330
Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ дауысы
Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.
Өзенде балықшылар ау қарап жүр,
Тоғайда орақ дауысы шаң-шұң орған.
«Аллалап», ал, кітапты қолдарыңа!
Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған.
Аудармасы
табылмады
4 шумақ, 16 тармақ
3.
НӘБЕК АТЫ
Ахметтен
Иннокентий Анненскийден
Нәбек аты
Арабтың Нәбек деген жалғыз
аты –
Сол екен болған малы, мүлкі,
заты.
Озбайтын шапса жылқы асқан
жүйрік,
Бітпеген өзге аттарға түр-
сипаты.
Күн сайын жал-құйрығын сүзіп
тарап,
Суарып мезгілімен, жемдеп,
қарап,
Өткізбей күндіз ыстық, түнде
суық,
Адамнан атын артық күтеді араб.
Бар екен Дайыр деген бір асқан
бай,
Малы көп, түрлі бұйым бәріне
сай.
Мұңы зор: сонша байлық
ортасында
Аты жоқ жылқысында жарлы
атындай.
Достарыңызбен бөлісу: