Резюме
В этой статье автор описывает современное состояние экологической
обстановки и воздействие загрязняющих веществ на организм человека.
Summary
In this article the author describes a current state of an ecological situation and
impact of polluting substances on a human body.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
18
~
______________________________________________________________
ЭКОНОМИКА И ПРАВО
______________________________________________________________
УДК 332.964
Р.Қ.Сабирова, Д.Б.Рахметуллаева
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТIК ӘРIПТЕСТIК ЖҮЙЕСIНIҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МАН ДАМУ
ЖАҒДАЙЫ
Аңдатпа
Бұл мақалада әлеуметтік әріптестіктің Қазақстанда даму жағдайы, оны
дамытуда кездесетін кемшіліктер көрсетілген.
Шешуші сөздер: Әлеуметтік әріптестік, Халықаралық Еңбек Ұйымы,
әлеуметтік әріптестік қағидалары, тарифтік келісім, Бас Келісім, келісім-шарт.
Қазақстанда әлеуметтік әріптестік институтының қалыптасуы өзіндік
ерекшеліктермен көрінуде. Ол ерекшеліктер нарықтық өзгерудегі үш жақты
келісімде болатын субъектілердің қалыптасуымен айқындалады.
Әлеуметтік әріптестік институтын құру үшін ең алдымен тиісінше заңнамалық
негіз бен нормативтік актілердің болуы міндетті. Бұл процестің жедел түрде
жүргізілуіне 1993 жылы Қазақстанның Халықаралық Еңбек Ұйымына енуі ықпал етті.
Республикада әлеуметтік әріптестік институтының қалыптасуы, әсіресе, ел, аймақ
және экономика салалары деңгейінде баяу әрі күрделі түрде жүруде. Бұны
экономикалық жағдайдың тұрақсыздығымен, әлеуметтік әріптестік субъектілерінің
баяу
қалыптасуымен,
жұмыс
беруші
–
кәсіпкердің
әлі
күнге
статусы
анықталмағандығымен түсіндіруге болады.
Әлеуметтік серіктестің қалыптасуында бірқатар кемшіліктер жіберілген. Атап
айтатын болсақ, әлеуметтік әріптестік субъектілерінің арасындағы келісімдердің
бұзылуы, түрлі деңгейдегі келісімдердің бір – бірімен байланысының жоқтығы,
келісімде көрсетілген міндеттемелерді орындамаған жағдайда оған жауапкершіліктің
болмауы. Осының нәтижесінде республикада қолданылып жүрген әлеуметтік
әріптестіктің ұжымдық шарт жүйесі әртүрлі жоспардағы және өзара байланыс жоқ
түрлі деңгейдегі шарттар мен келісімдерден тұрады. Бұның ең басты себебі -
әлеуметтік әріптестік жүйесінің тұжырымдық, әдістемелік, теориялық және
практикалық негіздерінің болмауы.
Әлеуметтік қорғау мәселелерін шешуде ерекше маңызды әлеуметтік
әріптестік институты алады. Осыған байланысты облыс Әкімінің, Кәсіподақтар
федерациясы одағы мен облыстық кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағы
қоғамдық бірлестігі арасында облыстық келісім жасалды. Бұл құжат үш жақты
комиссия мүшелері – атқарушы органдар, кәсіподақтар және жұмыс берушілер
арасындағы әлеуметтік және еңбек қатынастарын облыстық деңгейде зерттеудің
негізгі қағидалары жөніндегі көзқарастар мен міндеттемелерді белгілеп, үйлестіреді.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
19
~
Облыстық келісімде тараптардың экономика мен кәсіпкерлікті, еңбек
нарығын, еңбек қатынастарын, жұмыспен қамтуға ықпал етуді дамыту саласындағы
әлеуметтік саясат, кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес, еңбек жағдайы мен
еңбек қорғауды, сондай – ақ әлеуметтік әріптестікті жетілдіру, тараптардың
қызметін
үйлестіру
және
келісімнің
орындалуын
бақылау
саласындағы
міндеттемелері мен жауапкершілігі нақты көрсетілген.
Кәсiподақтардың әлеуметтiк әрiптестерi – кәсiпкерлер соңғы уақытта
Қазақстанда белсендi әрекет ете бастағанын айту жөн. Олар ассоциация,
бiрлестiктер құра отырып, тек мемлекеттiк деңгейде ғана емес, сондай-ақ,
Қазақстанның барлық аймақтарында, салаларында өз жұмыстарын жандандыра
түстi. Нарықта бәсекелес бола отырып және түрлi саяси көзқарасты қолдай отырып,
олар ортақ кәсiби мүддеге ие, бұл кәсiпкерлердi кәсiпкерлер бiрлестiгiне бiрiктiредi.
Кәсiподақтар арқылы кәсiпорын қызметiне ықпал етiп, өткiр әлеуметтiк мәселелердi
шешуге қатысады. Кәсiпкерлер бiрiге отырып кәсiподақтармен еңбекақы төлеу,
жұмыспен қамту, әлеуметтiк кепiл жөнiнде бiрлескен саясат жүргiзуге тырысады.
Сондықтан кәсiподақтар мен кәсiпкерлер бiрлестiктерi арасындағы келiссөз
Әлеуметтік әріптестікде маңызды құрал болып табылады.
Кәсiпкерлер кәсiби бiрiгу арқылы өздерiнiң мемлекетпен қарым-қатынасын
реттейдi. Олар мемлекеттiк заңнамалар мен әлеуметтiк-экономикалық саясат
бойынша ортақ позицияларды жасауға мүдделi. Атап айтқанда, салық саясаты
бойынша, еңбек қатынастары бойынша заңдарда, өз мүдделерiн қорғаған кезде.
Саяси алға шығумен олар өз мүдделерiн бiлдiретiн заңдар мен актiлердi қабылдауға
ұмтылады. Бұндай көрiнiс “Қазақстан Республикасының еңбек туралы” Заңын
қабылдауда көрiндi. Сонымен қатар кәсiподақтар мен жұмыс берушiлердiң
позициялары бiлiм, кәсiби дайындау, жұмыскерлердiң тұрмыс деңгейiн көтеру
сияқты мәселелер бойынша да бiрге екенiн ұмытпаған жөн, өйткенi олар өндiрiлетiн
тауарлар мен қызметтердi негiзгi тұтынушылар.
Сонымен әлеуметтiк әрiптестiктiң төмендегiдей деңгейлерiн атап көрсетуге
болады:
1)
жалпыұлттық – үкiмет, кәсiподақтар мен жұмыс берушiлер бiрлестiгi
арасындағы Бас Келiсiм;
2)
аймақтық – еңбекшiлер кәсiподақтары, жұмыс берушiлер бiрлестiгi және
жергiлiктi үкiмет өкiлдерi арасындағы облыстық, аумақтық келiсiмдер;
3)
салалық – үш тарап негiзiндегi тарифтiк келiсiмдер;
4)
локальды – кәсiподақтар мен жұмыс берушiлер арасындағы ұжымдық
келiсiмдер;
5)
жеке – жұмыскер мен жұмыс берушi арасындағы еңбек келiсiмiн немесе
келiсiм-шарт жасау.
Еңбек қатынастарын келiсiмдiк реттеудiң құқықтық және ұйымдастырушылық
жақтарына тоқталып кетейiк.
Қазақстан Республикасында қалыптасып жатырған көп жақты әлеуметтiк
әрiптестiк келiсiмдер мен келiсiм шарттарға негiзделе отырып, олардың нормативтiк
және заңды бекiтiлудiң объективтi қажеттiлiгiн алға шығарады. Бүгiнгi күнi еңбек
қатынастарын келiсiмдiк реттеу және еңбек ақыны төлеудi ұйымдастыру республика
бойынша мынандай заңнамалық және нормативтiк құжаттармен реттеледi:
“Ұжымдық келiсiм туралы”ҚР Заңымен1992 ж.;
ҚР Президентiнiң “Әлеуметтiк-экономикалық және еңбек қатынастары
саласында әлеуметтiк әрiптестiк туралы” Қаулысымен 1994;
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
20
~
Бас келiсiм, облыстық Алматы қалалық және салалықтарифтiк
келiсiмдердi дайындау мен оларға отыру тәртiбi туралы ережемен1995ж.
“Ұжымдық еңбек айтыстары мен ереуiлдер туралы”ҚР Заңымен1996ж.;
“Қазақстан Республикасында әлеуметтiк әрiптестiк туралы” Заңымен 2000
ж. .
Келтiрiлген актiлер республикадағы ұжымдық-келiсiмдiк қатынастарды
дамытудың жалпы және арнайы жақтарын реттейдi, оған түрлi деңгейдегi келiсiмдер
мен келiсiм-шарттардағы еңбекақы төлеу мәселелерi реттеледi.
Атап айтатын болсақ, “Ұжымдық келiсiм туралы” заңы ұжымдық келiсiмдердi
жасақтаудың, оған отырудың орындаудың, келiссөз жүргiзудiң жалпы құқықтық
және ұйымдастырушылық негiздерiн анықтайды. Бұл заң актiсiнде ұжымдық
келiсiмде мына көрсеткiштер көрсетiлуi тиiс екендiгi белгiленедi:
- еңбекақы төлеу мен оны ұйымдастыру;
-
ең төменгi тарифтiк ставка мен лауазым окладтар шамасы;
жұмыскерлерге жеңiлдiк беру жағдайлары және т.б.
-
тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуiне байланысты жұмыскерлердiң
табысын өтем жасау тәртiбi мен мөлшерiн анықтау;
-
жұмыскерлердiң жұмысты жоғалытқан жағдайында сақтандыру тәртiбi
мен жағдайлары;
-
өндiрiс тоқтаған жағдайда жұмыскерлердi қорғау шаралары;
-
еңбек пен тұрмыс жағдайы;
-
жұмыскерлердi жұмыспен қамту және қайта оқыту;
-
еңбек және әлеуметтiк – экономикалық басқа да мәселелр бойынша
жағдайлар.
Кәсiподақтар мен олардың бiрлестiктерi аймақтық және ұлттық деңгейлерде
көптеген жұмыскерлер үшiн олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғайтын
механизм болып табылмайды.
Сондықтан әлеуметтiк әрiптестiктi дамыту үшiн мына бағытта ұсыныстар
беремiз:
1. Әлеуметтiк әрiптестiктi еңбек қатынастары аясында қоғамды одан әрi
демократияландыру механизмi ретiнде қарау.
Әлеуметтiк әрiптестiк – бұл тұрақты дамуға жетудiң өзара қолданбалы
тәсiлi,- әлеуметтiк қайшылықтарды төмендетудiң басты шарты екендiнiн атап айту
керек.
2. “Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк әрiптестiк туралы” ҚР Заңына
сәйкес әлеуметтiк әрiптестiктiң қалалық және аудандық үш жақты комиссия
жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру. Ол тұрақты түрде жұмыс жасап, әлеуметтiк-
экономикалық салада үкiмет органдары, жұмыс берушiлер және жұмыскерлер
арасындағы еңбек қатынастары аясында туындаған келiспеушiлiктердi және
мәселелердi шешiп, оның алдын алып, үш жақтың мүдделерiн қорғауы тиiс.
3.
Барлық
мемлекеттiк қызметтер мен
қалалық
және аудандық
ведомстволарда әлеуметтiк және экономикалық саясат мәселелерi бойынша
әлеуметтiк әрiптестермен әрдайым жанжақты кеңесiп отыру практикаға енгiзiлуi
тиiс.
4.Үш жақты әлеуметтiк әрiптестiк комиссиясының барлық қатысушыларының
тең құқығын сақтау. Қала мен аудан деңгейiнде әрiптестiк қатысушылары болып
ресми түрде заңды тұлғалар одағы статусын алған жұмыс берушiлер мен
кәсiподақтар бiрлестiктерi болуы тиiс.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
21
~
5. Әлеуметтiк әрiптестiктiң қалалық және аудандық үш жақты комиссия
мәжiлiстерiнiң күн тәртiбiнде еңбек қатынастары аясында туындаған өзектi
мәселелер кiргiзiлуi керек, оларды күш әдiстерiмен шешу немесе үнсiз айтпай қалуға
жол берiлмеуi тиiс. Еңбек келiспеушiлiк жағдайларын шешуде конструктивтiк
әдiстердi қолдану қажет.
6. Барлық әлеуметтiк әрiптестерге халық арасында нарық жағдайындағы
кәсiподақтың рөлi мен орны жөнiнде түсiндiру және ақпараттық жұмыстар жүргiзу
керек. Жалпылама қалыптасқан кәсiподақты бұрынғыша әлеуметтiк мәдени бөлiм
деп қарауды жою. Кәсiподақтың рөлiн жұмыскер мен жұмыс берушi арасында пайда
болған мәселелердi келiспеушiлiкке бармай шеше алатын делдал деп түсiндiру
керек.
7.Үкiмет
органдары
кәсiподақтармен
бiрiге
отырып,
мемлекеттiк
қызметкерлердi, жұмыс берушiлердi, жұмыскерлердi және жұмыссыздарды жаңа
еңбек қатынастарына оқытудың тұрақты қызмет ететiн жүйесiн құрулары керек.
Әсiресе, “ҚР –дағы еңбек туралы”, “ҚР-дағы әлеуметтiк әрiптестiк туралы” ҚР
Заңдарын бiлуге ерекше назар аудару.
8. Меншiк формасының барлық түрiндегi ұйымдардың басшылары егер ол
ұйымдарда
бiрнеше
кәсiподақтар
жұмыс
жасайтын
болса,
жұмыскерлер
Жақтарының толық қанды қатысушылары ретiнде қарап, олармен жылда жасалатын
ұжымдық келiсiмдер туралы кеңесiп отыруы керек.
9. Кәсiподақтарға кәсiпорындарда ұжымдық келiсiм жасарда және оны
қабылдауда жұмыстарын жандандыру. Олардың орындалуын жұмыскерлер
мүдделерiнiң қорғалуын қатаң бақылау.
10. Жұмыскерлердi жұмысқа алуда және жұмыстан шығаруда еңбек
заңдылықтарының орындалуын қатаң бақылау. Сонымен қатар, жұмыс берушiлердiң
құқықтарын да құрметтеу, тек негiзделген талаптар қою қажет.
11. Әлеуметтiк әрiптестiк тараптары келiспеушiлiк туындаған жағдайда
амбицияны, конъюнктуралық, корпоративтiк және топтық мүдделердi жеңу, келiссөз
барысында қатаң қарсы тұру ықтималдылығын жою.
12. Жұмыс берушiлерге, жеке бизнес иелерiне Ар кодексiн жасау және
практикалық қолдану, ол қазақстандық бизнестi жүргiзуде жоғары моральдық-
этикалық нормаларға үгiттеу, әсiресе жұмыскерлер арасында өзара қарым-қатынас
орнатуда қолдану.
Әдебиеттер тізімі
1. Берешев С. Регулирование заработной платы в Республике Казахстан.-Алматы:
Баспа, 2001.-224 с.
2. Сабирова Р.Қ. Еңбек нарығы экономикасы. Атырау.-2009-127 б.
3. Үскенов М.Қ., Сабирова Р.Қ. Ауыл шаруашылығында еңбек нарығын реттеу
тетіктері. Шымкент.-2006.-186 б.
Резюме
В этой дипломной работе рассматривается основы социального партнерства в
РеспубликеКазахстан.Однимизглавныхсубъектовсоциальногопартнерстваявляетсяпр
офсоюзныеорганизации.
Summary
In article the social partnership as regulation of the labor relations is considered.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
22
~
УДК 344.414
Б.Қ. Тажгарина
ЖАҺАНДЫ ЖАЙЛАҒАН ЖЕМҚОРЛЫҚ
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Аңдатпа
Автор бұл мақалада сыбайлас жемқорлықпен күрес тек қана құқық қорғау
органдарының, сонымен қатар мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес, ол
барлық қоғамның бірлесіп шешетін мәселесі болуы қажет екендігін алға тартады.
Қазақстан үшін мемлекеттің экономикалық мүдделеріне тікелей әсер ететін
органдарының іс - әрекеті ұйымдасқан қылмыстылық пен сыбайласқан лауазым
иелері мен контрабанда, пара беру мен алу және тағы басқа қылмыстар сияқты
мемлекетаралық қылмыстардың түрлеріне тоқталып, оларға беретін жаза мөлшерін
қатаңдау керек деп сайнайды.
Демократиялық институттар мен құндылықтар сыбайлас жемқорлықтың
көріністерімен, сондай-ақ, одан туындайтын қоғамның тұрақты және қауіпсіз
дамуына қатер төндіретін проблемалармен сыйыспайтыны даусыз. Тиісінше
Қазақстанда іске асырылып жатқан демократиялық қайта құрулар сыбайлас
жемқорлықтың барлық көріністеріне қарсы барлық деңгейлердегі күресте тиімді
жұмыс істейтін жүйесіз мүмкін емес.
Сыбайлас
жемқорлықтың
мемлекеттің
бәсекеге
қабілеттілігін
едәуір
төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні,
елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың
қоғамдық демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне,
түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызат түсіретіні даусыз.
Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы ежелгі кезеңнен бастау алады. Атақты
француз философы Шарль Луи Монтескье: «Көптеген ғасырлар тәжірибесі
көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті
шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді», - деп айтқан.[1]Сыбайлас
жемқорлық құбылысын халықаралық заманауи тұрғысынан түсіну және оған қарсы
күрес шараларын іске асыру жолдары қылмыстың алдын алу және құқық
бұзушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі БҰҰ-дың Сегізінші Конгресінің хатшылығы
әзірлеген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша практикалық шаралар»
атты нұсқаулықта көрініс тапты (Гавана, 1990 жылғы тамыз-қыркүйек).[2] Осы
құжатты талқылау нәтижесінде әлемдік қауымдастыққа сыбайлас жемқорлықтың
мынадай ерекшеліктері ұсынылды:
а) Осы ұғымның мағынасынының сипатына қарай сыбайлас жемқорлыққа жататын
барлық құқық бұзушылықтар енгізілуі тиіс, олар: этикалық, тәртіптік, әкімшілік және
қылмыстық-құқықтық бұзушылықтар, бұл сыбайлас жемқорлық жолына түскен
субъектінің қызметтік бабын өз басының пайдасына асыра пайдаланып, заңды
бұзғандығынан көрінеді. б)Мемлекеттік қызметтегі тұлғаларды сыбайлас жемқорлық
жолына итермелейтін субъектілердің қызмет шеңберін шектеу. Бұған шенеуніктердің
артықшылықтарды заңсыз пайдаланғанын жатқызуға болады, осындай қызмет
көрсететін субъектілердің шеңберін жеке және заңды тұлғалар толықтырылып
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
23
~
отырады. в)Өз қызмет жағдайын жемқорлық құқық бұзушылықтың субъектісі
ретінде заңға қайшы сипатта пайдалану.
1. Жемқорлықтың көрініс табуының ең қауіпті екі түрі:
- мемлекеттік немесе қоғамдық мүліктерді жемқорлық жолмен ұрлау;
- мемлекеттік қызметкерлердің әрекетінде ұрлық белгілері байқалмаса да, олардың
қандай да бір артықшылықтарды заңсыз жолмен алу мақсатында өз қызметтік
жағдайын теріс пайдалануы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей:
«Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті,
бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес».
[3]
Қазіргі отандық әдебиеттерде: «Сыбайлас жемқорлық - (латын тілінен
«соrruptio» - пара беріп сатып алу, құқық бұзу, құлдырау деген мағынаны білдіреді)
деп қоғамдық және саяси қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың сатқындығын,
оларды сатып алуды, яғни саяси, экономикалық, әскери және тағы басқа да
салалардағы қызметкерлердің қолындағы билігінің мүмкіндіктерін және қызмет
бабын жеке басын байыту мақсатында пайдалануын айтады».
Сыбайлас жемқорлық - бұл екі жақ арасындағы «мәміле» деп тұжырымдауға
болады, оның бірі – өз лауазымдық өкілеттігін заңға қарсы пайдаланатын мемлекттік
немесе жеке қызметте жұмыс істейтін тұлға, екіншісі – мемлекеттік немесе жеке
құрылымды өз басының пайдасы, яғни материалдық жағдайын көтеру, артықшылық
алу, заңда көзделген жауапкершіліктен таю тағы үшін пайдаланатын адам. Осындай
құбылыс екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін:
1. мемлекеттік қызметшінің өзі алдына келген адамды пара, сыйақы беруге
мәжбүрлейді.
2. белгілі бір адам, бұл ұйымдасқан қылмыс өкілі болуы мүмкін, мемлекеттік
қызметшіге көп жағдайда психологиялық қысым көрсетіп, оны «сатып алу»
мақсатында пара, сыйақы алуға итермелейді.
Сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен типологиясын қарастыру үшін, сыбайлас
жемқорлық субъектілерінің қызметтік бабын өз басының пайдасына пайдалануына,
пара беруші мен пара алаушының мәртебесіне, пара берушінің өзіне алған
пайдасына, пара берудің мақсатына, сыбайлас жемқорлықтың таратылуы және
жиілігіне қарай келесі жіктелімге назар аударалық.
Сыбайлас жемқорлық қарым-қатынастарының типологиясы(
1-Кесте)
Сыбайлас жемқорлық
типологиясының
өлшемдері
Сыбайлас жемқорлықтың түрлері
Қызметтік
бабын
өз
басының
пайдасына
пайдаланушы субъект
Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық Коммерциялық
сыбайлас жемқорлық
Саяси сыбайлас жемқорлық
Сыбайлас
жемқорлықтық
қарым-қатынастың
бастамашысы
Мекемені басқарушы тұлға алдына келген адамды
пара беруге мәжбүрлейді.
Көмек сұрап келген адамның өзі пара ұсынады.
Пара беруші субъект
Жеке адам парасы (кез келген азамат)
Кәсіпкерлік пара (нақты фирмалар)
Қылмыстық пара (ұйымдасқан қылмыс өкілдері,
мысалы, есірткі таратушылар)
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
24
~
Параның түрі
Ақшалай пара; Қызмет көрсету
Пара берушінің пара беру
мақсаты
Тездету үшін пара беру (пара алған адам бір істі
жедел орындауы тиіс)
Тежеу үшін пара беру (пара алған адам бір істің
орындалуын тоқтатуы тиіс, сөйтіп өз қызметтік
міндеттерін бұзады)
«Жылы көзбен қарау» үшін берілетін пара (пара
алған адам қызмет бабында белгілі бір тұлғаның
«тырнақ астынан кір іздей бермеуі тиіс» )
Сыбайлас
жемқорлықтық
қарым-қатынастың
орталықтандырылу
дәрежесі
Орталықтандырылмаған жемқорлық (пара беруші
кез келген адам өз бетінше әрекет етеді).
Орталықтандырылған
сыбайлас
жемқорлық
«төменнен
жоғары
жаққа
қарай»
(төменгі
сатыдағы шенеуніктер жинаған парасын өзара
және жоғары тұрған басшылықпен бөліседі)
Сыбайлас
жемқорлықтық
қарым-қатынастың
таратылудеңгейі
Биліктің төменгі сатысында орын алған сыбайлас
жемқорлық (биліктің төменгі және ортанғы
сатыларында)
Биліктің жоғарғы сатысында орын алған сыбайлас
жемқорлық (жоғыры қызметтегі шенеуніктер және
саяси қайраткерлер)
Халықаралық
сыбайлас
жемқорлық
(шаруашылық қарым-қатынас саласында)
Сыбайлас
жемқорлықтық
байланыстардың жиілігі
Ауық-ауық түрдегі сыбайлас жемқорлық
Жүйелі түрдегі сыбайлас жемқорлық
Клептократия (биліктің ажырамас бөлігі ретіндегі
сыбайлас жемқорлық )
Көне заман тарихына көз жүгіртетін болсақ, алғашқы және ерте таптық
қоғамдарда абыздарға, көсемдерге, әскербасыларына олардың көрсеткен көмегі,
қызметі үшін төлемақы беру әдеттегідей норма болып қабылданғаны мәлім. Жоғары
шенде тұрған басшылар қарамағындағы төменгі шендегі қызметкерлердің
белгіленген бір төлемақыға риза болғанын талап ете бастады, яғни олар белгілі бір
көлемде жалақы алатын болды. Ал төменгі шендегі қызметкерлер лауазымдық
міндеттерін орындау барысында көрсеткен қызметі үшін жасырын түрде қосымша
төлем талап еткен. Біздіңше осы құбылысты сыбайлас жемқорлықтың алғашқы
белгілері деп қарастыруға болады.
ХХ ғасырда сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың даму үдерісі мынадай:
- сыбайлас жемқорлықтың түрі мен формасы көбейе түсті.
- ауық-ауық түрдегі сыбайлас жемқорлық жүйелі түрдегі сыбайлас
жемқорлыққа айналды.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
25
~
- биліктің төменгі сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық биліктің
жоғарғы сатысында кездесетін, одан әрі халықаралық сыбайлас жемқорлық
сипатына ие болды.
Сыбайлас жемқорлық мәселесін зерттеген кезде мынадай сауал туындайды:
сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері қандай және осы құбылыс неліктен
осындай түрде жүзеге асады.[4]Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерін
зерттеу барысында бірқатар қиындықтарға тап боламыз. Кейде бір фактіні сыбайлас
жемқорлықтың себептері ме әлде салдары ма екенін анықтау да қиындық туғызады.
Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері жүйеленіп, мынадай жіктелім
ұсынылады:
әлеуметтік-экономикалық,
саяси,
ұйымдастырылған,
құқықтық
себептер, сондай-ақ мәдени-этикалық сипаттағы факторлар.
Сөйтіп, сыбайлас жемқорлық - бұл, біріншіден, мемлекетке үлкен қаржылық
нұқсан келтіреді, екіншіден, мемлекеттік биліктің беделіне залал келтіреді,
үшіншіден, қоғам мен мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік тұрғысынан
құлдыратады.
Жалпы дүниежүзінде жемқорлық әлемдік масштабтарға ие болды. Сыбайлас
жемқорлық мәселесін шешуге БҰҰ, Еуропа Одағы, Еуропа Кеңесі, Америка
мемлекеттерінің ұйымы, сонымен қатар, Экономикалық Ынтымақтастық және Даму
Ұйымы қосылады. Тарихи дамудың қазіргі кезеңінде жемқорлықтың трансұлттылығы
бүкіл қоғамдастық қауіпсіздігі үшін төндіретін қауіпті бейтараптандыру үшін
халықаралық деңгейде жаһандық шаралар қабылдауды талап етеді. Халықаралық
жемқорлыққа қарсы мыналарға бағытталған құқықтық, саяси, ұйымдастырушы
шаралар кешені ретінде стратегия қажет: 1) қоғамдық жемқорлыққа қарсы көзқарас
қалыптастыру; 2) жемқорлықтың зияны туралы хабардарлықты көтеру; 3)
жемқорлық құқық бұзушылықтарды сыныптаудың халықаралық стандарттарын
қамтамасыз ету, заң құзыреті әділет параметрлерін унификациялау; 4) жемқорлық
әрекеттерді айқындау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін оның алдымен қаржы
саласында ашықтық атмосферасын жасау.[5]
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жетуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы
саясат әр түрлі халықаралық ұйымдардың халықаралық -
құқықтық
актілеріне
бағытталған. Жемқорлық мәселесіне Біріккен Ұлттар Ұйымы үлкен көңіл бөледі.
Әлемдік құбылыс ретінде жемқорлыққа қарсы бағытталған бірнеше декларация мен
конвенциялар қабылданғанын төменде байқауға болады. 2003 жылы Біріккен Ұлттар
Ұйымы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Конвенциясын қабылдады.[6] Конвецияның
жағымды жақтары көп, бірақ та Конвенцияда қарастырылған сыбайлас
жемқорлықпен күресудің көптеген шараларына қарамастан, оларды орындау құқық
бұзушыға деген тиісті санкциялармен қамтамасыз етілмеген. БҰҰ қарамағында
құрылған ұйымдар жемқорлыққа қарсы құралдарды жасауда белсенді қызмет
атқарады. Халықаралық қылмысты алдын алу орталығы, Біріккен Ұлттар
Хатшылығының қылмысты алдын алу және нашақорлықты қадағалайтын басқарма
аймақ аралық қылмыс бойынша Біріккен Ұлттар Институтымен бірге «Жемқорлыққа
қарсы әлемдік бағдарламаны» жасады.
Шетелдік
мемлекеттік
органдардың
лауазымды
тұлғаларының
парақорлығымен күресу жөнінде Экономикалық Ынтымақтастық және Даму
Ұйымының 1997 жылғы 21 қарашада қабылданған және коммерциялық іс-әрекет
жүргізу барысында шетелдік мемлекеттік шенеуніктерге пара беруді қылмыс деп
жариялау мәселесіне арналған «Халықаралық іскери операцияларды жүргізу
барысында
шетелдік
мемлекеттік
органдардың
лауазымды
тұлғаларының
парақорлығымен күресу жөнінде» Конвенция. Бұл конвенция коммерциялық ортада
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
26
~
салауатты бәсекелестікті қалыптастыруда алғышарт болып есептеледі. ЭЫДҰ
сипатталған құқықтық бастамасының маңыздылығы үш кезеңмен анықталады.
Біріншіден, ол Солтүстік және Оңтүстік елдерге сыбайластық төлемдердің ағылып
келуін қысқартады. Бұл тиісті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру үшін және сауда-
саттықтың әділ жағдайларын сақтау үшін қолайлы ахуал жасауға тікелей септігін
тигізеді. Екіншіден, ол жаһандық масштабта басқару нормаларын дайындау үшін үлгі
бола алады.Еуропа Одағы 1995 жылы «Өзінің қаржы мүддесін қорғайтын
Конвенцияны» қабылдады. Осы құжатқа қосымша ретінде 1997 жылы Еуропа Одағы
«Еуропа қоғамы және осы қоғамдардың мүше-мемлекеттерінің лауазымды адамдары
кірген жемқорлыққа қарсы күрес туралы Конвенция» қабылдады. Еуропамен
салыстырғанда 1996 жылы Америка мемлекетінің ұйымы көлемді құжатты
қабылдады. Америка аралық Конвенция жемқорлыққа қарсы күресті кең түрде
қолдайды. Бұл аймақтық келісім (АҚШ-ты қоса, АМҰ мүшелерінің көпшілігі қол
қойған) мүше мемлекеттің өз аумағында конституцияға бағындырылған жемқорлық
әрекетті жоюға бағытталған шараларды қолдануды, отандастарының және
резиденттерінің шет елдегі әрекеттеріне жауап беруді талап етеді. Бұл Конвенцияны
Оңтүстік және Солтүстік Американың 20 мемлекеті бекітті. Осы құжат мемлекеттің
ішінде жасалған қылмысқа ғана емес, трансұлтты қатынастарға да таралады.[7]
Қазақстанның
2030
жылға
дейінгі
даму
стратегиясын,
«Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңын, Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздігі стратегиясын іске асыру мақсатында 2001 жылғы 5 қаңтарда 2001-2005
жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің екінші мемлекеттік
бағдарламасы бекітілді.[8] Аталған бағдарлама алдынғы бағдарламаның логикалық
жалғасы болып, сыбайлас жемқорлықты, әсіресе экономика саласындағы сыбайлас
жемқорлықты, туғызатын жағдайларды айқындаудың және жолын кесудің тиімділігін
одан әрі арттыруға бағытталған шараларды көздейді.Адам құқықтарын қорғаудың
соттан тыс институттары нығаюда. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004
жылғы 29 қарашадағы «Адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтарын
қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру» Жарлығымен халқаралық стандарттарға сай
келетін Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілінің
(Омбудсмен) құқық қорғау мүмкіндіктері кеңейтілді.[9]Қазақстан Республикасының
Президенті Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы жолдауында сыбайлас
жемқорлыққа және қылмысқа қарсы күрестің нәтижелері мен мәселелерін талдай
келе, Қазақстанның кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес саласындағы заңды қабылдаған алғашқы мемлекет екенін ескеріп,
халақаралық конвенцияларға қосылғанын атап өтті. Осы мәселеде Қазақстан соңғы
орында еместігі баршамызға мәлім.
2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің
мемлекеттік
бағдарламасында
(үшінші
бағдарлама)
сыбайлас
жемқорлық
әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономикаға көшу, инвестициялар тарту
процестерін
тежейді,
демократиялық
мемлекеттің
саяси
және
қоғамдық
институттарына жағымсыз әсер етіп, еліміздің болашақта дамуына қауіп төндіретіні
айтылған.
[10]
Елбасы жанында консультативті-кеңестік орган – Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасын сақтау
мәселелері жөніндегі комиссия құрылып, жұмыс жүргізуде. Осы орган өзін тек
талдау органы ғана емес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша
нақты істер атқаратын орган ретінде де орнықтырды.Сонымен бірге 2004 жылы
Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттік
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
27
~
(қаржы полициясы) құрылған. Осы органның жұмысы экономикалық және сыбайлас
жемқорлық қылмыстың себептерін анықтауға, осындай құбылысты туғызатын
жағдайлардың жолын кесуге бағытталған. Қазақстан Республикасы Президентінің
2005 жылығы 25 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігін (қаржы полициясы) қайта
ұйымдастыру
туралы»
Жарлығы
қабылданып,
агентіктің
Қазақстан
Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік
орган етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастыруын жүктеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сыннан өткен шараларды тұжырымдау
жөнінде қоғам мен мемлекет арасында өзіндік көпір бола отырып, осы функцияны
«Нұр-Отан»
халықтық-демократиялық
партиясының
жанындағы
Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жуырда құрылған қоғамдық кеңес те өз
жауапкершілігіне алып, көптеген іс тындыруда.
Сыбайлас жемқорлық – бұл нақты заңдық анықтамасы жоқ әлеуметтік
құбылыс және кез келген құбылыс іспетті ол өзіне тән белгілермен сипатталады, әрі
өз дамуында үлкен әлеуетке ие. Сыбайлас жемқорлықтың ерекше белгісі - ол
қылмыс субъектілерінің өз қызмет бабын, құқықтық мәртебесін және қызмет
мүддесіне қайшы әрі құқық пен ар-ожданның қалыптасқан нормаларына қайшы
орналасқан лауазымның беделін пайдалану жолымен істелінеді. Осы әрекеттер
мүліктік не өзге пайда табуға және қандай да бір мүдделер мен қажеттіліктерді
қанағаттандыруға
тікелей
бағытталған.
Мысалы,
саяси
сыбайластықты
саясаткерлердің, саяси үміткерлердің немесе олармен байланысты адамдардың
сайлауды дайындау және өткізу, белгілі бір мемлекеттік лауазымға тағайындау
немесе бекіту кезіндегі іс-әрекеттері ретінде анықтауға болады. Мемлекеттік билік
және басқару органдарында жемқорлық қылмыстардың тікелей нысаны мемлекеттік
қызметтің беделін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық мәселесін зерттей отырып, сыбайлас жемқорлық мүдделі
топтардың экономикалық мүдделерінің көлеңкелі ықпал ету түрі ретінде осы
мәселеге қатысты төмендегідей түйін жасауға болады.
Біріншіден, барлығы мойындағандай, сыбайлас жемқорлық – саясаттың
ажырамас бөлігі болып табылады. Өйткені лауазымдық тұлғаның игіліктерді бөлуге
құқығы бар жерде, мүдделі тұлғалар тарапынан үнемі әлеуметтік үқсастық жасау
мүмкіндігі болып тұрады. Яғни, игілік деп біз тек қана материалдық ресурстарды
меңзеп тұрмаған болармыз, сонымен қатар оған лауазым иесінің түрлі әрекеттерге
тыйым салу немесе рұқсат ету тағы басқа құқығы да жатады.
Екіншіден, сыбайлас жемқорлық жоғары деңгейге көтерілуі бұл мәселеге
шындап көңіл бөлуді талап етеді. Заманауи жемқорлықпен күресу шаралары тек
қана репрессивтік сипатта болмауы қажет, заңнамалардың да жетілдіруіне баса
назар аударған жөн.
Үшіншіден, осы қоғамдық зауалға қарсы қоғамның бірігуі жемқорлықпен
күрестің жеңісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Толығырақ қарастыратын болсақ,
сыбайлас жемқорлықты терең зерттеуге толық қол жете қойған жоқ. Іс жүзінде,
анық дүниенің өзіне өмір күнделікті өзгерістер енгізіп отыр. Болашақта көлеңкелі
әрекеттер сыбайлас жемқорлықтың жаңа түрлерін туындатуы әбден мүмкін. Қоғам
мен мемлекеттің алдындағы басты міндеті – осы қылмыстың деңгейін неғұрлым
азайту болып табылады.
Жемқорлықты болдырмау үшін, біздің пікірімізше, экономикалық, құқықтық
және саяси сипаттағы шаралар кешенін қабылдау керек, олар:
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
28
~
1. Сыбайлас жемқорлықтың сайлау үдерісіне ықпалын азайту. Сайлау рәсімінің
тазалығы және ашықтығы, ең алдымен – сайлау науқандарын қаржыландыру.
2. Заң шығару органдарына сыбайлас жемқорлықтың ықпалын кеміту. Ол үшін
депутаттарды қылмысты жауапқа тарту рәсімін ықшамдау керек. Конституция мен
елдің заңдарына сүйене отырып, партия қызметіне мемлекет тарапынан бақылауды
күшейту. Партиялардың құрылуын қолдау қажет, үміткерлердің сайлаушылар
алдында жауаптылығын арттыру, оларға ашық түрде өздерінің үміткерлерін
таныстыру, саяси әлеуметтік тетігіне ие болу және олар үшін жауап беру.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүргізуші кадрлардың біліктілігінің
жеткіліксіздігі, сондықтан олардың жұмысын жетілдіру, ішкі сатқындардан тазарту –
ең алдыңғы міндеттердің бірі. Бұл мәселені шешу үшін:
1. ең алдымен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын көтеру;
2. құқық сақтау органдарын заманауи техникамен қамтамасыз ету деңгейін
көтеру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды енгізу қажет.
3. Жемқорлыққа қарсы ведомстволық бағдарламалар қабылдау. Әр
ведомствоға өздерінің ерекшеліктеріне сай, сыбайлас жемқорлық қылмыстар
құрылымы және жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыру тәсілдері бар. Олардың
әрқайсысына сырттан мамандарды тарту арқылы ерекше бағдарламалар жасау
керек. Ведомстволық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаларды әрбір үш-бес
жылда жаңартып отыруды тәжірибеге енгізу қажет. Осы салаға алуан түрлі
сыбайлас жемқорлықты жұқтырған мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік
бағдарламаларға ревизия жасау да жатады.
4. Насихат және хабардарлық. Бұл шаралар кешені төмендегі бағыттар
бойынша жүзеге асырылуы тиіс:
1) басқа елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты бағдарламаларды
зерттеп, игеріп, үлгісін тарату; 2)аймақтардың, ірі кәсіпорындардың, салалардың,
билік тармақтарының шешімдерін және олардың өкілдерінің әрекеттерін бір-бірімен
салыстырып отыру, сыбайлас жемқорлық деңгейінің көрсеткіштерін бұқаралық
ақпарат
құралдарында
тұрақты
жариялау
және
пайдалану;
3)сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде тұрақты ақпарат
беріп тұру.
6. Халықаралық ынтымақтастық. Егер ұлттық сыбайлас жемқорлық нақты бір
елдегі жалпы проблемалардың пайда болуына себеп болса, халықаралық өзара
әрекеттен туындаған сыбайлас жемқорлық осы өзара әрекеттердің толық
жетілмегеніне байланысты. Сондықтан өзара әрекет ету тетігін жетілдіруге
бағытталған күш қолдану қажет. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес жемісті нәтиже беру үшін мынадай ұсыныстар ескерілуі тиіс:
1. жемқорлыққа қатысты азаматтардың адами ұстанымын қалыптастыру;
2. құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру;
3. мемлекеттік қызметшілердің ар-ождан ұстанымы олардың мәртебесіне сай
болуы;
4. мемлекеттік қызметкерлердің табысын және олардың заңға сәйкестігіне
шынайы бақылау жүргізу;
5. қылмыстық жолмен тапқан пайда мен мүлікті тәркілеудің тиімді тәртібін
енгізу;
6.
мемлекеттік билік және басқару органдарында жемқорлыққа қарсы
әрекет ету мақсатында қоғам мен мемлекет осы мемлекеттік қызметшілерге беретін
жеңілдіктерді заңда нақты белгілеу.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
29
~
Қоғам еліміздегі іргелі адам құқықтарын қатаң сақтай отырып, әлеуметтік-
экономикалық және саяси процестерге нақты әлеуметтік-құқықтық бақылаудың
күрделі біртұтас тапсырмасының шешу принципін жасап шығаруы қажет. Қоғам мен
мемлекеттің мүмкіндіктерін біріктіретін, сыбайлас жемқорлық қылмыстарды
ескертетін жаңа тұжырымдық үлгіні дайындауда талдаулық, ұйымдастырушылық
және насихаттау жұмыстарын қолға алу қажет.
Әдебиеттер тізімі
1. Состояние преступности в России. – М., 1994. – С. 14.
2. Максимов С.В. Коррупция. Закон. Ответственность. Москва:2000. - С. 44.
3. Коррупция в Казахстане (сущность, проблемы, предупреждение). //Материалы
международной
научно-практической
конференции.
Астана:
Акмолинская
полиграфия, 1999. – С.3.
4. Качановский Ю.В., Широков В.А., Плесовских Ю.Г. Антикоррупционная политика
и законодательство. Хабаровск, 1999. С. - 20-25.
5. Садыханұлы М. «Жемқорлықпен күрес бүкіл халықтық сипат алуға тиіс». //Дала
мен қала, 2008ж. 15 ақпан №7 - Б.3.
6. Біріккен Ұлттар Ұйымының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Нью-Йорк, 2003ж. 31
қазандағы Конвенциясы.
7. Топорин Б.Н. Европейское прао: Учебник //Институт государства и права РАН. –
М: Юристъ, 2001 – С. 54.
8. Кемали.Е. Актуальные вопросы реализации антикорупционной политики в
Казахстане на современном этапе. //Закон и время. №5. 2006. – С. 38
.
9. Башимов М.С Институт омбудсмена в странах СНГ и Балтии. Монографии. Т1
//Институт международного права и международного бизнесса «Данекер». –
Алматы: Данекер, 2003. –С.128.
10. Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің
2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2005 ж. 23
желтоқсандағы №1686 Жарлығы. //Егемен Қазақстан. – 2005 ж. 30 желтоқсандағы
№ 292-295.
Достарыңызбен бөлісу: |