Проблема болмаса, сен дамымайсың, өзіңе нысана таңдай алмайсың,
білім алмайсың, үйренбейсің. Ал нақты проблемалардың шешімін тапқан
кезде, білімің көбейеді. Сондықтан да проблема мен дискомфорттың
аражігін ажыратып алу маңызды.
Проблеманы өзіміз жасап аламыз дегенді Батыста көбіне «выйти из
зоны комфорта» дейді. Əрине, қиын жағдайға түскенді кім қалар
дейсің? Қазіргі жазғаныма таңғалатын шығарсың да. Бірақ, өз басымнан
өткен соң, айтып жатырмын: проблеманы өзіміз туындатуымыз керек.
Түсінікті болу үшін, мысал келтірейін. Астана қаласында «Керуен» сауда
орталығында «Rumi» мейрамханасын аштық, СЭC-тен анықтама алдық.
Мейрамханадағы азық-түлік (тағам) қауіпсіздігіне
жауап беретін маман бар,
көзінен көрініп тұр, жұмысына көңілі толады, барлығын талаптарға сай
жасауға тырысқан, дəйектемені де алған. «Он мен бiрдiң аралығында
жұмысыңызды қаншаға бағалайсыз?» деп сұрадым.
Жауабы «Сегіз», «Ал мен үшке» дедім. Өзі үлкен адам, көз жанары
жəудіреп, жылағасы келіп кетті. Түсіндірдім:
«Бастапқыда біз минус 5-те болғанбыз, ал сіз жұмысыңызды сегізге
бағаласаңыз, демек, сегіз пункт көтерілдіңіз, бірақ онға жеткен жоқсыз».
Осы жерде, «Үміткерлерге» оралайық. Олар панасыз иттер орталығына 600
мың теңге тапқанымен, қатты риза болған жоқпын. Себебі, олардың бұдан
да жақсы нəтиже көрсетуіне барлық мүмкіндіктері болған.
Араларында
төрт тіл білетін адам бар, тəжірибелі, мықты маман, ерікті, дарынды
дизайнер бар. Олардың дəрежесіне бұл нəтиже сай келмейді. Бұндағы
мəселе мынада: олар өздерін кешегі нұсқаларымен салыстырып, осы
тапқан табыстарына мəз болды, ал егер өздерінің мінсіз нұсқасына
талпынса, одан да жақсы нəтиже көрсетіп, панасыз иттер орталығына одан
да қомақты көмек берер еді. Сол сияқты, тағамдардың қауіпсіздігіне жауап
беретін маман СЭС-тің талаптары бойынша емес,
бізде бар HASP-тың
талаптарына сəйкестендіріп жасаса, əлдеқайда көп жұмыс жасалатын еді.
Əлгі адамды ертіп жүріп, минустарды түртіп, көрсетіп шықтым. Ал егер ол
HASP бойынша жасауға талпынғанда, мен көрсеткен минустарды өзіне
туындаған мəселе ретінде бұрыннан қарастырып, барлығын жөндеп қойса,
өз жұмысын одан да жоғары бағалайтын еді. Сондықтан да екінші болмау
жолында, не біз өзімізге-өзіміз мəселе тауып аламыз немесе біздің
басымызға өмірдің өзі мəселе «жасап береді». Бұл «проблемалар» – сізге
жоғарыдан сыбырлап айтылып тұрған ақыл. Ол қайда бару жəне немен
айналысу керек екенін сілтеп тұр.
Хазірет Əлидің
45
«Егер өзіне-өзің бұл дүниеде есеп бермесең, о
дүниеде есеп бере алмайсың» деген сөзі бар. Нені меңзеді екен деп
ойландым. Ұлы Абай да «Күніне бір рет болса да, өзіңе есеп беруің керек,
болмаса аптасына бір рет, болмаса айына бір рет, болмаса жылына, тіпті
болмаса, өміріңде бір рет» деген.
Өз өмірімнен мысал келтірейін: алдыңғы жылы інім Дархан мырза
«Сылтау айта берсең, үйренбейсің» деп мені шаңғы тебуді үйренуге
шақырды. Əрине, барғым келмеді, себебі, экипировкам жоқ, шаңғым жоқ,
шаршап тұрмын деп сылтау айтқым-ақ келді,
бірақ қажеттiнiң барлығын
жалға алып, баруға бел будым. Дархан мырза мен Бекбота мырза
Шымбұлаққа апарып, ең жоғарғы шыңына шығарып, қалдырып кетті.
Бірінші рет шаңғымен таудан түскендіктен, əрине, бірнеше рет құладым,
үсті-басым, киімнің іші түгелдей қар, су болды, біраздан соң аяғым талды,
сондықтан мені құтқарушылар төменге түсірді.
Сол кезде бұл өмірде менен сорлы адам жоқ-ау деп ойладым.
Шынымен де, таудың шыңында тұрып, шаңғымен түсе алмаған кезде, неге
бұл мені қолымнан келмеді деп ойладым. Бірақ, өз-өзіме «шаңғы тебуді
үйренемін» деп сөз бердім. Кешке қалаға түсе салып толықтай экипировка
сатып алдым, шаңғы алдым. Сол күннен бастап амал жоқтан, намысқа
тырысқандықтан,
үйрендім.
Google-дан
оқыдым,
YouTube-тан
бейнероликтер қарадым.
Сөйтсем, қиын ештеңесі жоқ, тоқтаудың,
бұрылудың бірнеше тəсілі бар екен, соны үйрендім. Егер Дархан мырза
таудың шыңында тастап кетпесе, əлі күнге шаңғы тебе алмас едім. Кейін
білдім, көп кəсіпкерлер сол Шымбұлақта кездеседі екен. Негізі, танысқым
келіп жүрген, ойы маған қызық азамат бар – Айдан Карибжанов. Білесіздер
ме, шаңғы теуіп жүріп, сол адаммен таныстым. Егер, сол кезде өз-өзіме
проблема жасап алып, он сегіз күннің ішінде таңғы тебуді үйренбегенімде,
қазіргі таңда бұл адаммен аралас-құралас болмайтын едім, ол адам «Rumi»-
ге келмейтін еді.
Шаңғы теуіп, бейресми жерде кездескенде де өзіңнің
басқа да əріптестеріңе қатысты көптеген мəселенің шешімін табуға болады
екен. Егер де мен сол кезде уақтылы, өзіме-өзім «проблема» тауып
алмасам, ертең өмірдің өзі барлығын қиындатар ма еді?
Кез келген нəрсеге «қойшы» деп қолды сілтей салмай, проблеманы
шешу керек. Оның шешімін тапқан кезде біріншіден, білім, екіншіден,
тəжірибе, үшіншіден, өзіне деген сенімділік пайда болады.
Сондықтан проблеманы өз қолымыздай жасап аламыз. Талай
адамдардың жол апатынан өмірі қиылып кетіп жатыр. Бұл əрине, өмірдің
өзі тудырған проблема, бірақ көбінесе
автокөліктегі техникалық
ақаулардың себебінен жол апаты болады. Жолға шықпас бұрын, адам өзіне-
өзі проблема ойлап тауып, көлігін қарап шықса немесе мамандарға
көрсетсе, бəлкім барлығы басқаша болар еді ғой.
Біреулер болмайтын нəрседен проблема жасау – тырнақ астынан кір
іздегенмен бірдей болып көрінеді деп ойлауы мүмкін. Бірақ, егер сен
біреуге проблема туындатсаң, ол тырнақ астынан кір іздеу болып көрінуі
мүмкін, ал өзіңнің тырнағыңның астынан кір іздесең, онда сен
шыңдаласың, өзіңнің идеалды нұсқаңа жетесің жəне сенің кəсiбилігің
артады.
Достарыңызбен бөлісу: