ОРЕНБУРГ, ФЕУРАЛ 10
«Қазақтың» бастапқы нөмірінде төңіректе түнер-
ген бұлттар көрінеді дедік. Ол айтқанымыз түнеріп
шыққан бұлт сықылды «Мынау қалай болар» деп
кісіге ой түсіретін нәрселер еді. От басының уайымын
қойып, жұрт басының қайғысын ойласақ ой түсіретін
нәрселер әр тараптан көрінеді. Қалыпты шаруамыз
өзгеріліп, қалпымызда өзгерілейін деп тұр. Қалпымыз
өзгеленсе қалай болатынымыз белгісіз, іргеміз тұтас
209
ыдырамай, бірыңғай жатқан халық едік. Енді ара-
мызға бөтендер келіп кірісейін деп тұр.
Бөтендер кіріскенде халіміз қандай болар? Тарих
жолына қарағанда келімсек жұрт күшті болса, тұрғын
жұрт айақ асты болып, азып-тозып жоғалмақшы.
Тұрғын жұрт күшті болса, келімсек жұрт сіңіп тұрғын
жұрттың торына түсіп, бөтендігі жоғалмақшы. Екеуі
де тең болса бір-бірінен кем болмай, біріне-бірі жем
болмай қатар тұрып күнелтіп, әрқайсысы өз алдына
ұлт болып тұрмақ.
Қазақ енді бірыңғай, іргесі тұтас қалпында, бұл
күйінде тұра алмайды. Егін шығатын жерге егінші-
лер келіп орнап жатыр, мал бағатын жерге мал өсіру-
шілерді алып келіп орналастырмақшы, балығы бар
жерге балықшыларды қондырмақшы. Қысқасы ол
жолмен, бұл жолмен болсын қазақ арасына бөтен
жұрттар кірейін деп тұр.
Істің бәрі жалғыз-ақ тамақ асырап күн көруге
қалса, өз бетінен күн көре алмаса, өзге жұрттың есігін-
де жүріп, малайлықпен тамақ асырап, қазақ тіршілік
етер ғой. Біз қазақ тіршілігін ойланып, қалай болар
деп қам қылатын тіршілігіміз ол тіршілік емес. Қазақ
деген қашаннан өз алдына ұлт болып, Еділден Ертіске,
Оралдан Ауғанға шейін тұтас тұрған халық едік.
Арамызға әртүрлі жұрт кіріскенде, солармен қатар,
атымыз жоғалмай, қазақ ұлты болып тұра алармыз ба?
Осы бізді төсекте дөңбекшітіп ұйқымызды бөлетін
нәрсе. Басқа жұртпен араласқанда өз алдына ұлт
болып, өз алдына тілі бар, өз тілінде жазылған сөзі
(әдебиаты) бар жұрттар ғана тұрады. Өз тілімен сөй-
лескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы, еш
уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақта-
14–7069
210
луына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің
ең қуаттысы тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоға-
лады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер
әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. Егер де
біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз
ашпас қамын ойлағанда тіліміздіңде сақталу қамын
қатар ойлау керек. Қазақтың осы күнгі ісінің бетіне
қарағанда һәм мұнан былай ісіміздің беті осы болса,
қазақ тілі азып, жоғалуға ықтимал. Біз келімсек жұрт-
тан кем болмас үшін оқымай тұра алмаймыз. Оқыма-
сақ басқалармен қатар тіршілік ете алмайтынымыз,
сүттей ақ, күндей жарық. Оқығанда ісіміз осы қалы-
бында болса, тіліміздің азып, жоғалуы да анық.
Қазақтың балалары қалай оқып жүр? Елде оқыса, он
жыл оқып хат жазуды білмейтін ескі жолмен оқиды.
Шаһарда оқыса иа сарт, иа ноғай медреселерінде оқи-
ды. Рус школында оқитыны русша кітап, үйренетіні
русша жазу. Қазақша көбі оқып та, жаза да білмейді.
Мұсылман медреселерінде оқығандардың естігені
әдеби тіл, оқығаны әдеби тіл мен жазған кітап, жазған-
да да сол кітаптардың тіліне салып еліктеу. Ол әдеби
тіл деген қандай тіл? Араб, парсы сөздері көп кіріскен
тіл. Неғұрлым араби, парсы сөздері көп қосылса,
неғұрлым қара халық түсінуге ауыр, хатты тіпті түсін-
бейтін болса, соғұрлым, әдебилірек болады деп
тұтынған жолдан шыққан тіл. Бұл тіл халықтан тума-
ған жаны жоқ тіл. Мұсылманша оқығандарымыз әдеби
тілмен сөйлейміз, әдеби тілмен жазамыз. Қазақша
жазсақ әдеби болмайды деп қазақ тілімен жазуға ұйа-
лады, қорынады. Русша оқығандарымыз қазақ тілімен
пікірімізді толық айта алмаймыз, жетпейді, русша
жазғанымыз оңай дейді. Қысқасы русша, мұсылманша
211
оқығандарымыз қазақ тілімен жазуға қорынып, біреуі
русша жазады, біреуі әдеби тілмен жазады.
Бұлардың өз тілінен қорынып, жерінетін себебі
не? Менің ойлауымша бұл әдеттенуден біреуі русша
оқып, бірі әдеби тілмен оқып қазақша жазу әдетінде
болмағандық. Әдетте жоқ нәрсе қалыптан тысқары
болып, басында ерсі көрінеді. Қазақ тілімен жазу
әдетінде болмаған соң русша һәм мұсылманша оқыған-
дарымыз қорынады. Бір-біріне жазған хаттарында
қазақша жазбайды. Бұлай істеулері ұнамды емес.
Бірақ, қазақ балаларын аталары осы күнгі оқытуына
қарағанда «Бұл неге солай?!» деп ғажаптанар да іс
емес. Сегіз-тоғыз жасынан оқуға түссе, оқыған тілі
басқа болса, оқитын кітабы басқа тілде болса, жазған-
да сол кітаптардан үлгі алып жазса, олар қайдан
қазақша жазуға әдеттенер? Мұнан бұлай да осы бетіміз-
бен жүре берсек, ықтисадта қазақ тілі азып-тозып,
бірте-бірте тұтынудан шығып, әуелі қазақша жазу
ұйат көрінер, сонан-соң қазақша сөйлеу ұйат көрінер,
онан әрі не болары белгілі. Оқыған жастарымыз қазақ
тілінен жиренсе, қарттарымыз мың жасауға болмаса,
қазақ тілі жан сақтайтын орын жоқ. Сондықтан
бұлтақтамай осы бастан істің бетін тура жіберу үшін
анықтап ашатын нәрсе мынау: Қазақ тілін сақтау керек
пе? Болмаса русша болсын, басқаша болсын сөйлесуге
жараған соң бәрі тіл ғой, қазақ тілі жоғалса жоғала
берсін дейміз бе?
Біздің газетамыздың таңбасы «Қазақ» йағни қазақ-
тығымызды сақтау. Қазақтық әрине аты мен тілі жоғал-
маса сақталады.
Бұл айтқанымыз русша, иә басқаша оқымасын деген
емес русша тілді де білу керек, бірақ өз тілінен
212
жиренбеске керек деген сөз. Тұтынбаған нәрсе жоға-
лады. Он жыл, он бес жыл еңбек етіп, қиналып орыс
йаки әдеби тілді үйренгендерге өз тілімен жазуды
үйрену қиын деп һешкім айта алмас. Русша білудің де,
әдеби тілді білудің де орындары бар: біздің қарауы-
мызша оларды өз орындарына жұмсау тиіс. Ақырында
айтатынымыз: әдеби тілді сүйетін бауырларымызға
газетті қазақтың қара тілімен жазғанымыз ұнамсыз
көрінсе, ол кемшілігімізге кешу өтінеміз. Жұрт үшін
шығарылған нәрсе жұртқа жақын болуы тиіс. Аспан-
дағанмен жерден алыс кете алмаспыз, артылдық деген-
мен елден алыс кете алмаспыз.
«Қазақ» газеті, №2. 10 феурал 1913.
Достарыңызбен бөлісу: |