Маңызды VS жедел. Стивен
Кови
52
:
«Өз
əрекеттеріңізді
приоритеттерге сай ұйымдастырыңыз», – дейді. Жедел істеуге тиіс,
күттірмейтін істер болады жəне маңызды істер болады. Мəселен, бүгiн
сағат бірде түскі ас ішуің керек. Бұл – жедел іс. Басқару стильдері бойынша
бір конференция күтіп тұр. Конференцияда сөйлейтін пəленше де пəленше
деген адамды басқа жерде кездестіруің неғайбыл. Ал саған сол адаммен
қалай да байланыс орнату керек. Қайсысы маңыздырақ?
Осы сəттегі назарыңды талап ететін нəрсенің бəрі соншалықты
маңызды болмауы мүмкін. Ковидің тілімен айтқанда «табан асты нəтижеге
əкелуі» шарт емес. «Жедел» мен «маңыз» қатар тұрғанда, екіншісін таңда.
Бірақ дегеніне жеткізетін шаруалар көбірек энергияны талап етеді. Оларды
қолға алу үшін бастамашыл, проактив болу керек. Тасбақаны сауытынан
шығу керек.
Маңызды істер кейде жедел болмауы мүмкін, бірақ бұл олардың
маңыздылығын жоймайды. Мысалы, өмірлік миссияны анықтау, ұзақ
мерзімді жоспар құру, адамдармен қарым-қатынасымызды түзеу... Бұл
жедел болып көрінбегендіктен, көп адамдар олар туралы ұмытып кетеді де,
соның зардабын тартады.