МАЙДA ЖЕҢІСТЕР НЕМЕСЕ ГИГАНТОМАНИЯНЫҢ АНТИПАЙДАЛАРЫ. Көпшілік гигантоманиямен ауырады. Бірден бастық болғысы, үлкен компания ашқысы, қомақты қаражат тапқысы келеді. Ақырында, бірден ауқымды, үлкен жауапкершілікті мойнымызға артып алғаннан кейін, тура сондай ауқымдағы сəтсіздікке ұшыраймыз. Кішкентай тетікті бекітіп жатса, «ұшақ құрастырып жатырмын» деп
қиялдап кетеді. Ал сол сəтте сенен тек тетікті барынша сапалы бекітуге
зейін қою ғана талап етіледі. Үлкен жобалармен ауырамызда, кішкентай
детальдардан қағыламыз. Бұл ертеңге əсер етеді ғой.
«ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕМІН» деп ауырғаннан гөрі жеңіске жеткізетін
нəрселермен ауырған дұрыс. Білім, шешендік, талғам, елден өзгеше ойлау.
Онымен бітпейді. Жеңіске кедергі келтіретін дүниелерді жолдан алып
тастау қажет болады.
Үлкен жеңістер көптеген кішігірім жеңістерден құралуы қажет. «Қалай
өзгерсем болады?», «Бизнесімді дамыту үшін не ітсеймін?» деп
жазатындар өте көп. Айтарым бір-ақ сөз: күнделікті кішігірім жеңістерге
жетіп отыр.
Жиырма бір күнде əдет қалыптасады дейді. Сенің сенімділігіңді
арттыратын, дамуына септігін тигізетін əрекеттерден баста. Жүгір, дұрыс
сөйле, əдептілік таныт, кітап оқы, өзіңе ұнайтын адамға ұқсауға тырыс.
Кішкентай жеңістердің дəмін татпаған адам, үлкен жеңістерге қол
жеткізбейді.