айтылмаған.
Егер
ол
дұрыс
сұрақ
қоя
алса,
онда
ол
өзін
қанағаттандырарлық дұрыс жауап алып кетеді.
Сұрақ қою – ең оңай іс, себебі, еш кедергі жоқ.
Сұрақ қоя салсаң
болғаны. Ал пайдалы, көмекші жəне тежеуші емес, итермелеуші,
жетелеуші сұрақ қою – ең қиын іс.
Біздің «Versus» академиясына кəсібімді бастаймын деп көптеген
азаматтар келеді. Олардың қандай қабілеті бар екенін,
немен айналысқысы
келетінін біліп, тұлға ретінде алдыма келген адамды ашу үшін, оған дұрыс
сұрақ қоя алмасам, оны дамытуға да, оның өзгеруіне де, бизнес ашуына да
көмектесе алмас едім. Сондықтан да біз дұрыс сұрақ қоюды үйренуіміз
керек.
Балаң келіп, тағы бір ойыншық немесе смартфонның жаңарған түрін
алып бер десе, «Бұл саған расымен де керек пе?», «Не үшін қолданасың?»
деп сұрасаң, балаң шын мəнісінде де бұл маған қажет пе деп ойлана
бастайды. Дұрыс сұрақ қоюды, ол сұраққа дұрыс жауап беруді кішкентай
кезден үйрету керек.
Өзіңді, өмірді, айналадағы адамдарды кінəлай бермей, «табысты
болуға лайықтымын ба?», «бұл жолы не істедім?», «не істей аламын?»,
«қалай дамыдым?» деген
сұрақтарды қою арқылы, мəселенің негізгі
себебіне жетесің. Бəлкім, дөңгелетіп алып кете алмай отырған ісіңді
жүргізе беріп, бір орынды таптай бергеннен гөрі, салаңды ауыстыру керек
шығар? Осындай сұрақтардың өздері адамның өмірін қатты өзгертеді.
Бір жігіттің оқиғасы есіме түсіп отыр. «Жас кезімде ойландым, бойым
кішкентай, түріме келсем,
Ален Делон
22
емеспін. Əдемі қыздардың
барлығы бойы сұңғақ, спортпен айналысатын жігіттерге қарайды.
Басқалардан ерекшеленбесем, көш соңында қалып қоямын. Болашақта
бəсекеге қабілетті бола алмай қаламын» деп ойлайды. «Өзімді қалай
өзгертуім керек?» –
деген сұрақ қойып, қазіргі таңда ол үлкен жеңістерге
жетті, бірнеше кəсібі бар.
Келіссөздер кезінде де үлкен адамдардың дұрыс сұрақ қоя алмауының
себебінен, мықты іскерлік келісімдердің жасалмағанын білемін. Оған қоса
екі тарап бір-біріне өкпелі болып қайтады. Негізінде, адамның қандай
екенін үш-ақ сұрақпен
анықтап алуға болады дейді, бұл туралы жазылған
кітаптар да көп. Мысал ретінде айтып берейін. «Versus» академиясында
оқып жүрген кəсіпкер жігіттермен осы тəсілді қолданып көруді жөн көрдік.
Арамыздағы бір жігіт жақын арада инвестормен кездеспекші еді. Сол
кездесу барысында қойылатын бірінші үш сұрақты анықтадық. Біріншісі:
«Сіздің бұған дейін осындай салаға ақша салған тəжірибеңіз болды ма?» –
деген сұрақ болды. Бұл сұрақ арқылы алдыңда отырған адаммен əрі қарай
сұхбат жүргізу, бизнес жасау керек пе, керек емес пе екенін анықтап
аласың. Себебі, тəжірибесі жоқ адаммен бизнес бастау қиындау болады, ал
бұны келісімге
келіп алғаннан кейін емес, келіссөздің бірінші минутында-
ақ анықтай аласың.
Адамдардың көбісі жаңа бірдеңе ойластырып шығаруға, оған басын
байлауға құмар болады. Ал Google онда не үшін? Сен оған қандай сұрақ
қойсаң, ол соған байланысты жауап береді. Google-дан көптеген пайдалы
ақпарат алуға, көптеген мəселенің шешімін табуға болады.
Бар
болғаны, не керек екенін түсіну, сұрақты дұрыс құрастыру жəне
ақпаратты пайдалана білу.
Достарыңызбен бөлісу: