KITAП ОҚУ ШЕБЕРЛІГІ
Бернард Шоудан
40
: «Сіз бос уақытыңызда не істейсіз?» – деп сұраған
болу керек. «Бос уақытымда серуендеймін, ұйықтаймын, достарыммен
пікірлесемін», – деген екен. «Сонда қашан кітап оқисыз?», дейді сұхбат
алушы. «Шоу: Кітап бос уақытта оқылатын нəрсе емес, оған арнайы
уақыт бөлемін», – деп жауап берген екен.
Аптасына бір кітап оқимын деп нысана қойған адам, ең азы, бір жылда
елу кітап оқиды. Бір сала бойынша кітаптарды үздіксіз оқу əдетке айналса,
бірнеше жылда сен сол саладағы сарапшы болып шығасың. Ал түбегейлі
білімнің адамды өмірдің кез келген саласында алға жетелейтін қуатты күш
екенін айтудың қажеті жоқ шығар? Батыс мамандары дабыл қағады:
«Ақпарат қай салада да тез дамып жатыр. Бəсекеге қабілетті болу үшін
тұрақты түрде оқып отыру керек». Бізде дəл сондай бəсекелестік жоқ. Басқа
елдерге қарағанда, біздің адамдардан жеңіске жету үшін сұралатын дүние
аса көп емес. Бізде өзгелерден сəл ғана көбірек ізденсең, өзгелерден оқ
бойы озық тұрасың. Бастысы, нысанаңды таңдау, өзің бірінші болатын
саланы анықтау. Мысалы, біз Астана қаласында мейрамхана аштық.
Қасында он бес мейрамхана бар. Ал «Rumi»-ге кезек қандай? Өзіндік
фишкаң болса, бəрі болады.
Фишка табу үшін көп дайындық керек. Бір салаға қатысты оқи берсең,
ұңғыл-шұңғылын еріксіз біліп аласың, сенен асқан сарапшы маман
табылмайды.
Кітап оқу – жеңіске жететін, жолы болғыш адамдардың əдеті
екен.
«Жеңіске
жеткен
адамдардың
кітапханасы
үлкен
болады,
ұтылғандардың теледидары үлкен болады» деген екен Дэн Кеннеди
41
.
Адамның не тұтынатындығына қарап, оның кім екенін айта аласың.
Стамбұлға барған соң, біраз уақыттан кейін эйфория тарады. Шет елді
көріп, бизнес жасайтынымды білдім. Сөйтіп, бизнес туралы оқи бастадым.
Стипендиям жүз сексен түрік лирасы (сол кездегі курспен) теңгемен он
сегіз мың шамасында. Оның жартысын кітапқа жұмсайтынмын. Жүрген
жерде кітап қарап жүру əдетім, əлі де бар. Басқа елдерге, бөтен қалаларға
барғанда да менің шоппингім кітап дүкенінен басталады не онымен
аяқталады.
Мысалы, Мəскеудегі «Библио-Глобус» дүкенінде күтпеген жерден,
өзіңе нағыз керек кітапты тауып алуға болады. Əдетте ойыңды басқа жаққа
бұрып жіберетін, демек, бизнесіңе де жаңалықтар əкелетін кітаптарды
табасың. Белгілі маркетинг профессоры Иона Бергердің
42
«Заразительный.
Психология сарафанного радио. Как продукты и идеи становятся
популярными» деген кітабы мен үшін сондай табыс болды. Онда
айтылатын сарафандық радио принципін «Rumi»-дің маркетингіне негіз
етіп алдық.
Мен оған дейін-ақ өзімді білімді санап, осы істі бастай беруіме
болатын еді. Маған сенген адамдар болды. Ақша салынып тұр. Біреудің
ақшасы. Ештеңең кетіп жатқан жоқ. Егер сондай логикада ойлаған адам
болсам, «Rumi» жертөле де сасыған көп дəмхананың бірі болып, екі айдан
кейін жабылып қалар еді.
Менің ойымша, мінсіз адам жоқ. Сен де осы ойға өзіңді сендір. Өзінді
қанша жақсы көріп, ең ақылды, бəрін білетін, кітап оқымай-ақ жеңіске жете
алатын адам деп санап тұрсаң да, аспандағы қиялынды жерге түсір.
Идеал емессің. Менің түсінгенім, адамның ең ғажайып қасиеті, оның
идеалдылығы емес. Өзгеруге, өсуге, білім алуға əзірлігі. Қазір мінсіз
болмаса да, келешекте оған ұмтылатын, сол жолда көп оқуға, ізденуге
дайын адаммен бағытымыз бір деп санаймын.
Брайан Трейси «Достижение максимума. 12 принципой» деген
кітабында мынадай ой айтады: «Зерттеулерге сенсек, ең табысты
америкалықтар жылына 70-тен аса кітап оқиды. Кедей америкалықтар
мүлде оқымайды. Мүмкін, барлық оқырмандар лидерлер емес шығар. Бірақ
барлық лидерлер – оқырмандар». Қарап отырсаң, лидерлікке жетелейтін
қарапайым жол – кітап оқуды əдетке айналдыру.
Əдетке айналу үшін ол күнделікті оқылуы керек. Демек, күн тəртібінде
кітап оқуға уакыт бөл. Уақыт кымбат, бірақ мақсатсыз өткен уақыттан гөрі
оқумен өткен уақыт бағалы. Сонымен, кітап оқуға қанша уакыт бөлу керек?
Ересек адам үшін орташа оқу жылдамдығы минутына 200-250 сөз
иемесе минутына екі бет. Егер бір аптада бір кітап оқу міндет болса,
кітаптың көлеміне қарай, күніне 20-40 бет оқысаң жеткілікті. Ал күніне
жиырма бет дегенің, он-ақ минут. Қырық бет дегенің, жиырма минут. Өте
баяу оқырмансың деген күннің өзінде, күніне жарты сағат жеткілікті.
Ұйықтар алдында жарты сағат кітапқа көңіл бөлу қиын ба? Бастапқы
күндері қиналарсың, ал əдетке айналған соң кітапқа қолың жүгіріп бара
жатқанын өзін де байқамай қаласың.
Қазір мен жылына елу, алпыс кітап оқимын. Бұрын дебатқа
қатысқанмын, облыстың чемпионы да болдым. Пікірталастың бір кереметі,
пікіріңді дəйектеуге үйретеді. Демек, неғұрлым көп оқуың керек. Содан
қалған əдетте шығар, бірер жыл бұрын көбіне əдебиет, тарих, теология
туралы көп ізденетінмін. Күндердің күні «осы мен не үшін кітап оқимын?»
– деген сұрақ туды. Сəл ойланып қарасам, жарыс үшін сияқты. Өйткені,
оқығаным, білімім басқалардан артық болу үшін, басқалардың аузын жабу
үшін керек сияқты. Сол ойдан өзімді ұстап алдым. Стоп, Қуаныш! Одан
кейін келесі кезеңге өттім.
Жұмыс үшін оқуыма тура келді. Мұнда алгоритм басқа: оқыдың > іске
асырдың > нəтижесін көрдің > қуат алдың/шабыттандың > басқа кітап
оқыдың. Сондықтан маған кітап оқу қиын емес. Бəрі өзіңе байланысты.
Қазір менің негізгі мақсатым оқу емес, оқығанды іске асыру. Бизнеске,
өміріме пайдалы əрекетке негіз іздеу. Сондықтан жақсы идея, мені
қызықтырған сұраққа жауапты көрген бетте... кітаптың бетін жабамын.
Солай, мен оқыған кітаптың тоқсан пайызы бітпеген. Ойды алдым.
Бітті. Кітапты оқып бітіру маңызды емес. Есесіне осы техниканың
арқасында бизнесіме де, өзіме де көп идеялар алдым, алға жылжыдым.
Оған мысал көп. Мəселен, ұжымдағы басты адамдарды қалай қызықтыру
керегін ойлап жүрдім. Сол кезде бізде мейрамхана басқарушы директоры
болды. Онда бекітілген жалақы, айналымнан проценттер, тағы да басқа
игіліктері бар еді. 2015 жылы Стамбұлға барғанда, осы тақырыпта 150
долларға
кітап
алдым.
Мақсат
айқын
еді
–
жаңағы
адамды
мотивациялаудың жолын табу. Алматыға келіп, кітаптарды ақтарып
отырғанмын.
Алғашқы
кітап,
алғашқы
бөлім,
алғашқы
абзац:
қызметкерлеріңізді партнер (серіктес) қылыңыз дейді. Бұл миллиардер,
əлемдегі ең бай түрік, банкир жəне бизнесмен, Гарвардтың МБА түлегі
Хусейн Озйегеннің
43
кітабы болатын. Мұндай адамға қалай сенбейсің?
Оның принциптері дұрыс болмаса, соншама жеңіске қалай жетер еді?
Кітапты жаба салып, іске кірістім. Нəтиже де жаман болған жоқ. Біз
жаңағы адам, операциялық кірістің проценттерін алады деп келістік. Келесі
айда оның жалақысы 100 мың теңгеге көбірек болды. Бірақ сонымен бірге,
ол 800 мың теңге үнемдеді. Демек, біздің табыс ай сайын 700 мың теңге
еді. Міне, қандай жақсы инвестиция – 150$ салып, 700 мың теңге пайда
табу.
Біздің «Rumi»-дің негізгі ерекшеліктерінің біріне айналған Masstige –
ол да кітаптан алынған ұғым. Бұл қолжетімді (mass) жəне беделді (prestige)
деген категорияларды біріктіреді. Оны əдетте косметикалық брендтер өте
жақсы пайдаланады. Nivea, L’Oreal, MaXFactor – осы салада өзін
дəлелдеген брендтер. Бір қарағанда қымбат та емес, бəрінің қолы жетеді,
қалтасы көтереді жəне сатып алуға да ұялмайсың. Merсі – қонаққа барғанда
сатып алғанды жақсы көретін тəттілеріміз. Сол 1500 теңгеге, «құрқол
бармас үшін» дейтін одан басқа, жақсырақ дүние сатып алуыңыз неғайбыл.
Сөйтіп, «Rumi»-де осы техниканы пайдалануға талпындық. Біздің
кейбір нүктелерімізде орташа чек «Starbucks»-тан арзанға шығады, бірақ
онда қандай жағдайда да, кіммен де баруға ұялмайсың. Достарыңызбен
кездесуге де, құдалық жасауға, сүйіктіңді кешкі асқа шақыруға, шетелдік
қонақтарды күтуге, іскерлік кездесу ұйымдастыруға да болады. «Би түсетін
үй» деген ұғым бар қазақта, біз сондай, министрді де күтуге болатын орын
жасадық.
Əдетте,
«Masstige»
категориясындағы
бренд
қалыптастыруда
антураждың орны орасан: «упаковка», «подача», т.б. Арзан бағада ұсынған
күннің өзінде, тауарды біздікінен үш есе қымбатқа сататын əріптестеріміз
секілді «упаковать» етіп беруіміз керек. Осы техника бизнес əлемінде 2003
жылдан бері бар. Неге бізде ешкім қолданбайды? Көрмей, білмей жүр ме?
Меніңше, бізде бизнес жасауды ақша салу, сосын күреп ақша табу деп қана
түсінетін секілді. Бизнес жасау үшін білім керегін, əлемдегі үздік
идеяларды кішкентай кəуапханада да қолдануға болатынын білмейді.
Білмейді емес, білімнің маңыздылығына мəн бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |