Екінші том маса астана, 2022 ахмет байтұрсынұЛЫ



Pdf көрінісі
бет32/67
Дата03.10.2024
өлшемі6,35 Mb.
#146744
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   67
Байланысты:
А.Байтұсынов Маса жинақ

5 МЫҢ ДЕСАТИНА ЖЕР
Русиада кұрт ауруға қарсы қару ететін жәмиғат 
(обшество) бар. Құрт аурулыларды дала қымызымен 
емдеу үшін қазақ жерінен қымызхана ашпақшы 
болған. Қымызханаға керек 5 мың десиатина жерді 
хүкімет тарапынан сұрап алмақшы болған. Бұл ала- 
тын жері Бершүгір стансасының қасындағы Ырғыз 
уезінің Шеңгел болысының қарамағындағы қазақтар 
пайдасындағы жер. Өткен жаз землемер шығып, жерді 
өлшеп, бороздасын тартып алуға әбден даиәрлап
қойса керек. Бұл 5 мың десиатина жерде 13 үйдің қыс- 
тауы бар, басқа қазақтардың жайлауы бар. Ол қазақтар 
жерін алғанына риза ма, жоқ па, беймәлім. Бұл жер 
мұжықтарға алынған секілді зорлықпен алынып
жатқан шығар. Қазақтың жерін басқалар талап алып 
жатыр деп біздің де талау жолымен алғанымыз лайық- 
сыз. «Басқалардан қазақтың жері жылдан-жылға тары- 
лып жатқанда бiз де бiр жағынан жармалап жер ала- 
мыз дегенiмiз жарамайды» - деп, жәмиғаттың кей 
ағзалары қазақ жерiн алуды мақұл көрмеген. Бұл мақұл 
көрмеген жағы Мәскеудегi жәмиғаттың бас соуетіне 
қазақ жерiн алу лайық емес дегендiгiн бiлдiрген.
15–7069


226
Жердi алу-алмасы талас болған соң, қай жағының 
сөзi дұрыс екендiгiн ашу үшiн Мәскеудегі бас соует 
тарапынан Орынборға бiр адам келген. Осы марттың 
6-нда Орынбордағы ағзалардың жиылысы болды. 
Iшiнде Мәскеуден келген адам да болды. Осы жер 
туралы сөз болатын болған соң мен де барып едiм. 5 
мың десиатинаны алу-алмас турасында көп сөздер 
сөйлендi. Бiреулерi бұл жердi алу керек, мұнан қазаққа 
пайда болмаса зарар жоқ деді. Бiреулері алмасқа керек, 
қазақтың iске асатын жақсы жерлерiн мужыққа беріп 
құртып жатыр, онын үстiне бiз секiлдi жәмиғаттар 
келiп тағы алса, қазаққа не қалады дедi. Ақырында 
көптiң пiкiрi жерді алуға айналды. Мәскеуден кел-
ген адам бұлардың сөзiн тыңдап болып айтты: «Сiз-
дердiң пiкiрлерiңiздi естiп болдым. Майдың 13-нде бұл
турасында айтылған пiкiрдi Мәскеу соуетінің жиылы-
сына саламын. Мен жалғыз-ақ бiле алмай тұрғаным, 
бұл жер турасында қазақ пiкiрлерi. Жерi алынатын
қазақтардың пiкiрiн бiлсем екен» -дедi. Орынборда 
«Қазақ» газетасы бар екен, сол арқылы сұрап бiлуге 
болмас па екен дедi. Газета арқылы сұрау керектігін 
мен де қуаттап, қазақтардан сұрап, олардың газета-
мызға жiберген пiкiрлерiн Мәскеу соуетіне жеткізу
мiндетiн мойныма алдым.
13-нші майға шейін бұл турасындағы пiкiрлер 
Мәскеу праулениесiне барып, даиәр болып тұрарға 
керек. Сонда қаралып, hәркiмнiң пiкiрi саналып, жер- 
дi алар-алмас мәселе бекіп, тәмам болады. 
Ендi бiздiң өтiнетiнiмiз, сол Бершүгiр стансиасы- 
нын жанындағы алуға ынғайлап қойған жерде 13 үйдiң 
қыстауы болса, қыстап һәм жайлап отырған қазақтар 
сол жерді алуға риза ма, жоқ па? Осыны солар бізге 


227
білдірсе екен. Бiлдiргенде сенімді һәм қуатты болуы 
үшін 13 үйдің адамдары тегiс қол қойып не таңба- 
ларын салып, ауылнай, би йаки болыс секілді адам- 
дардың бірі мөрін басып жіберсе екен. Және де 
пікірлерін жіберетін адамдардың есіне салатындары- 
мыз мынау: бұл қымызхана салынғанда қазаққа бола- 
тын пайдасы қанша, зарары қанша екенiн салыстырып, 
өлшеп, жерді беру-бермес пікірді соған тіреп айтарға 
керек. Пайдасы, зарары қанша екенін мұнан байқауға 
болады: қымызхана жүз ауруға шамаланып жасалады. 
Олай болғанда жүз аурулы адамдар қымыз ішіп жатуы 
ықтимал. Жүз ауруды бағатын доктор, фелшерлері 
болмақшы. Ол қымызхана үйлерін жуып, тазартып 
тұратын жұмыскерлер болмақшы. Ауруларға һәм 
оларды бағатындарға қымыз керек. Ет керек. Олардың 
бәрін қазақтан алмақшы. Олай болғанда биесі барлар 
5 мың десиатина жерге биесін бағып, сүтін сатпақшы. 
Қой-қозысы барлар қойын-қозысын сатпақшы. Малы 
жоқтар жұмыскер болып, жалданып мал таппақшы.
Бұл кәсіп жағынан қазаққа боларлық пайдасы. Мұнан
басқа пайдасы болуға ықтимал жақын жердегі қазақ- 
тардың ауруларына құрт аурулы иә басқа аурулы адам- 
дарға жақын жерден дәрігерлер табылып тұрмақшы, 
мұның бәрі пайдалы жағы. Енді зарарлы жағын 
алалық. Қазақка мұнан зарар болады, егер де қыстауы 
бар қазақтардың қыстап отырған жері жақсы, шаруаға 
қолайлы болып, көшіргендегі алатын жері бұрынғы 
жерінен төмен болса, екінші, бұған кететін жайлаулық 
жерлер суы тұщы, шөбі мол жайлауға қымбат жер 
болса һәм оны жайлап жүрген елдердің мұнан басқа 
қолайлы жайлаулары болмаса. Үшінші, ақша табуға 
қызығып құлындарын қатырып, биелерін жүдетіп, 


228
қыс күні қырып алып жүрсе. Мұнан басқа қандай 
зарары болар. Қазақтың өздері шамалап білер. Біз 
сырттан қараған боларлық зарарларын һәм пайдасын 
айтамыз. Және де айтатынымыз бұл жер басқа осындай 
нәрселерге, болмаса мұжыққа алынбайтын жер. Қазақ 
риза болмаса, жоғарыда айтылған жәмиғат халықты 
ренжітіп, зорлықпен жер алмайды. Бұл жәмиғаттың 
iшiнде сендердің ризалығыңды керек қылатын адам- 
дар көп.
Ахмет Байтұрсынов.
«Қазақ» газеті, №6. 16 март 1913.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет