Екінші болма



Pdf көрінісі
бет81/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   127
ТАЙМ-МЕНЕДЖМЕНТТІҢ
ҚАЗАҚША
НҰСҚАСЫ
ЖƏНЕ
ЭНЕРГИЯНЫ БАСҚАРУ
«Уақыт – ақша» деген сөзді бəріміз естігенбіз. Басқаша айтқанда, əр
секундтың ақша эквивалентінде санауға болатын бағасы (opportunity cost)
бар.  Сондықтан  адамдар  осы  уақытты  эффективті  басқаруға  тырыса
бастады.
Уақытты  басқару,  былайша  айтқанда  тайм-менеджмент  деген  –
қазіргі  заманғы  ең  трендті  тақырыптардың  бірі.  Бірақ  парадоксты  қара,
уақыт  ешкімге  де  бағынбайды.  Уақыт  біз  келгенге  дейін  болған,  біз
кеткеннен кейін де болады. Уақыт біздің алақанымызда емес, біз уақыттың
алақанында өмір сүреміз. Яғни уақытты басқару деген – нонсенс. Мысалы,
машинаны басқара аласың.
Тоқтату  үшін  тежегішті  бассаң,  ол  тоқтайды.  Газды  бассаң,  жүреді.
Уақыт  ондай  емес  қой.  Сондықтан  тайм-менеджмент  –  уақытты  басқару
деген ұғым түбегейлі қате.
Колледжде  оқыған  кезімде,  мықты  ұстазым  болды.  Оның  пікірін
бағалайтындар  көп  еді.  Сондықтан  кеңес  сұрап  көп  адам  келетін.  Оның
ішінде  эффективті  тайм-менеджментке  қатысты.  Неге  екенін,  тайм-


менеджмент  десе  бəрімізге  алдымен  «ұйқыны  қысқарту  керек»  деген  ой
келетін.  Бірақ  оның  бізді  таңғалдырғаны  əлі  есімде.  Сонда  айтқаны:  «Аз
ұйықтауға  тырысып  керегі  жоқ,  ояу  жүрген  кезінде  өнімді  болуға  тырысу
керек», – деді. Демек, «ұйқыны ойлама, ояу жүргенде қатырып ал».
Мысалы,  ораза  кезін,  Рамазан  айын  алшы.  Түстің  кезінде  бірден  үш
сағатқа байып кетесің.
Сонымен,  бəріне  үлгеріп,  нəтижелі  болудың  құпиясы  неде?  Өзімізді
басқару  туралы  айтқанда,  біз  өзіміздің  энергиямызды  меңзесек  керек.
Белгілі  бір  уақыт  көлемінде  бір  істі  орындауға  жұмсайтын  энергиямыз.
Басқаша  айтқанда,  ақша  деген  уақыт  емес,  ақша  деген  энергия.  Сенде
энергия  бар.  Менде  де  бар.  Бəрімізде  өлшеулі  энергия  бар.  Ұйықтасаң  да,
қыдырсаң да, бұлттарға қарап отырсаң да жаратасың. Жеңіске жұмсасаң да
жаратасын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет