан  уақыты  бос  кезде,  таксист
болып  қосымша  табыс  табатын  болып  шықты.  Ал,  Түркияда  олай  емес.
Таксистер  ресми  түрде  жұмыс  істейді,  барлығы  да  біз  сияқты  футболка,
джинсымен жүре береді. Алайда, бір күні əдемі болып, ақ жейде киіп алған,
үсті  мұнтаздай  таза  киіміне  қарап  тамсанатын  көлік  жүргізушісіне
жолықтым.  «Неліктен  соншалықты  əдемі  болып  жүрсіз?»  –  деп  сұрадым.
Ол  адам:  «Егер  маған  Құдай  жолаушы  жіберсе,  неге  оны  албасты  сияқты
күтіп  алуым  керек?  Əр  клиентім  –  құтты  қонағым»  –  деп  жауап  берді.
Сондықтан  тек  жоғары  лауазымда  отырсаң  ғана  емес,  жалпы,  əркім  өз
жұмысын  жақсы  істесе,  өзі  де  нəтижеге  жетеді,  оның  қоғамға  да  пайдасы
тиеді.
Tырысу мен жасаудың айырмашылығын аша алдым деп сенемін жəне
де  тиісті  ұстанымды  таңдауға  əсер  ете  алдым  деп  үміттенемін.  Егер  сен
менімен  əлі  бірге  болсаң,  осы  бөлімнен  түйгеніңді  бір  қорытындылауға
кеңес  беремін.  Ал  келесі  бөлімде  тырыспай,  жасаудың  техникасына
қатысты түйген ойларыммен бөліспекпін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет