2. Мердiгер өзi жауап беретiн жұмыстың кемшiлiктерiн жоюдың орнына, тапсырысшыға орындаудың мерзiмiн өткiзiп алу арқылы келтiрген зиянды өтей отырып, жұмысты тегiн қайта орындауға құқылы. Бұл жағдайда тапсырысшы, егер жұмыс сипаты бойынша ондай қайтарып беру мүмкiн болса, оған бұрын тапсырылған жұмыс нәтижесiн мердiгерге қайтарып беруге мiндеттi.
3. Егер жұмыста шарттың талаптарынан ауытқу немесе жұмыстың өзге де кемшiлiктерi елеулi және жоюға келмейтiн болса не анықталған кемшiлiктер тапсырысшы белгiлеген қисынды мерзiмде жойылмаса, тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтiрiлген залалдарды өтеудi талап етуге құқылы
4. Шартта белгiлi бiр кемшiлiктерi үшiн мердiгердi жауаптылықтан босату көзделуi мүмкiн. Егер тапсырысшы кемшiлiктер мердiгердiң кiнәлi iс-әрекетiнiң немесе әрекетсiздiгiнiң салдарынан пайда болғандығын дәлелдесе, аталған ереже қолданылмайды.
Тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы мердiгер тапсырысшы азаматтың тапсырмасы бойынша тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттерiн қанағаттандыруға арналған белгiлi бiр жұмысты орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге мiндеттенедi.
Тұрмыстық мердiгерлiк шарты жария шарттарға жатады (осы Кодекстiң 387-бабы).
Егер тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша жұмыс мердiгердiң материалынан орындалатын болса, шартты жасау кезiнде тапсырысшы материал үшiн толық немесе тапсырысшы мердiгер орындаған жұмыстың нәтижесiн алған кезде түпкiлiктi есеп айырыса отырып, шартта көрсетiлген бөлiгi үшiн ақы төлейдi
Шартқа сәйкес материалды мердiгер кредитке, оның iшiнде тапсырысшының материалға ақыны бөлiп-бөлiп төлеуi талабымен беруi мүмкiн.
Мердiгер берген материал бағасының шарт жасалғаннан кейiн өзгеруi қайта есептеуге әкеп соқпайды.