Бəріне ұнауың мақсатта емес. Сенің мақсатың – алдымен өзіңе ұнау.
Өзіңнің ұстанымдарыңа адал болу. Содан кейін өзгелердің үдесінен шығу.
Стивен Кови: «Адамды арман жетелеу керек, бірақ ол принциптерге
сүйенуі керек», – дейді. Принциптері бар адам қандай? Кедейлік оның
абыройын таптамайды, ал байлық тəкəппарлығын оятпайды.
Принцип – адамның өзін бағалауының шкаласы.
Принциптерден аттаған кезде өзіңе ұнамайсың, принциптерге сəйкес
кезінде өзіңмен келісімдесің.
Иə,
біреудің жолын кесіп, аттап, таптап, алаяқтық жасап байып кетуге
болады. Бірақ байлық жеңіс пе? А.Балабановтың
70
культке айналған
«Бауыр» деген фильмінде («Брат», 1996) Данила сұрайтын еді: «Күш неде?
Мысалы, менің ағам айтады, ақшада дейді. Ал, ақшам бар дейік. Ал не
болды? Мен ойлаймын: күш – шындықта. Шындық кімнің жағында – сол
күшті. Сен біреуді алдадың,
ақша жасадың, содан күшті болып кеттің бе?
Жоқ, болған жоқсың. Өйткені əділет сен жақта емес. Əділет алданған адам
жағында. Демек, ол күштірек. Солай емес пе?».
Гай Кавасаки «Стартап по Кавасаки. Проверенные
методы начала
любого дела» атты кітабында былай дейді:
«Өнегелі адам болу деген – өте құнды қасиет. Оның арқасында
адамдар сізді əдепті, шыншыл деп санайтын болады жəне сізбен тілдескісі
келеді. Оған қоса бұл – құрметтің ең жоғарғы формасы мен мансаптың
шыңы.
Мен сіздің көп ақша тауып, үлкен мекеме құрудан əрірек
барғаныңызды қалар едім». Жəне өнегелі адамның ең бірінші қасиеті деп
жақсылықты қайтара алмайтын адамдарға жасауды айтады. Одан əрі
марапат күтпей жақсылық жасауды айтады. Шынында да жақсылық үшін
марапат кейде өзіңнің көтеріңкі көңіл-күй мен жақсылық жасадым деген
сенімің ғана болуы мүмкін. Соның өзі жеткіліктіден де көп. Адам
əлеуметтік жаратылыс жəне көбінесе оның тамақ ішуге, ұйықтауға деген
қажеттілігі сияқты, жақсылық жасауға да қажеттілігі болады. Өзіңді кем
бағалама. Жақсылықты риясыз жаса.
Достарыңызбен бөлісу: