Екінші том маса астана, 2022 ахмет байтұрсынұЛЫ



Pdf көрінісі
бет25/67
Дата03.10.2024
өлшемі6,35 Mb.
#146744
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   67
Байланысты:
А.Байтұсынов Маса жинақ

ﭕ» (и)
һәм 
ٶ (ү) 
Англие тілінде де бар, оларға өз 
алдына басқа хәріфтер алынбайды, неге десең, дауыс- 
ты дыбыстардың соңынан келетін «
ﭕ» (и)
һәм 
ٶ (ү) 
жарты дауысты болады деген қағидалары бар» дейді. 
Сол қағиданы біздің тілімізге кіргізуге болады: жарты 
дауысты «
ﭕ» (и)
һәм 
ٶ (ү)
үшін хәріф белгілеп, арнамай- 
мыз, екі хәріф кемиді, осындай орныменен айтқан 


201
ақылдан «етек-жеңімізді түріп қашпаймыз». Орынсыз 
айтылған нәрсені, сіздің көзіңіз шатынағанымен, 
істемейміз. Мен ойлаймын: «бұлғалақ-шырғалақ»
деген сөзді оқыған соң-ақ, атыңыздың айылы шабына 
кетіп йаки ері бауырына түсіп, тулауменен болып, 
жайғасып отырып ойланбадыңыз ғой деп; иә болмаса: 
«жау келіп қалған екен» деп, атыңызға міне, найзаңыз- 
ды ала, айақтарыңыз салақтап, етектеріңіз далақтап, 
шаптыңыз ғой, жалғыз мақсат – жауды мұқатуда болып, 
бар өнеріңізді соған жұмсадыңыз деймін.
Жау жоқ, найзаңызды тастаңыз! Жайғасып отырып 
мәслихат беріңіз! Құрал сайлау керек дегенде – жау- 
ласудың құралы емес, оқудың құралын айтамын, 
оқу құралын сайлау оңай емес: Сіз болып, біз болып, 
өнерімізді осыған жұмсап, осы істі айақтандыралық. 
28 хәріфпенен жазып, бір-бірімізді түсініп жүрміз ғой 
деген сөз, қазақтың балаңды оқыт дегенде: «оқымай 
да өлмей, күн көріп жүрміз ғой» деп, айтатын жауабы 
сықылды. Жазуымызда тәртіпсіздік, кемшілік бар- 
лығын жалғыз мен емес, басқалар да айтады. Еш кем- 
шлік болмаса, һешкім сөз қылмас еді ғой. Қазаққа
«пәлен ет, түлен ет» деп, солар күн көре алмай жүрген- 
нен айтпаймыз, тіршілігінде кемшілік, ретсіздік бол- 
ғаннан – түрлен, реттен дейміз ғой. Сондай кемшілік, 
ретсіздік жазуымызда да бар, оны реттеу, жөндеу керек. 
Жазуымыздың тәртіпсіздігі – оқу кітабын шығара- 
лық десек, алдымыздан көлденең келеді. Бала оқыт- 
сақ, оқуға оралғы болады. Қазақша грамматика шыға- 
ралық десек, қадам бастырмайды. Сіз айтасыз – осы 
28 хәріфменен де оқу кітаптары таралып жатыр деп, 
оныңыз рас. Бірақ ол кітаптар да кемшілік бар ма – 
жоқ па, педагогике, методикеден хабары бар адамдар 


202
байқайтын шығар. Қысқасы мынау ғой: қытайша жазу 
үйрену қиын дейді, сонда да оқып біледі, бірақ қиын 
оқуменен оңай оқу бір емес. Біріне уақыт көп кетеді
һәм көп қиналады, біріне уақыт аз кетеді һәм аз 
қиналады. 
28 хәріфпенен жазғанымыз жарамды-ақ болсын
соныменен жазылып шығып жатқан кітаптар оқуға 
қолайлы-ақ болсын, бірақ жақсыдан да жақсыны іздеу 
– алға басу. Ілгері басу керек емес дейсіз бе? Тарқидің 
де негізгі мағынасы: жақсыдан да жақсыны іздеу 
емес пе? Ауырды жеңілту, қиынды оңайлау емес пе? 
Бұл неше түрлі машина, от кеме, от арба жақсыдан да 
жақсыны іздегеннен табылған. Жел кемесі болса да, от 
кемені іздеген, ат арбасы болса да, от арбаны іздеген, 
енді көк кемесін іздеп жатыр. Осының бәрі де жақсы- 
дан да жақсыны іздеу – тарқи жолы.
Қыңыр келмеңіз, мырза, түзу келіңіз. Жазу түзету 
бірімізге емес, бәрімізге керек нәрсе ғой, «битке 
өкпелеп, тонын жаққан» сықылды, бір-екі хәріфті қазақ 
тілінен шығарғаныма өкпелеп, ғұмуми істен қол сілкіп, 
безбеңіз! Жүк қасындағы «аққу, шортан, шайан» 
үшеуіне ұқсамалық!
А.Б.
«Айқап» жорналы, 
№9, №10, №11. 1912 жыл.


203


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет