– мемлекеттік жоғары биліктің ұйымдастырылуын, оның органдарын құрудың тәртібін және олардың азаматтармен болатын өзара қатынастарын сипаттайтын мемлекет нысанының элементі.
Қазір мемлекетті басқарудың
екі нысаны: монархия және республика болып бөлінетін болды.
Монархия
– мемлекеттің егеменді жоғары билігі бір адамның қолында өмір бойы болады және атадан балаға мұра ретінде беріледі. Монарх ешкімнің алдында жауапты болмайды. Қазақ жеріндегі бұрын болған мемлекеттер де монархия болған, мұнда мемлекетті қаған, хан басқарған. Бірақ ханның билігі атадан балаға емес, ағадан ініге мұра ретінде ауысып отырған.
Монархияның түрлері
1
Шексіз (абсолюттік) монархия.
Бұл жерде монарх мем/ң бірден бір жалғыз, ең жоғары органы. Оның қолында заң қабылдау, атқару және сот биліктері шоғырланған.
Қазір БАӘ-да бар.
2
Шектеулі конституциялық немесе парламенттік монархия
басқарудың мұндай нысанында билік монарх пен басқа органдар арасында бөлінген болып келеді.
Ұлыбритания, Бельгия, Норвегия, Швеция елдерінде бар.
3
Дуалистік монархия
мемлекеттік билік монарх пен парламент араларында тең бөлікке түскен болып келеді.
Өткен кездегі Пруссия, Австрия, Италия, Румыния, Ресей елдерінде монарх қолында атқарушы билік болған.