екiншi тараптың (тапсырысшының)


-бап. Тапсырысшы берген мүлiктiң сақталмағаны үшiн мердiгердiң жауаптылығы



бет4/10
Дата24.06.2023
өлшемі220,46 Kb.
#103314
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
merdiger shart

626-бап. Тапсырысшы берген мүлiктiң сақталмағаны үшiн мердiгердiң жауаптылығы


Мердiгерлiк шартты орындауға байланысты мердiгердiң иелiгiне өткен заттарды немесе өзге де мүлiктi өңдеу үшiн тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың сақталмағаны үшiн мердiгер жауапты болады.

627-бап. Тапсырысшының жұмыстарды орындау кезiндегi құқықтары


1. Тапсырысшы мердiгердiң қызметiне араласпай, кез келген уақытта жұмыстың барысы мен сапасын тексеруге құқылы.
2. Егер мердiгер шартты орындауға уақытылы кiрiспесе немесе жұмысты соншалықты баяу орындап, оны мерзiмiнде аяқтау көрiнеу мүмкiн болмаса, тапсырысшы шарттан бас тартуға және шеккен залалдарын өтеудi талап етуге құқылы.
3. Егер жұмыстың орындалу барысында оның тиiстi дәрежеде орындалмайтыны анық болса, тапсырысшы мердiгерге кемшiлiктердi жою үшiн қисынды мерзiм белгiлеуге және мердiгер белгiленген мерзiмде ол талапты орындамаған жағдайда шарттан бас тартуға не жұмысты түзетудi мердiгердiң есебiнен үшiншi тұлғаға тапсыруға, сондай-ақ залалдарын өтеудi талап етуге құқылы.
4. Тапсырысшы жұмысты өзiне өткiзгенге дейiн кез келген уақытта мердiгерге тапсырысшының шарттан бас тартқаны туралы хабарлама алғанға дейін орындаған жұмысы үшiн ақы төлеп, мердiгерлiк шарттан бас тарта алады. Тапсырысшы мердiгерге орындалған жұмыс үшiн төленген бағаның бөлiгi мен барлық жұмыс үшiн белгiленген бағаның арасындағы айырма шегiнде шарттың тоқтатылуынан келтiрiлген залалды өтеуге де мiндеттi.

628-бап. Мердiгер тапсырысшыға Ескертуге мiндеттi мән-жайлар:

  • 1. Мердiгер:
  • 1) тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, техникалық құжаттаманың немесе өңдеуге берiлген заттың жарамсыздығы немесе сапасыздығы;
  • 2) оның жұмысты атқару әдiсi туралы нұсқауларын орындаудан тапсырысшы үшiн болуы ықтимал қолайсыз салдарлар;
  • 3) орындалатын жұмыс нәтижелерiнiң жарамдылығына немесе берiктiгiне қауiп туғызатын не оны мерзiмiнде аяқтауға мүмкiндiк бермейтiн мердiгерге қатысты емес өзге де мән-жайлар анықталған жағдайда тапсырысшыға дереу ескертiп, одан нұсқау алғанға дейiн жұмысты тоқтата тұруға мiндеттi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет