екiншi тараптың (тапсырысшының)


-бап. Тапсырысшының орындалған жұмысты қабылдауы



бет5/10
Дата24.06.2023
өлшемі220,46 Kb.
#103314
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
merdiger shart

630-бап. Тапсырысшының орындалған жұмысты қабылдауы

  • Тапсырысшы мердігерлiк шартта көзделген мерзiмде және тәртiппен орындалған жұмыстың нәтижесiн мердігердiң қатысуымен қарауға және қабылдауға, ал шарттан жұмысты нашарлататын ауытқулар немесе жұмыста өзге де кемшiлiктер анықталған жағдайда бұл туралы мердiгерге дереу мәлiмдеуге мiндетті.
  • Жұмыстың нәтижесiн тексерусiз қабылдаған тапсырысшы оны қабылдаудың әдеттегi әдiсi кезiнде анықталуы мүмкiн жұмыс кемшiлiктерiне (көрiнеу кемшiлiктер) сiлтеме жасау құқығынан айырылады.
  • Жұмыс нәтижесiн қабылдағаннан кейiн әдеттегi қабылдау әдiсi кезiнде анықталуы мүмкiн емес (жасырын кемшiлiктер), оның iшiнде мердiгер қасақана жасырған шарттан ауытқуды немесе өзге де кемшiлiктердi анықтаған тапсырысшы олар анықталғаннан кейін қисынды мерзiмде бұл туралы мердiгерге хабарлауға мiндеттi.

630-бап. Тапсырысшының орындалған жұмысты қабылдауы

Тапсырысшы анықтаған жасырын кемшiлiктер туралы мердiгерге хабарлау үшiн шектi мерзiм - бiр жыл,

ал үйлер мен ғимараттарға байланысты жұмыстарға қатысты, сондай-ақ жұмыс түрiне тәуелсiз –

мердiгердiң қасақана жасырған кемшiлiктерiне қатысты - жұмысты қабылдаған күннен бастап үш жыл болып табылады.

Егер шартқа сәйкес тапсырысшы жұмысты бөлiп-бөлiп қабылдаса, осы тармақта белгiленген мерзiм жұмыстың нәтижелерiн тұтасымен қабылдаған күннен басталады.

630-бап. Тапсырысшының орындалған жұмысты қабылдауы

Тапсырысшы мен мердігердің арасында орындалған жұмыстың кемшіліктері немесе олардың себептерi жөнiнде дау туған кезде тараптардың кез келгенiнiң талап етуi бойынша сараптама тағайындалуға тиiс. Сараптама шартты бұзушылық немесе мердiгердiң iс-әрекетi мен анықталған кемшiлiктердiң арасында себептi байланыстар жоқ екенiн анықтаған жағдайларды қоспағанда, сараптаманы өткiзу жөнiндегi шығындарды мердiгер көтередi. Бұл жағдайларда сараптама жөнiндегi шығындарды оны тағайындауды талап еткен тарап, ал егер сараптама тараптардың арасындағы келiсiм бойынша тағайындалса - екi тарап тең көтередi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет