Экология 21-12 Танирберген Нурислам Қазақстан республикасында құқықтық мемлекеттің қалыптасуы



бет4/4
Дата23.09.2022
өлшемі188,48 Kb.
#40044
1   2   3   4

Республика

Басқарудың бұл нысаны бойынша мемлекеттегі ең жоғары билік (өкімет) сайланбалы органдарға тиесілі болып келеді.

Бұл органдар белгілі бір мерзімге ғана сайланады және олар сайлаушылар алдында жауапты болады.

Республиканың негізгі түрлері :

  • Президенттік
  • Парламенттік, сондай-ақ
  • Парламенттік-Президенттік аралас республикалар да кездеседі
  • (мысалы, Қырғызстан Республикасы, Португалия, онда Үкіметті Президент пен Парламент бірлесе отырып жасақтайды, құрайды).

Мемлекеттік құрылым нысаны

мемлекеттің ішкі құрылысын, оның саяси және жер аймағындағы өзіндік бөлінісін сипаттайтын, мемлекеттің бүкіл органдарының өзінің құрамдас бөлігіндегі органдармен белгілі бір өзара қатынастарын қамтамасыз ететін мемлекет нысанының элементі.

Мемлекет құрылымына байланысты барлық мемлекеттер

  • біртұтас (унитарлы)
  • күрделі болып екіге бөлінеді.

Унитарлық мемлекеттің ішкі аумақтық құрылымында басқа мемлекеттер болмайды.

Унитарлық мемлекет – тұтас орталықтандырылған мемлекет, олар әдетте тек әкімшілік-аумақтық бөліктерге бөлінеді, оларға ерекше құқықтық мәртебе берілмейді.

Мұндай мемлекетте тек бір ғана Конституция, заң шығаратын орган, жоғары басқару органы, бір азаматтық, бірыңғай салық жүйесі, сот жүйесі болады (Қазақстан).

Күрделі мемлекет – мұндай мемлекеттердің құрамдас бөліктерінің белігілі бір дәрежеде дербестігі болады.

Оларға

  • империя,
  • конфедерация,
  • федерация,
  • достастық
  • бірлестіктер құрған мемлекеттер жатады.
  • Империя – күш жұмсаудың нәтижесінде құрылған мем. оның құрамдық бөліктері жоғары билік орындарына тәуелді болып келеді. Олардың ерекшелігі, олардың құрамдық бөліктерінде ешқашан да бірыңғай мем/к-құқықтық мәртебе болған емес. Мысалы, Рим, Британия империялары.
  • Конфедерация – белгілі бір тарихи кезеңде, өздерінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін егеменді мемлекеттердің уақытша жасасқан келісімдері бойынша құрған одағы. Конфедерация түрлері олардың құрылу мақсаттарына байланысты болады: саяси, экономикалық, әскери, т.б. Мысалы, АҚШ-тағы 1776-1787 жж. әскери одақ, ТМД. Олардың сот, басқару жүйесі бұрынғыдай дербес өз қызметтерін жалғастыра береді.
  • Федерация – құрамдас бөліктері мемлекеттік құрылымдар болып табылатын күрделі мемлекет. Олардың белгілі бір шамада егемендігі болады. Федерациялық одақ жекелену қағидатына негізделеді.
  • Федерацияда жоғары федералдық органдар және федералдық заң қабылдау жүйелерімен қатар федерация субъектілерінің (бөліктерінің) жоғары органдары мен заң қабылдау жүйелері қатарласа өмір сүреді. Қосарланған азаматтық болады. Олар аумақтық немесе ұлттық-мемлекеттік қағидат бойынша құрылуы мүмкін.
  • Достастық – белгілі бір дәрежеде тектес болып келетін ортақ белгілерімен сипатталатын мемлекеттердің ұйымдасқан түрдегі бірлестігі. Мұндай бірлестікті біріктіретін белгі (нышандары) экономикаға, құқық жүйесіне, тіл, мәдениет, дін салаларына қатысты болып келеді. Мысалы, Еуропа Одағы. Оның мүшелері толығымен дербес, егеменді болады.
  • Мемлекеттер бірлестігі – қоғамның мемлекеттік болып ұйымдасуының өтпелі кезеңдеріне тән нысан. Мемлекеттер бірлестігін құрудың негізінде әдетте, мемлекетаралық келісім-шарт жатады, оның өзі көп жағдайда бірлестікке кірген мемлекеттер арасындағы интеграциялық байланыстарды нығайта түседі.

Мемлекеттік құқықтық (саяси) режим

Саяси режим дегеніміз - мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы. Саяси режим – саяси билікті және азамат пен мемлекеттің өзара байланысын ұйымдастырушы, сонымен қатар өзара әрекетте болатын нормалар мен идеялардың, осыларға негізделген саяси институттардың, мекемелер мен әрекеттердің жиынтығы.

Саяси режим түрлері:

  • демократиялық
  • формалды-демократиялық,
  • шынайы-демократиялық,
  • либералды-демократиялық;
  • антидемократиялық
  • авторитарлық,
  • тоталитарлық,
  • фашистік режимдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет