328
Т
Тілла – алтын ақша. «Пайғамбарды сатып отыр тіллә
алған, Яһудамен бірге аттарың жазылар» (106)
Ұ
Ұлұқ (араб) – әкім, төре, билеуші. «Мақтады ұлұқ, болды
мәз, Қауым үшін қайғы аз» (98)
Х
Хал (араб) – жағдай, күш, қуат. «Кіреді тентек есі түстен
кейін, Мүшкілін халіміздің жаңа білдік» (95)
Хадис (араб) – әңгіме, кеңес, ізгі сөз. «Аят пенен хадисте,
Адал ниет, ақ іске, Жаңылмасам, жоқ еді,
Жаза тартсын
деген заң» (102)
Ш
Шариғат (араб) – заң ережесі, заңдар, мешіт заңы.
«Зулатып шариғатты шарт жүгініп,
Молдекең отырғанда
мойнын толғап» (114)
Шаһуат (араб) – нәпсі. «Шарттар көп дедік ғұсыл
құйынғанда, Шаһуат пәлендей боп құйылғанда» (115)
Шен, чин (орыс) – мансап, дәреже. «Байға – мал, оқығанға
– шен мақсұд боп, Ойлайтын жұрттың қамын адам аздан»
(95)
Я
Яки (араб) – немесе, болмаса. «Өзіне біткен түсі
өзгерілмес,
Дегенмен, қара яки қызыл маса» (1, 84)
Яһуда (араб) – пұтқа табынушылар. «Пайғамбарды сатып
отыр тіллә алған, Яһудамен бірге аттарың жазылар», (1, 106)
Достарыңызбен бөлісу: