3. Құрылысты толық аяқтау туралы шарт жасасу кезiнде мердiгер өзiне құрылыс және оны қамтамасыз ету жөнiндегi барлық мiндеттеменi алады және шарт ережелерiне сәйкес тапсырысшыға пайдалануға дайын объектiнi тапсыруға тиiс.
4. Аяқталмаған құрылысты тапсырыс берушіге тапсырғанға дейiн және жұмыстарға төлем жасалғанға дейiн мердігер (үлестік тұрғын үй құрылысының объектілерін қоспағанда) оның меншік иесi болып табылады.
652-бап. Құрылыс мердiгерлiгi шарты бойынша тәуекелдi бөлісу
Құрылыс объектiсi жұмысты өткiзудiң шартта белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн дүлей күштiң салдарынан қираған немесе бүлiнген кезде тапсырысшы, орындалған және (немесе) қалпына келтiру жұмыстарының құнын төлеуге мiндеттi
Шартта мердiгердiң тәуекелдерiн сақтандыру көзделуi мүмкiн. Бұл жағдайда сақтандыру жөнiндегi шығындар орындалған жұмыстар үшiн сыйақыны айқындау кезiнде ескерiлетiн құрылыс жөнiндегі шығыстарға енгiзiледi.
664-бап. Мердiгердiң жұмыстардың сапасы үшiн жауаптылығы
Мердiгер шартта, жобада және тараптар үшiн мiндеттi құрылыс нормалары мен ережелерінде көзделген талаптардан жол берілген ауытқулар үшін, сондай-ақ құрылыс объектiсiнiң жобалық-сметалық құжаттамада көрсетiлген көрсеткiштерiне, оның iшiнде кәсiпорынның өндiрiстiк қуаты сияқты көрсеткiштерге жете алмағандығы үшiн тапсырысшының алдында жауапты болады.
Yйдi немесе ғимаратты қайта жаңғырту кезінде (жаңартқанда, қайта салғанда, қалпына келтiргенде және т.б.) мердiгерге үйдiң, ғимараттың немесе оның бөлігінің беріктігін, орнықтылығын, сенімділігін төмендеткені немесе жойғаны үшін жауаптылық жүктеледі.