тұра, мейрамханамның ішін таза ұстайтынына кім кепіл? Адам қандай
болса, оның кəсібі де, істеп жүрген жұмысы да дəл сондай.
«Rumi»-ді
ашпай тұрып, қарызға белшемнен батып жүрсем де, сапалы
мейрамханаларға барып, дəмді тағам жейтінмін. Қарызға ақша алып, сол
мейрамханада қалдырып кетемін. Бірде інім Дархан мырза менің досыммен
мейрамханада отырғанымды көріп қалып: «Қарыздарымыз бастан асады,
бизнесіміз жүрмей жатыр, сен болсаң мейрамханада отырсың», – деп
ұрысқаны есімде. Бірақ, сол уақыттағы осындай əрекеттерім мені осы
дəрежеге көтерді ғой.
Адамдарға осыны жеткізгім келеді. Олардың қателігі, өзін емес,
жұмысын немесе бизнесін бірінші орынға қоюы. Бірақ жұмыс істейтін,
кəсіпті дамытатын өзі емес пе? Сол себепті, өзімізге көңіл бөлуіміз керек.
Кітаптың
басынан-аяғына дейін жазып, сенімен бөліскен тəжірибем мені
осы деңгейге көтерді. Сапалы адам жақсы нəтиже көрсете алады, жеңіске
де жетеді, жақсы ақша да табады, егер өзін жеңе білсе, оқыса, дамыса, өзін
жəне өзінің өмірінің сапасын жақсартса ғана.
ШЕДЕВР
Бізде «шедевр тек қана ұлы адамдарға тəн» деген жаңсақ пікір бар.
Бетховеннің 5 симфониясы, Майкл Фелпстің əлемнің 26 дүркін чемпионы
болуы, Нұрғиса Тілендиевтің «Отырар сазы» ансамблін құруы, Шəмші
Қалдаяқовтың қазақ вальсінің атасы атануы сияқты биіктер, тек ұлы
адамдардың қолынан келеді деп ойлаймыз. Əрине, олардың бұл
туындыларының, жұмыстарының шедевр екеніне сөз жоқ. Бірақ біз де
«болмасаң да, ұқсап бақ» деген қағиданы ұстанатындықтан, өз
саламызда шедеврге мəн беруіміз керек.
2017-жылы «Rumi Group» командасы болып Мəскеу қаласына
жəрмеңкеге барғанда, əуежайдан бізді «Wheely» такси қызметінің
автокөліктері мен жүргізушілері қарсы алды. Əдемі, қара «Mercedes-Benz»
3 автокөлігі тұр екен, бес сағаттық рейстен кейін, шаршап тұрғанында
ұқыпты, əдемі киінген көлік жүргізушілерімен автокөліктер көз қуантады.
Көліктің іші таза,
су мен сағыз дайын тұр, жүргізуші қандай музыка
тыңдағыңыз келеді деп, сенің не қалайтыныңды сұрайды. Қарап отырсаң,
жай ғана көлік жүргізушісі, бірақ тəнті боласың, қызығасың. Жүргізуші
болса да өз саласында, өз əлемінде шедевр жасап жүр.
«Үміткер» реалити-шоуының жеңімпазы Арман Шуманахтың ақтық
сайыста жасаған презентациясы ол да бір шедевр: басы бар, аяғы бар,
таңдаған шрифті əдемі.
Біздің «Rumi Group» мейрамханаларының тағамдарын түсіретін
фотограф бар. Енді, қазіргі таңда foodphoto дамыған ғой,
бірақ ол
басқалардан ерекше, өз ісін шедеврге айналдырған маман. Тағамдардың
суретін дискіге жүктеп бізге береді, бірақ дискінің сыртын да əдемілеп
əрлеп, тапсырыс берушіге ыңғайын келтіріп жасайды.
Біз шедевр жасауға лайықты адамбыз. Ол үшін симфония жазып, кино
түсірудің қажеті жоқ. Өміріміздің өзі – кино, өзі – театр. Сондықтан да əр
қойылымымыз, əр сəтіміз шедевр болса, кейін бүкіл өміріміз де шедеврге
айналады. Сондықтан да əрбір істі, ол əуежайдан қонақ күту болсын,
тұсаукесер жасау немесе суретке түсіру болсын, жазған хат немесе есеп
болсын, шедевр етіп жасау керек.
Əлі есімде, 2010 жылы бастықтарым Түркияға жиналғанда: «Қуаныш
Түркияда оқыдың ғой, бізге бір экскурсиялық бағдарлама жасап берші», –
деп өтініш білдірді. 2009 жылы Түркияға Елбасымыз келген, сол кезде
оның қарамағындағы азаматтардан Президенттің күн тəртібіндегі
барлық
кездесулердің минутына дейiн жазылғанын көрдім. Содан соң, мен де кесте
түрінде əдемі бағдарлама жасадым. Əр минутына дейін, ауа райына дейін,
мысалы, «Сағат он бірде қонақ үйдің алдынан көлік күтіп алады. Ауа
температурасы плюс тоғыз градус, сондықтан жылы киініп алыңыз. Күн
бұлтты болады, қолшатырыңызды ұмытпаңыз» деп жаздым. Қолымнан
келгенше бұлттың суретін, баратын жерлерінің картасын салып, барлығын
қамтып, А4 форматтағы қағазға бағдарлама жазып бердім.
Сол кезде
бастығым: «Қуаныш, қалай керемет жаздың», – деп таңғалған.
Егер өмірінде кез келген жұмысты «шедевр жасаймын» деген ниетпен
жасамасаң, сен бiл, өз жолыңды -1 болып, бір қадам арттан бастадың.
Артқа шегініп бастадың, себебі, сенің ниетiң дұрыс емес, бастамай тұрып
«жеңіске жетемін» деген ойың жоқ. Əр бастамамыз – үлкен іс, алға
жасалған қадам. Мысалы, қазір сенің осы кітапты оқып отырғаның,
өміріңнің бір бөлігін алады. Ал егер сен бұл кітапты дұрыстап оқымасаң,
уақытың, өміріңнің бір бөлігі зая кетеді.
Адамдар ғұмырының 1/3 (үштен бір) бөлігін жұмыспен өткізеді. Егер
жұмысымызды жақсылап жасамасақ, біздің өміріміздің 1/3 бөлігі шедевр
болған жоқ. Демек, статистиканың құрбаны болған
мыңдаған өмірлердің
бірі болып қаламыз.
Достарыңызбен бөлісу: