Екінші болма


Кездесетін  адамың  туралы  ақпарат  ізде



Pdf көрінісі
бет92/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   127
Кездесетін  адамың  туралы  ақпарат  ізде.  Əсіресе,  ол  саған  «керек»
болса.  Google-дан  ізде,  Facebook,  Twitter,  Instagram,  «В  Контакте»  желісін
ақтар,  таныстарыңнан  сұра.  Қысқасы,  оның  немен  айналысатынынан
хабардар  бол.  Ақпаратты  басқарған  адам,  ситуацияны  да  басқарады.
Сөйлесетінің  кəсіпкер  болса,  оның  өнімінің  (тауарынын)  дəмін  татып  көр.
Маған  іскерлік  қарым-қатынас  ұсынып,  ешқашан  «Rumi»-де  болмадым
деген  адаммен  сөйлессем,  өзімді  қолайсыз  сезінемін.  Əдетте  алдымен
біздің  мейрамханаға  барып  көруін  сұраймын,  содан  кейін  ғана  кездесуге
келемін.
Сонда
немен
айналысатыныңды
түсіндіріп
уақыт
шығындамайсың.
Егер  іскерлік  қарым-қатынас,  орнатқың  келсе  оның  айналасын
зертте.  Ортақ  жоба  бастағалы  тұрған  адамның  айналасына  назар  аудар:
оны қоршаған адамдар қалай киінеді, қандай көлік мінеді, не ішеді, қанша
уақыттан  бері  жанында...  2011  жылы  бір  кəсіпкер  бірлесіп  жұмыс  істеуді
ұсынды.  Естуімше,  сол  кезде  оның  есепшоты  19  миллион  доллар
шамасында еді. Бірақ, қасындағы орынбасарына қарап, олардың осыншама
табыс  табатынына  сенбейсің.  Оң  қолы  болып  саналатын,  компанияға
жылына  800  мың  доллар  шамасында  табыс  тауып  беретін  қызметкері  75
мың  теңгеге  пəтер  жалдап  тұратын,  автокөлігі  арзан,  киімі  мен  стилі  де
атқарып  жүрген  қызметіне  сəйкес  келмейтін.  Сол  кезде  түйгенім:  басқа
біреуді жарылқамаған адам, сені де жарылқамайды. Сондықтан да біреумен
жұмыс  істемес  бұрын,  оның  басқаларға  деген  қарым-қатынасына  назар
аудар.
Таразда  жүрген  кезде,  бір  адам  мал  шаруашылығымен  айналысуды
ұсынды, оны əкем қолдап, ет сатып табыс табуды жөн көрді. Бұны қайдан
көрдіңіз,  идея  қайдан  келді  деп  сұрағанымда,  əкем  мен  сол  танысына
апарды. Барсам, үйі зəулім сарайдай, мінген автокөлігі үлкен, сол кезде бұл
кəсіптің жақсы пайда əкелетінін түсіндім.
Бір  адам  жақында  ғана  Өзбекстаннан  жеміс-жидек  əкеліп,  оларды
өткізумен  айналысайық  деп  ұсыныс  жасады.  Бірақ  өзінің  түр-сипатына
қарап,  оның  сондай  жұмысты  алып  кете  алатынына,  жеңіске  жеткізетініне
сенбейсің.  Бұндағы  айтайын  деген  негізгі  идеям  –  адамның  өзі  жақсы
болмай,  өзгенің  жақсы  болуына  көмектеспейді.  Өзін  жарылқамаған  адам,
басқаны  да  жарылқамайды.  Сондықтан  да  кез  келген  жұмысты  бастамас


бұрын,  адамның  өзіне  жəне  оны  қоршаған  адамдарға  үлкен  назар  аудару
бұл  өте  қажет  лайфхак  деп  есептеймін.  Бұны  Олег  Тиньков  та  əрдайым
айтып  жүреді.  Сондықтан  мен  де  өзімнің  осы  бақылауыммен  бөліскенді
жөн көрдім.
Егер  адамға  қатысты  ұзақ  мерзімді  жоспарың  болса,  түсінбеушілікке
жол  берме.  Бірде  менің  танасым  «Rumi»-ден  ас  ішті.  Мəзірден  тапсырыс
беріп,  өзі  санап  та  қойыпты.  Бірақ  10%  қызмет  ақысын  қоспаған.
Ақырында өзі күткеннен 9 мың теңгеге көбірек төледі. Сөйтіп, ашуланды.
Оған
біздегі
жағдайды
түсіндірдім,
ол
Түркияда
пайыздар
болмайтынын,  «Rumi»  əлі  Кеңес  Одағында  жүргенін  айтып  біраз  тулады.
Ақырында  ақшасын  қайтарып  бердік.  Кейін  сол  адам  маған  келіп,  бірге
жұмыс  істегісі  келгенін  айтты.  Қалай  ойлайсың,  біз  оның  ұсынысын
қабылдадық па?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет