Екінші том маса астана, 2022 ахмет байтұрсынұЛЫ



Pdf көрінісі
бет51/67
Дата03.10.2024
өлшемі6,35 Mb.
#146744
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   67
Байланысты:
А.Байтұсынов Маса жинақ

Райхан Имаханбет, 
Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі жетекшісі,
«Тіл – құрал» оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу 
орталығының директоры
***
А.Байтұрсынұлының «Маса» жинағына енбеген, 
әлеуметтік маңызы зор өлеңдерінің арасында болуы 
тиіс, кейінгі жылдары табылған туындылары бар. 1922 
жылы қайтадан басылған «Маса» өлеңдер топтама- 
сына енбей қалған «Дағдарыс», «Қоян», «Туған тілім» 
өлеңдері 1915, 1916 жылдары «Байқаушы» атты 
бүркеншік есіммен «Қазақ» газетінде жарияланғанын 
ахметтанушы ғалымдар Ө.Әбдиманұлы, Р.Имаханбет 
өз зерттеулерінде жазды. А.Байтұрсынұлының бұл 
өлеңдері 2013 жылы шыққан алты томдық шығарма- 
лар жинағының 5-томында «Табылған туындылары» 
деген тараумен бөлек берілген. Кітаптың ғылыми 
түсініктемесінде 1989 жылы «Дағдарыс» пен «Туған 
тілім» өлеңін төте жазудан кириллицаға аударып бірін- 
ші рет зерттеуші Б.Байғалиев жариялағаны жазылған. 
Әдебиетші Б.Байғалиев осы туралы жарияланған мақа- 
лаларында дереккөздерге нақты сілтеме берілмеген- 
діктен, туындылар ғылыми айналымға түспеген. Уақыт 
өте келе өлең авторы «Байқаушы» бүркеншік есімі 


316
А.Байтұрсынұлына тиесілі екендігі анықталып, ақын 
шығармасына арналған кітап жинағына еніп отыр. 
«1915 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақ» газетінде 
жарияланған «Дағдарыс» өлеңінің мазмұнынан сол 
кездегі әділетсіз биліктен көңілі қалып, заманның 
түрленуінен шошынған ақын бейнесін аңғарамыз», 
- дейді ахметтанушы Р.Сахыбекқызы (70, Имаханбе-
това Р. Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығар-
машылығы (мұрағат деректері негізінде): Диссерта-
ция. – Алматы, 2006.-130 бет). Алты шумақты айшық 
24 тармақты қара өлең ұйқасымен жазылған. Заманның 
азғындағанын, құр сөзге әуес болып бара жатқан жұрт-
тың кейпін бейнелеп, өлеңді былай бастайды:
Ой Алла, заман нендей түрленіп тұр,
Айтуға тілің жүрмей күрмеліп тұр.
Оң-теріс, обал-сауап құр сөз болып,
Сан заттар «сап» деп жүрген кірленіп тұр.
Көпірген көп қиалдар жел болып тұр,
Негіздік «күрес» пенен «бел» болып тұр.
«Қанқұмар Шыңғыс пенен Темір еді,
Несі одан бұ күнгінің кем болып тұр?! (5- том).
Ақын өлеңді қайталақтау тәсілімен, сұрай арнау 
арқылы жазған. «Тұр» етістігінің тармақ соңында 
сөздер ұйқастығымен сәйкес келуі ақын шеберлігінің 
бір айғағы. Сонымен қатар ақын өлеңде қарсы мәндес 
сөздерді (антоним) көптеп қолдану арқылы (оң-теріс, 
обал-сауап, ауру-сау, өтірік-шын) замандағы қарама-
қайшылықты ашып көрсеткен. «Қанқұмар Шыңғыс 
пенен Темір еді, несі одан бұ күнгінің кем болып 
тұр» деуі арқылы әлемді қан қақсатқан хан Шыңғыс 
пен Әмір Темір, бірін-бірі өлтірген «Абыл-Қабыл» 


317
заманын еске алып, заманның ол кезден кем түспей 
тұрғанын күйіне айтады. Шындықты көз алдына 
«томардай» қылып көрсетсең де, өтіріктің алдыңғы 
шепте екендігін айтады. Мұндағы «томардай» сөзі 
теңеу арқылы беріліп тұр. Өлеңнен әділетті күнді
күткен қазақ қоғамымен бірге дағдарған кейіпкердің 
зарлы үнін, жер жүзін жайлаған жалғандықты бір 
құдіретке сеніп, жойылуын тілеген күңірену сарынын 
байқауға болады. Жұртпен бірге дағдарған ақын ол 
кейіпін мына жолдармен білдіріп, аяқтайды:
Жер жүзі қызыл қанға бойалып тұр,
Ес кетіп, ескі намыс ойанып тұр.
Үлгілі Еуропа ұлттарынан,
Үлгі ал деп айтуға ауыз ұйалып тұр (176).
Сол жылғы желтоқсан айының 31-і күні ақынның 
бүркеншік есімімен «Қоян» атты өлеңі жарық көреді. 
Төрт шумақты айшық 19 тармақты қара өлең ұйқасы- 
мен жазылған. Алдыңғы «Дағдарыс» өлеңімен жазылу 
стилі ұқсас. Ақын мұнда да «тұр», «отыр» етістіктерін 
ұйқасқан сөздермен тіркес жасау арқылы өлең 
мағынасын тереңдете түседі. Өлең мазмұны берілген 
кітаптың ғылыми түсініктемесінде өлең жарияланған 
газет өте көнеріп, ескіргендіктен, кейбір жолдардың 
өше бастағаны, сол себепті оқылмаған тұстарға көп 
нүкте қойылғаны жазылған. Сондықтан болар, кейбір 
сөздер бізге де түсініксіз болғандықтан, шумақтардағы 
толық мағынаны аша алмадық. Алайда ақын өлеңінен 
бұл қоян жылы екенін, мұжықпен бірлескендей бұл 
жылдың да елге зәбір көрсеткендігін байқаймыз:
«Қорқытып қазақтардан көп қолқа алғыш,
Атақты мен ақ қойан жыл» деп отыр.
Мұжықтар: «Мынау астық, анау пішен,
Солардан өнгендей сен кім?» деп отыр.


318
«...» да адам қор нар аңба әйді?» деп,
Кемсініп, келемеж ғып, ендеп отыр.
Қай қазақ нақ осындай балуан боп,
Қойанға қарсылық қып үндеп отыр» (5-том).
Берілген өлең туралы алаштанушы Ө.Әбдиман- 
ұлы «қазақ жұртын қатты қыста қамсыз қалмауға 
шақырады», - деп қысқа түсінік береді (124). Қыс мезгі- 
лінде күшейер табиғаттың арпалысы қоян жылында 
күшейе түскендей. Ахметтанушы Р.Имаханбет өлеңнің 
мәні жайында: «Аталған өлеңде мұсылманша жыл 
қайыру атауына ие болған «Қоян» жылының қашанда 
елге жайсыз тигені жырланады. Өлең 4 шумақ, 19 
жолдан тұрады. Жыл он екі айда қайталанатын табиғат 
апатына мұжықтың мазағы қосылған сұм уақытқа 
қазақтың қарсы тұрар қауқары болмағанына налиды. 
Өлеңнің құрылымы мен ұйқасынан гөрі, сол тұстағы 
«еңбексіз байлық тілеген адамның пиғылы» мен 
«табиғат апатының» арпалысы ақынды ашындырса 
керек», - дейді (71). Ақын өлеңде «Ал, Алаш, білге 
салып, бермен жібер!» деуі арқылы қазақ баласын бір 
жерге жұмылдырып іс істеуге, қамсыз жатпауға шақы-
рады. Сонымен қатар өлеңдегі «Қорқытып қазақтар- 
дан көп қолқа алғыш, Атақты мен ақ қойан жыл» 
деп отыр» тармағынан қай кезде де қазақ үшін ауыр
тимегендігін аңғарамыз. 
А.Байтұрсынұлының 1916 жылы «Қазақ» газетіне 
жарияланған «Туған тілім» атты өлеңі де елінің 
қамы үшін жазылған туынды. «Барлық түркі тектес 
халықтар иен далаға кеңінен тарап, өріс алған татар 
тілін, жазуын қабылдасын» делінген өктем қысымды 
қазақ оқығандары ішінен ең алдымен А.Байтұрсын- 
ұлы мойындамай, қарсы тұрды (5-том). Өз жұрты- 


319
ның жазу тілінің тарихы таласқа түскен бұл тұста
ақын туған тілінің қаншалықты қымбат екендігін
дәлелдеді. 
Жеті шумақты, 28 тармақты, қара өлең ұйқасымен 
жазылған айшықтың алғашқы шумағында:
Кенің бай, келімің мол, туған тілім,
Дыбыстың теріп сөз ғып, буған гүлін.
Қайырған қайдағыны жүйрік ең сен,
Мен тосып құтыла алмас қусам білім
- деген жолдарынан қазақ тілінің ежелден-ақ сөзге 
бай екендігін білдіреді. Бұл шумақтағы «келім» 
сөзінің мағынасы – кескін, келбет, пішін дегенді біл-
діреді (598, Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес том-
дық. 7-том / Құраст.: Б.Момынова, Б.Сүйерқұлова,
А.Фазылжанова және т.б. – Алматы: Арыс, 2007. – 752 б.). 
Бар болмысы келіскен туған тілінің ерекшелігін әр
дыбысты теріп, сөз қылып жасап, одан әдемі буған 
гүл шығарған деп теңеуінің өзі ақын қолданған ерек-
шеліктің бірі. Өлеңдегі берілген теңеулер «балықтай 
жүзіп», «құстай ұшқан» адам кейіпі, батыстан ашылып, 
білім, ғылым үйренуге ұмтылуға әзір түндікті ақын 
ерекше жырлайды. Аяғын енді-енді нық басып келе 
жатқан жаңа жұрттың, қазақ елінің болашағынан зор 
үміт күтетінін жеткізеді:
Кірлетпей келген сақтап анам бұрын,
Ордаңды шала қоймас енді құрым.
Алыстан әлдеқандай жат көргенсіп,
Кіргендер тамсанатын танып сырын (177).
Мұндағы ақынның «орда» деп отырғаны қазақ 
шаңырағы, қазақ анасының сүтімен дарыған ана тілі. 
Ақын орданы енді құрым (күн қақтап, шаң қонып, 
әбден ескірген, тозығы жеткен киіз) шала қоймас дегені 


320
– білімге, ғылымға ұмтылған қазақ кейіпін танытқысы 
келгендей. Қаншама жыл бодан болып келген туған 
тілдің тағдыры, келешегі, бар мүмкіндігі енді ашылып, 
түрленіп келе жатқаны жайлы үмітпен, сеніммен 
жазылған ақын өлеңін соңында былай түйіндейді: 
Мен болман болдырамын «татар» десең,
Мен жатпан «бір бөлмеңде» жатар десең!
Өтпеймін тамағыңнан «жұтам» десең,
Жолым бір, қолым міне, «қатар» десең! (177).
Өз алдына ұлт болып қалыптасқан қазақ жұртын 
Кеңес үкіметі мойындамағаны белгілі. Сол уақытта 
қазақты «қазақ» демей, «қара қырғыз», «казак», «татар» 
деген түрлі ұлтпен атады. Қазақ оқығандары мұны 
мойындамастан, билікке қарсы шыға білді. Ақынның 
меңзеп отырған «татар болдырамын десеңдер де бол- 
маймын!» дегені осы еді. «Бір бөлмеңде» жатпаймын» 
деп отырғаны – қазақ елінің өз алдына жеке ұлт екен- 
дігі, бір шаңырақ астында бірге емес, өз алдына 
мемлекет болатындығын меңзейді. 
Ақын өлеңіндегі «мен» концептісі жекелей қолда- 
нылып тұрғанымен, оның артында бүкіл қазақ жұрты, 
ақын тебірене жырлаған елінің болашағы тұр. Өлең- 
дегі қаһарман кейіпкер ақын өзі бейнеленгенімен, өзі 
арқылы барша қазақ жұртының тағдырын бейнелеп 
отыр. Ұлты үшін еміренген арыстың тілінің тазалы- 
ғын, өзге ұлтпен шұбарланып кетпеуі үшін қайғы 
жегенін көрсететін бұл өлеңнің әлеуметтік маңызы зор. 
Қазақты «қазақ» демей, өзге ұлт атауымен атап, 
қорлық көрсеткен әділтсіз билікке қазақ оқығанда- 
рының ерлік істері туралы ахметтанушы Р.Имаханбет 
мынадай мысал келтіреді: «ХХ-шы ғасыр басындағы 
әлеуметтік ортада ресми іс жүргізу тілінде қазақ 


321
ұлтының атадан балаға мирас болған өз атауы қаса- 
қана аталмай, «қырғыз» аталып келгендігі қазақ 
оқығандарының жанын жаралауы заңды да еді. Сол 
себепті де туған халқының төл атын қайта жаңғырту 
мақсатында олар ұлт баспасөзін «Қазақ» деп атады.
Бұл жөнінде жүрек зарын Ахмет қандас бауырларына: 
«...Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың
әруақты аты деп, газетамыздың есімін «Қазақ» қой- 
дық...» дейді үнпарақтың беташарына берген үндеу-
мақаласында» (Имаханбетова Р.С. Ғасыр саңлағы:
Ахмет Байтұрсынұлының ғұмырбаяны (мұрағат дерек- 
тері негізінде). Монография. – Астана: «Педагогика 
ПРЕСС», 2010. – 304 бет. Мұрағаттық суреттер, деректі 
құжаттардың ксеросканерлі көшірмелері.). Ақынның 
«Туған тілім» өлеңінің мазмұнына тереңінен үңілер 
болсақ, бұл оқиғаның қатысы барына көз жеткіземіз.
Ақын өлеңдерінің соңғы жылдары табылған тағы 
бір туындысы – «Ақтеңізден хат» өлеңі. Бұл туралы 
Алаш арысы М.Дулатұлының қызы Г.Дулатова былай 
деп көрсетеді: «Бүгін қолыма тиген «Қазақ» газетінің 
№16 (281) 7шілде 2006 ж. нөмірінде, Шығыс Қазақстан 
Қатон-Қарағай ауданында тұратын соғыс ардагері, 
Социалистік Еңбек Ері Башай Мектепбаевтың: «Ахаң- 
ның Ақтеңізден Алты Алашқа айтқан сәлемін» оқып, 
біраз деректерге қанық болдым. Сәлемхатты жет- 
кізуші Серікбай Мамырханов деген азамат екен. 
(Серікбай Башай Мектепбаевтың әкесінің немере 
ағасы болып келеді). Жап-жас Серікбайды бай-бидің 
баласы деп, 1928 жылы соттап, он жылға кесіп Балтық- 
Ақтеңіз каналын қазуға Соловскіге айдапты. Бір-екі 
жылдан кейін сол лагерьге айдалып барған Ахаңмен 
кездеседі. Серікбай демалыс күндерінде Ахаңның 
21–7069


322
жатын орнына сәлем беруге, әңгімелесуге барып 
тұрыпты. Алғашқы жолығып жөн сұраса келе, Ахаң 
Алтайдағы Шыңғыстайдың Қаратай руынан шыққан 
өңкей жақсы мен жайсаңдарын білетінін сөз етеді. 
Оның ішінде Қаратай руының болысы Ережептің 
Әбдікәрімімен таныстығын айтады. Әбдікәрім Әли- 
ханмен дайындық курсын бірге оқып бітіріп, акаде- 
мияға бірге түскен заманының үздік озаттарының 
бірі болғанын, Әбдікәріммен Семейде талай рет 
кездескенін, сыйлайтынын айтыпты, Ахаң. Оған қоса 
Әбдікәрімнің шешендігімен, білімділігімен аты шық- 
қан ағасы – Рүстемнің Мұсасымен таныс екенін, бұл 
кісілерді Алаш партиясының облыстық комитетіне 
мүше етіп сайлағанбыз деген екен. Айдауда жүрген 
Ахаң Серікбайдың қойын дәптеріне 10 шумақ елге 
сәлемін жазып беріпті», - деп, А.Байтұрсынұлының 
сәлемін өз кітабында жариялайды (Дулатова Г.М. 
Алаштың сөнбес жұлдыздары: естелік-эссе / Гүлнар 
Дулатова. – Алматы: Мектеп, 2010. – 360 б.:сур.). 
Он шумақты айшық 40 тармақты қара өлең ұйқа- 
сымен жазылған. Өлеңнің А.Байтұрсынұлынікі екен- 
дігіне біздің тараптан мынадай дәлел келтірер едік. 
Ақынның қашанда ел-жұртын, халқының қамын 
ойлайтыны белгілі. Өзі айтқан: «Балам дейтін жұрт 
болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген- 
дей, алғашқы шумағын сол көпшіл қалпымен бастайды: 
Талапты жастың бірі едің, балам,
Келіпсің дәмің айдап Қаратайдан.
Қалбақтап жел аударған қаңбақтайсың,
Ел-жұрттан, туысқаннан кейін қалған.
Қазақ ұғымында «дәм айдап келді», «дәмі тартты» 
тұрақты тіркесі бар. Шындығында, дәм айдамайды. 


323
Келген жердің асы, тамағы бұйырып тұр деген мағы- 
нада қолданылады. Сонымен қатар ақынның «Анама 
хат» өлеңіндегі «Қаңбақпен салмағың тең бұл бір 
заман, Ылаж жоқ, жел айдаса ермесіңе» тармақтары 
осы өлеңдегі соңғы тармақтардың мағынасымен үндес 
келеді. 
Одан әрі ақын өзінің жігерлі, қайратты, рухты
әуеніне салып, ер жігітті мойымауға, қажымауға шақы- 
рады. Ақынның «Қазақ салты» өлеңіндегі «Ұлы той 
көппен көрген жалғыз мен бе, Деп отыр, - не болса 
да жұртпен көрдік» тармақтарымен үндес өлең жолы 
кездеседі: 
Басың жас, қызығың көп көрер алда,
Мұңайма, бақсызбын деп бүгін таңда.
«Ұлы той көппен көрген» – деген бар ғой, 
Байқасаң аман қалған адам бар ма?!.
Алайда мұндағы «ұлы той» сөзі халық ұғымында- 
ғы думан, мереке мағынасында емес. Одан кейінгі 
тармаққа назар аударатын болсақ, көптің көрген аза- 
бын, қайғысын біз де бірге көрерміз, одан аман қалған 
адам жоқтың-қасы деген мағынаны білдіреді. 
Ақынның бұл өлеңі сәлем хаттан көрі тілек, демеу 
өлеңге көбірек ұқсайды. Неге десеңіз, өзінің басынан 
кешкен қиын сәттерін есіне ала отырып, жас баланы 
ешнәрсеге өкінбеуге, әр істің бір қайыры бар екеніне, 
болып жатқан оқиғалардан ой қорытып, сабақ ала 
білуге үндейді: 
Осының өзі олжа бәрі саған,
Не көрді елде қалған өңшең жаман.
Өкінбей мұндағы өткен өміріңе,
Өрге жүз, өрнек алып осылардан.
Сонымен қатар ақын өлеңінде кеңістік ұғымын 
да еркін қолдана біледі. Кеңістікпен қатар уақыт 


324
категориясы да орынды көрініс тапқан. Өмірінің 
өткен шағын аңсай отырып, келер уақытқа үмітпен 
қарайды. Ақ теңіздің тар қамаулы кеңістігін суреттей 
отырып, жұртына мұндағы қиыншылықтың ауыр 
екендігін сездіреді. Сонда да ойлайтыны қазағының 
қамы екенін айтады:
Айтарсың: «Ақ теңіздің аралында,
Айдалған ағаларың қамауында.
Баяғы көксегені сенің бағың,
Жүрсе де айдаушының қарауында.
Алғашқы екі тармақта ақын дауысты дыбыстар 
үндестігін ұтымды қолдана білген. Соңғы екі тарма- 
ғынан ақынның қамауда жүріп, айдаушының күндіз-
түні бақылауында болса да, ел-жұрты үшін, білімге, 
ғылымға ұмтылуы үшін әлі де еңбектеніп жатқанды- 
ғын тұспалдап жеткізеді. Ақынның бұл ойынан 
қамауда жүргенімен, қазақ пайдасына асатын еңбек 
жазып жатқан болуы мүмкін деген де ой келеді. Бәлкім, 
Ақ теңізде жүріп ақын соңғы шығармаларын жазған 
да болар. Ол жағы бізге әзірге беймәлім. Өлең жайын- 
да Г.Дулатова: «Атаекемнің (Ахаңның) бұл құны баға 
жетпес қымбат еліне арналған сәлем өлеңін соңғы 
шығармасы ретінде жаңа басылым кітаптарына енгі- 
зіп жіберсе, бүкіл халықтың қолына жете еді, жадын- 
да мәңгі сақталып қалар еді деген қиял ойыма келе 
қалды. Өзімнің де қолымда болуын қалап, газеттен 
көшіріп алдым», - деп түйіндейді. 
Қорыта айтқанда, А.Байтұрсынұлының заман 
озбырлығы көрініс тапқан «Дағдарыс», табиғат апатын 
суреттеген «Қоян», өзгеге мойынұсынбастан, өз жұр- 
тының байлығын артық қоя білген «Туған тілім», 
айдауда жүргенде жазылған «Елге хат» өлеңдері


325
«Маса» жинағындағы өзекті оқиғалармен үндес. 
Ақынның жұрт үшін баян еткен бұл туындылары бір 
жинақтан табылып жатса, ғылым үшін де жетістік 
болары сөзсіз.
Белгілі бір кездегі қоғамдық-әлеуметтік жағдай, 
қарым-қатынас нәтижесінде өзара көршілес, туыстас 
елдердің тілдері бір-бірімен тығыз байланысқа түсіп, 
жаңа сөздермен, атаулармен жаңғырып отырады. 
Араб, парсы тілдеріндегі әдеби шығармалармен етене 
таныс әрі білімі де жетік болған А.Байтұрсынұлы өз 
өлеңдерінде осы білімін орынды пайдалана білген. 
Алайда өзінің әдеби-теориялық еңбегі «Әдебиет 
танытқышта»: «Тіл тазалығы дейтініміз – ана тілдің 
сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау. Басқа тілден 
сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңісіп, құлақтарына 
үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді алу» 
деген қағидасын берік ұстанған. Шет тілдер сөздерін 
ойының мағынасын анық, нақты жеткізу үшін мейлін- 
ше саралап, аса қажет болған жағдайда ғана пайда- 
ланған.
Сонымен қатар ақын өз жинағында халыққа түсінік- 
сіз болыуы мүмкін деген сөздерге анықтама беріп 
отырған. Ахмет пайдаланған басқа тілдерден енген 
сөздерді жинақтап, зерттеу жұмысымызға енгізу – 
жұмыстың салмағын арттырып отыр. Сөздікті жасар 
кезде бас редакциясын академик Р.Нұрғали басқарған 
1995 жылғы «Абай» энциклопедиясын негізге алдық. 
Негізгі әдебиет ретінде 2013 жылы «Ел-шежіре» 
баспасынан шыққан алты томдық шығармалар жина- 
ғының 1-томы, 5-томы пайдаланылды.


326
А
Алла (араб) – тәңірі, құдай, жаратушы. «Аллалап», ал, 
кітапты қолдарыңа, Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған» 
(86)
Аренда (орыс) – жалдау, «Алланың мүлкін, Арендаға 
алып па?» (99)
Аят (араб) – Құранның өлеңі (сөзі), «Заманың түлкі болса, 
тазы боп шал», Деген сөз аятпенен бірдей маған» (114)
Ғ
Ғамал (араб) – әрекет, «Аузында Алла, Молдаларда не 
ғамал?» (1, 99)
Ғафу (араб) – кешу, кешіру. «Адасқан ағаңыздың жері 
болса, Тілеймін ете гөр деп, ғафу, інім» (1, 111)
Ғұсыл (араб) – жуыну, тазару. «Шарттар көп дедік ғұсыл 
құйынғанда, Шаһуат пәлендей боп құйылғанда» (1, 115)
Ж
Жәннат (парсы) – діни түсініктегі адам жанының о 
дүниеде мәңгілік рақатта болатын орны. «Үмітсіз шайтан 
болсын деген сөз бар, Жолдар көп жәннатқа да тарам-тарам» 
(1, 101)
Жүмлаңе (араб) – жалпыңа, бәріңе. «Милләтке қызмет, 
Жүмлаңе міндет» (1, 112)
И
Имам (араб) – бас намазшы, дінбасы, діни лауазым. «Он 
екі имам әулие, Жиырма сегіз әнбие, Қолдай гөр өңшең, 
әруақ!» (103)
Иман (араб) – Аллаға сену, илану, діни наным, сауап. 
«Аштан өлген аталарың бар ма еді, Тамақ үшін сатқан иттер 
иманын» (106)


327


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет