Екінші болма


Образ таңдау техникасының ең үлкен пайдасы – адам өзін шектеп



Pdf көрінісі
бет63/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

Образ таңдау техникасының ең үлкен пайдасы – адам өзін шектеп
тұрған  бүгінгі  факторлардан  алшақтай  алады.  Өзіне  өзге  тұлғаның
көзімен қарау арқылы сыртқы көріністі қабылдайды.
Əдетте  ол  көрініс  көбімізге  ұнамайды.  Сəйкесінше,  əрекеттерімізде
басымдық таныта бастаймыз. Образ таңдаудың қаупі де жоқ емес. Өкінішке


қарай,  пір  тұту  мен  образ  таңдаудың  арасы  өте  жақын.  Мамандардың
пікірінше,  ішкі  тұлғалық  «мен»  толық  қалыптаспағанда,  яғни  «толық
адамға»  жетпегенде  образдағы  адам  пірге  айналып,  оның  əрекеттері
шүбəсіз қабылданып кете береді.
Ерекше  ойлайтын,  дарынды  адамдарды  көбінесе  «қияли»  деп
ойлаймыз.  Осы  адамдарға  деген  көзқарасымыз,  əзілге  қосып,  оларға
күлуіміз,  олардың  ішіндегі  барлық  ерекшеліктерін  сөндіріп  тастайды,
олардың  өмірде  өз  орындарын  таппауының  да  негізгі  себебі  осында.  Ал
негізінде,  керісінше  Құдайдың  берген  қабілетін  дамыту  керек,  ол  –
жоғарыдан берілген кеңес. Көптеген адам:
«Қандай  бизнес  бастасам  екен?»,  –  деп  ақыл  сұрап  келеді  де,  идеяны
сырттан  іздестіре  бастайды:  «Біреу  үлкен  дүкен  ашты,  мен  де  ашамын,
досым  тауар  жеткізумен  айналысады,  мен  де  сондай  фирма  ашамын...».
Бірақ,  неге  біреудiкiн  қайталау  керек,  сені  ерекшелеп  тұрған  өзіңнің
қабілетің,  осыған  дейін  жинаған  білімің  бар  ғой.  Мəселенің  шешімін
өзімізден, ішімізге үңіліп іздеуіміз керек, Əйгілі маркетолог Филип Котлер
«Ерекшелен,  немесе  өл»  дейді.  Қазіргі  заманда  өмірде,  бизнесте,  нарықта
болсын өзгешеленбесең, артта қалып қаласың.
Маған  жұмыс  іздеп  күніне  он  бес  адам  келеді.  Олардың  айтатын
жауабы,  түр  келбеті  бірдей  болып  көрінуі  мүмкін,  бірақ  араларында
басқалардан  ерекшеленіп  тұратындары  кездеседі,  сондай  адамдарға  мəн
беремін.  Себебі  олар  тың  идея,  жаңа  ойлар  енгізе  алады.  Бизнесте  де  дəл
солай,  егер  бəсекелестеріңнен  өзгешеленбесең,  табысың  да,  беделің  де
олардан жоғары болмайды.
Қорытындылап  айтқанда,  ерекше  болудан  қорықпа,  не  болмаса  Абай
Құнанбаев айтқандай: «Болмасаң да ұқсап бақ!».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет