Екінші болма



Pdf көрінісі
бет85/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

Құрбандыққа  дайын  болу.  Əрине,  баланс  ұстағанға  не  жетсін!  Жеке
өмірің  мен  карьеранды,  той-думан  мен  интеллектуалдық  жетілуіңді,  т.с.с.
қатар  алып  жүруге  тырысу  керек.  Өйткені  бəрі  маңызды.  Құрбыларыңмен


кофе  ішу,  достарыңмен  көңіл  көтеру  –  ол  да  маңызды.  Өйткені  адам
бақытының  85  пайызы  оның  өзгелермен  қарым-қатынасының  сапасына
байланысты. Достық та адам үшін маңызды. Достықты сақтап тұру үшін де
күш керек, уақыт керек, жауапкершілік керек.
Бірақ  маңызды  нəрсе  мен  ең  маңызды  нəрсенің  арасында  да
айырмашылық  бар.  Егер  сенің  өмірлік  миссияңа  жетелейтін  жол  мен
достарыңмен кездесу тұрса, біріншісін таңдаған орынды. Приоритет болуы
керек,  приоритеттің  шекарасынан  шығатын  нəрселердің  бəріне  сыпайы,
батыл түрде, жымиып тұрып «жоқ» деп айта білу керек.
Мысалы,  Мұхтар  Мағауин  –  жазушы.  Ол  өзінің  өмірлік  миссиясын
қазақ  халқына  қызмет  ету  деп  санайды.  Ол  осы  жолда  белгілі
құрбандықтарға  да  əзір.  Ол  өзі  жазатындай,  тойларға  бармайды,  құда-
жекжат  «бір  шəугім  шайға»  келгенде  кабинетінен  шықпай  жұмыс  істейді,
балаларды  шулатқызбайды...  Қазақ  үшін  бұл  қаншалықты  қиын  болуы
мүмкін?  «Бір  түрлі»  дейтін  шығарсыз?  Ал  осының  бəрі  болмағанда,  біз
«Аласапарынды»  білмес  едік,  «Шақан  Шері»  мен  «Сары  қазақты»,
«Шыңғыс  ханды»  сүйсіне  оқымас  едік.  Бүкіл  халықтың  ұлттық  танымын
кеңейтіп,  ұлттық  мақтанышын  оятатын  шығармалар  маңызды  ма,
жазушының құдағиының көңілі маңызды ма? Айналасының бəрі біледі, ол
–  ерекше  адам.  Жəне  оның  ережелерімен  санасады.  Өзінің  уақытын,
өзгенің  уақытын  бағалайтын  қоғам,  осындай  адамдар  көп  болғанда
қалыптасады.
Бірақ Мағауин ғана емес, сен де ерекше адамсың.
Мейлі, сенде ондай жазушылық талант жоқ. Бірақ сенде басқа қабілет
бар  ғой.  Сенің  де  өмірлік  миссияң  бар.  Неге  ол  өзгелердің  жай  ғана  бос
уақытын өткізу үшін құрбан болып кетуі керек?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет