Түйіндеме
Осы мақалада басты назар кәсіпорынды басқару жүйедегі кадрлық
саясаттың ролімен ерекшеліктеріне бөлінген.
Summary
In this paper,a focus onthe features androle of thehuman resources policyin the
management ofthe enterprise.
ӘОК 332.964
І.А. Абай, Э.М. Адиетова
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ
ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстандағы тұрғын үй нарығының мәселелері, құрылыс
нарығының экономикасы туралы, құрылыс саласының бағыттары және құрылыс
ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігі туралы айтылады.
Негізгі сөздер: тұрғын үй нарығы, құрылыс индустриясы, бәсекеге
қабілеттілік.
Құрылыс саласын еліміздің экономикалық дамуының «локомативі» деп
қарастыруымыз қажет. Жергілікті халықтың тұрғын үйге деген қажеттілігін
қамтамасыз ету, қажеттілікті қагағаттандыру факторларының бірі. Осыған орай
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
56
~
тұрғын үй саласының қалыптасуы мен дамуының маңызы зор, себебі материалдық
құндылықтардың ұдайы өндірісінің үрдісін қамтамасыз етеді және тұрғындардың
тұрақты өмір сүру жағдайларын қалыптастырады. Тұрғын үйдың көлемді құрылысы
сұранысты
қалыптастырады,
құрылыс
материалдары
өнеркәсібінің,
жиһаз
өндірісінің, металл өңдеу және отандық өнеркәсіптің барлық салаларының дамуына
жағдай жасайды.
Тұрғын үй құрылыс кешеніндегі дағдарыстың шиеленісуіне нарықтық
қатынасқа өту барысында, оған белсенді әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде
тұжырымдамалық-әдістемелік дайындықтың болмауы да себеп болды. Сонымен
қатар, оған объективті себептер де әсер етті. Олардың қатарында: негізгі
инвестициялық ағымдардың мемлекеттік саладан, әр түрлі бөлшектелген
кәсіпорындарға
ауысып
өтуіне
байланысты,
инвестициялық
белсенділіктің
төмендеуін; мемлекеттік қаржылық қолдаудың қысқаруын; құрылыс саласында
әрекет етуші кәсіпорындардың санының өсуін; құрылыстық материал өндіру мен
құрылыспен шұғылданатын алаңда жобалық-ізденіс жұмыстарын тиісті сапада
қамтамасыз етуге қабілетсіз шағын кәсіпорындардың болуын және меншіктік түрлері
бойынша кәсіпорындардың әр түрлілігін бөліп көрсеткен дұрыс.
Қазіргі таңда тұрғын үй құрылыстық кешенде тұрақтылық беталысы
қалыптасты. Құрылыс материалдары мен құрылыс қондырғыларының өндірісі және
тұрғын үй құрылысының көлемі өсті.
Тұрғын үйге деген қоғамның бүгінгі үміті - қолайлы, әрі ыңғайлы тұрғын үймен
тұрғындардың барлық әлеуметтік топтары үшін қол жетімді тұрғын үй нарығын
қалыптастыру. Ол үшін, тұрғын үй құрылысында бұрыннан қабылданған
мемлекеттік мақсатты бағдарламаларда жасалынған шараларды дамыту үрдісі
ойдағыдай және тиімді жалғасын табуы қажет.
Құрылыстық ұйымдардың қызмет етуінің болашаққа дамуына болжам жасау,
оларға ұзақ мерзімге бәсекелестік үстемділікті қамтамасыз етеді. Ол, өз кезегінде,
тұрғын үй құрылысы нарығындағы тұрақты жағдайдың қалыптасуына, өндірістік
қуаттардың оңтайлы жұмыспен қамтылуы мен қажетті тиімділік деңгейіне жетуіне
мүмкіндік береді.
Нарықтық
экономикада
құрылыс
индустриясының
даму
кезеңдерінің
күрделілігі, көптеген шешімін таппаған сұрақтар құрылыс саласына терең талдау
жасап, оны дамытумен жетілдірудің басым бағыттарын айқындауыды талап етеді.
Қазақстандық құрылыс саласында төменде көрсетілген 5 бағытта жұмыс жасау
негізгі проблемаларды кешенді шешуге мүмкіндік береді:
1. Құрылыс индустриясы кәсіпорындарын ұтымды басқару.
Қазіргі заманғы өндірістік қызмет ұтымды ұйымдастырумен тиімді басқарусыз
мүмкін
емес.
Кәсіпорынның
ұйымдастыру-басқарушылық
құрылымын
қалыптастыруда ішкі және сыртқы ортаның барлық факторларын есепке алу, уақыт,
күш және қаржыларды аз шығындай отырып, өндірістік қызметте көп тиімділікке қол
жеткізуге әсер етеді. Құрылыс саласындағы кәсіпорындарды басқарудың әдістемелік
және функционалды негіздерін жасай отырып, оларды ұйымдастырушылық-
технологиялық сенімділік деңгейі бар өндірістік жүйе ретінде қарастырған дұрыс.
Мұнда кәсіптік менеджмент сұрақтары құрылыс саласы кәсіпорынның ұтымды
басқарудың маңызды шарты болып табылады. Нарықтық қатынастардың
қалыптасуымен дамуында кәсіпорын менеджментінің басты міндеті ішкі және сыртқы
ортаның талаптарына қарай құрылымды өзгерту және басқару тиімділігін
арттырудың жолдарын іздестіру.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
57
~
Дәстүрлі құрылымдық сызбаларды есепке ала отырып, құрылыс индустриясы
кәсіпорындарын басқарудың оңтайлы құрылымы мен техналогиясын жасауға назар
аудару керек. Қазіргі заманғы құрылыс кәсіпорындардың ұйымдастырушылық
құрылымының спецификасиясын ескере отырып, басқарушылық функцияларын
орталықтандырудың ұтымды деңгейін анықтау қажет. Құрылыс кәсіпорындары
қызметін басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырудың маңызды сұрақтарының бірі-
құрылыс мердігерлерін ұтымды таратуды ұйымдастыру. Құрылыс мердігерлерін
дұрыс анықтаудың жолы тендір өткізу деуге болады.
Аймақтағы құрылыс ұйымдарының мүмкіндіктері (қуаты) мен оларға
қажеттілік
деңгейі
құрылыс
ұйымының
өндірістік-экономикалық
қызметін
жоспарлауда көрініс табады.
2. Құрылыс ұйымдарының жүйесі және жобалау-зерттеу жұмыстарының
тиімділігі.
Қазақстандық құрылыс индустриясының құрылымын нарықтық экономика
шарттарына қарай қайта өзгерту жобалау-зерттеу жұмыстарының тиімділігі мен
құрылыс ұйымдарының қазіргі заманғы жүйесін талдау қорытындыларын есепке ала
отырып іске асады. Бұл жерде отандық құрылыс саласының қалыптасуы мен
дамуының негізгі кезеңдері, оның қазіргі жағдайы мен даму перспективалары,
сонымен қоса, қазақстандық экономиканың инвестициялық-құрылыс саласының
тиімділігін арттыру проблемалары басты назарда болуы керек.
Отандық құрылыс индустриясының шикізаттық және отын-энергетикалық
базасын ұтымды пайдалану құрылыс ұйымдарының қазақстандық жүйесін
оңтайландыру проблемаларын
шешуде маңызды
роль
атқарады. Табиғи
ресурстарды тиімді пайдалану мен минералды шикізатты кешенді қайта өңдеуге
сәйкес көңіл бөлінуі керек.
Құрылыс ұйымдарының тиімді жұмысы басқа факторлармен қоса, жобалау-
зерттеу жұмыстарының ұтымды ұйымдастырылуы мен құрылымы арқылы да
анықталады. Мұнда ұйымдастырушылық-технологиялық жобалаудың деңгейін
қамтамасыз ету, сараптау процедураларын оңтайландыру, іске асырудың қазіргі
заманғы шарттарын есепке ала отырып, инвестициялық-құрылыс жобаларын келі-су
және бекіту қажет.
3. Құрылыс индустриясы кәсіпорындарында өндірістік үрдістерді ұтымды
ұйымдастыру және бақылау.
Құрылыс саласындағы проблемаларды шешуде құрылыс кәсіпорындарында
өндірістік үрдістерді ұтымды ұйымдастыру және бақылаудың маңызы зор. Құрылыс
өндірісінің негізгі және көмекші үрдістерін ұйымдастырушылық-техникалық жағынан
дайындау олардың қалыпты жұмыс істеуінің кепілі болып табылады.
Құрылысты ұйымдастыру мен басқаруда күнтізбелік жоспарлаудың алатын
орны ерекше. Тұрғызылатын нысандардың өзіндік құнын төмендету және сапасын
жақсарту үшін құрылыс ұйымдары құрылыстың жеке нысандары мен кешендерін
салғанда тиімді ұйымдастырушылық-технологиялық модельдеу мен күнтізбелік
жоспарлануға қойылатын негізгі талаптарды орындау керек. Мұнда жобаланған
күнтізбелік жоспарларға жүйелік техника-экономикалық бағалау өткізген маңызды.
Күрделі, кешенді нысандарды күнтізбелік жоспарлау құрылысты ғылыми
негіздеп жобалауды жүзеге асыратын жүйелік модельдерді қолдану керектігін
анықтады. Қазіргі заманғы құрылыс нысандарының көптүрлілігі мен күрделілігі
жүйелік модельдеу негізінде құрылыс жұмыстарын ұйымдастыруды қажет етеді.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
58
~
Сериялық және көпшілік құрылысты іске асыратын құрылыс ұйымдарындағы
өндірістік үрдістерді ұтымды ұйымдастыру негізінде ағынды құрылыс өндірісінің
теориясына сүйенген, жұмыстарды тиімді жоспарлау жатыр.
Құрылыс өндірісін ұтымды ұйымдастыру техника-экономикалық талдаусыз
және құрылысты ұйымдастыруға қатысты шешімдерді негіздеусіз мүмкін емес.
Мұндай шешімдер құрылысты ұйымдастырудың жобаларында құжаттық бекітіледі
және қажет жағдайларда жұмысты ұйымдастырудың жобаларында детальді түрде
көрсетіледі.
Құрылыс өнімінің сапасын бақылау мен басқарудың тиімді жүйесі қазіргі
заманғы құрылысты ұтымды ұйымдастырудың маңызды бөлігі. Тиімді жүйе
халықаралық нормалар мен сапа стандарттарын ескеріп, жергілікті жағдайларға
негізделеді.
4. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру және құрылыстағы материалдық ресурстар
шығындарын нормалау.
Құрылыс саласындағы кәсіпорындарда еңбекті ұйымдастырудың тиімділігін
арттыру жұмыс уақытының жоғалтуларын азайту мен оны мүлдем болдырмауға
байланысты. Сонымен қоса еңбек шарттарын оңтайландыру да еңбек өнімділігін
арттыруға әсер етеді. Еңбек пен өндірістік үрдісті ұтымды ұйымдастырудың маңызды
элеметі болып кадрлық менеджмент табылады.
Кез-келген өндірістің тиімділігі басқа факторлармен қоса, материалдық
ресурстарды пайдаланудың оңтайлылығымен де анықталады. Құрылыс өндірісі
жоғары материалсыйымдылығымен ерекшеленетіндіктен, материалдық шығындарды
нормалауды өндірістік үрдістердің техника мен технологиясының соңғы уақыттағы
өзгерістерін ескере отырып жүргізген дұрыс.
Құрылыс индустриясы дамуының өткен кезеңдерінде саладағы еңбекті
нормалау біртұтас (жергілікті, типтік) нормалар мен мөлшерлемелер арқылы рет-
телетін, ал нарықтық қатынастардағы мөлшерлемелерді қалыптастыру мен баға
құраудың өз ерекшеліктері бар. Құрылыс нысанын жобалау, қаржыландыру және
тұрғызу үрдістерін басқарудың маңызды бағыты қазіргі заманғы экономикалық
жағдайларды ескеретін құрылыстағы баға құрауды жетілдіру болып табылады.
Құрылыс индустриясының кәсіпорындары өз қызмет нәтижелерінің сыртқы
орта сұраныстарына сәйкестігіне.
Нарықтық экономикада сапалы өнім өндірісін ұйымдастырып қана қоймай,
өндірістің ассортименті мен көлеміне өзгертулер енгізу, тиімді баға саясатын
жүргізу, нарықтағы сұраныс пен ұсыныстардың өсіңкілігін ескеру өндірістің
неғұрлым тиімді болуын қамтамасыз етеді.
5. Қазіргі заманғы нарықтық экономика инфрақұрылымына құрылыс
индустриясы кәсіпорындарының интеграциялануы.
Нарықтық экономика инфрақұрылымына интеграциялану үшін саланы
дамытудың мемлекеттік стратегиясының негізгі ережелерін ескере отырып
жасалған, құрылыс кәсіпорындарын дамытудың тиімді стратегиясы болу керек.
Кәсіпорынды ұйымдастыру мен басқаруға, техника мен технологияны
жетілдіруге, өнім сапасын арттыруға, оның өзіндік құнын төмендетуге бағытталған
жаңашыл бастамаларды енгізудің жүйелі жұмыстарын жүргізбейінше кәсіпорындар
нарықтық экономикада тиімді және бәсекеге қабілетті бола алмайды.
Құрылыс саласында негізгі құралдарды жаңартудың тиімді құралы болып
лизинг табылады. Құрылыс техникасын жалға берудің тиімділігін халықаралық
тәжірибе көрсетіп отыр.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
59
~
Мердігерлік әдіспен жұмыс атқаратын құрылыс компаниясының бәсеке
қабілетін бағалау үшін оның нарықтағы тиімді жұмыспен көрсететін ақпараттық база
қажет. Кез-келген құрылыс компаниясының нарықтағы тиімді қызметінің белгісі –
атқарылатын жұмыстарға тапсырыстардың басқа фирмалармен ашық бәсекелік
күрес арқылы келеді. Құрылыс нарығының жекелеген сегменттеріндегі барлық
бәсекелік жағдайларының жалпы санындағы (фирманың қатысқан, барлық
тендерлерінің саны) ,осы фирманың ұтқан тендерлерінің үлесі бәсекеге қабілеттілік
көрсеткіші ретінде қарастырылады. Яғни :
Бәсеке қабілеттілік Фирманың ұтқан тендердің саны *100%
көрсеткіші
=
Фирманың қатысқан тендердің саны
Сонымен қатар бұл көрсеткіш нарықтың жекелеген территориялық арнайы
маманданған немесе территориялық арнайы маманданған сегменттеріндегі бәсеке
қабілетін көрсетіп қоймайды , ол мердігерлік әдіспен жұмыс атқаратын құрылыс
компаниясының жалпы бәсекеге қабілетін көрсетеді.
Тендерлерді өткізудің шетелдерге немесе елімізде қалыптасқан тәжірибесіне
қарасақ, тендерді обьектіні салу үшін немесе белгілі бір жұмыстарды атқару
неғұрлым төмен баға ұсынған фирмалар ұтады. Сонымен ұсыныстың барынша
төмен бағасы нақты нарықтық баға болып табылады.
Айталық, тендер қорытындысы бойынша j-обьектісіне ұсынылған ең төмеңгі баға Р
оj
болса, і-құрылыс компаниясының ұсынған бағасы Р
іj
дейік. Сонда , і – фирмасының
ұсынған бағасының ұсыныстың ең төмеңгі бағасынан асқан айырмасын көрсететін
коэффициентті келесі формула арқылы өрнектейміз:
V
ij =
Р
іj
/ Р
оj
Шетелдерде жүргізілген зерттеулерге қарасақ тендерге қатысушылардың кем
дегенде бесеуінің ұсыныс бағасы V
ij
– 1,2 коэффициенті мөлшерінен аспайтынын
көреміз.Қалыптасқан нарық жағдайында құрылыста қолданылатын барлық
ресурстардың бағалары бір – бірінен көп айырмашылығы болмайтынын және
пайданың ұсыныс бағасындағы үлесі аз екенін ескерсек, V
ij
коэффициенті 1,2 –
жоғары фирмалар тарапынан тендерді ұтуға деген асқан талпыныстың жоқтығын
байқаймыз.
Олардың тендерге қатысуы мен ұсыныс бағасының жоғары болуының себебі, олар
бір жағынан қарағанда аталған тендерді ұтуға ерекше құлшыныс танытпайды , ал
екінші жағынан алғанда , егер тендерді өздері ұсынған бағамен ұтатын екендіктерін
білдіреді. V
ij
коэффициенті мөлшерінің үлкен болуының енді бір себебі неғұрлым
төмен баға ұсынған фирмалар тарапынан баға мөлшерін есептеуде жіберілген
қателіктер болуы мүмкін , немесе осындай қателіктерді жоғары баға ұсынған
фирмалар да жіберуі ғажап емес. Бірақ, неғұрлым төмен баға фирма
басқаV
ij
коэффициентінің 1,2 –жоғары мөлшерін ұсынған фирмалардан ерекшеленіп,
жалғыз өзі қателік жіберуі сирек кездеседі,мұндай жағдайдың ықтималдығы
мүлдемге аз.
Ірі обьектілер үшін фирма ең төмеңгі бағадан айтарлықтай жоғары баға
ұсынады. Оның себебі ірі обьектілерді тұрғызудың тәжірибесінің аз болуы және саны
өздері ұсынылып отырған қызметтердің жоғарылтылған бағасының есебінен өтеу
талпынысынан туындауы мүмкін.
А- түрінде жататын фирмалар тендерді ұтуға шынайы мүдделі. Олардың
ұсынысы дәо қазір мезеттегі құрылыс нарығындағы қалыптасқан баға құрушы
факторларға негізделген.Олардың ұсынған бағасы ең төмеңгі бағадан көп
ауытқымайды, сондықтан осы топқа жататын фирмаларды жеңіске жетуге басты
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
60
~
үміткерлер ретінде қарастырамыз. Мұндай фирмалардың баға бәсекелестігі
аясындағы артықшылықтарына мыналар жатады:
-
Олар нарықтық белгілі бір сегменттіне жұмыс атқарады;
-
Болашақтағы тапсырыс берушілердің сұраныстары мен мүмкіндіктерін
жақсы біледі;
-
Өндіріс шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін орнықты және арнаулы
технологиясы бар.
В түріне жататын фирмалардың ұсыныс бағалары 1,05< V
ij
< 1,10
аралығында орналасқан. Оның келесі себептері бар:
- Бұл фирмалар құрылыс қызметтеріне деген сұраныстың жаппай төмендеуі
жағдайында бағаны меншікті шығындарын жабу мақсатында емес , пайда табу
мақсатында белгілейді;
- Мұндай фирмалар ұсынған бағалары біршама жоғары болса да , өздері
белгілеген бағалары неғұрлым төмен болып шығып, соның нәтежесінде тендерді
ұтуға мүмкіндік туады деп үміттенеді.
А-түрі
В-түрі
V
ij
0
5
10
15
20
25
30
35
1
1,05
1,1
1,15
1,2
1,25
1,3
1,35
1,4
1,45
1,5
п
а
йы
з
ш
а
кка
н
д
а
гы
у
с
ы
н
ы
с
та
р
ж
ие
л
иг
и
0
5
10
15
20
25
30
35
1
1,05
1,1
1,15
1,2
1,25
1,3
1,35
1,4
1,45
1,5
п
а
й
ы
з
ш
а
к
к
а
н
д
а
гы
у
с
ы
н
ы
с
та
р
ж
и
е
л
и
ги
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
61
~
С-түрі
V
ij
Д-түрі
V
ij
1-сурет. Кәсіпкерлік іс-әрекет түрлерінің белгілері
В-тобына
жататын
фирмалардың
өнімнің
өзіндік құнының
құрылымы
А-
тобына
жататын
фирмалардікімен
салыстырғанда
нашарлау. Яғни, мұндай фирмалар болашақтағы пайданың белгілі бір
мөлшерінен бас тартқан күннің өзінде өздерінің ұсынатын бағаларының
деңгейін ең төмеңгі баға деңгейіне дейін төмендете алмайды.
Жоғарыда көрсетілген жағдайлар В – тобына жататын фирмалардың
конъюктураны
жеткілікті
дәрежеде
білмеуінен,
өнімнің
өзіндік
құнының
жоғарлағынан , аймақтық ерекшеліктері нашар білуінен, обьектінің алыста
орналасуынан және басқа фактордың ықпалынан тендерді ұту жолындағы күресте
көп жағдайда жеңіліс табатынын көрсетеді.
С-тобына жататын фирмалар нақты қалыптасқан нарықтық факторларды
нашар меңгерген. Бұл жағдайда аталған фирмалар нарықтық неғұрлым көп
сегменттеріндегі ұйымдастырылатын барлық тендерленді белсенді түрде қатысуға
тырысуы тиіс. Мұндай фирмалардың ұсынатын бағасы күтпеген жерден төмен болып
шығуына үміттенуге болады.
Бәсеке саясаты А-тобына жататын фирмалардың жүргізілетін саясатына қарама-
қарсы және оны алдын – ала болжау аса қиын. С –тобына жататын фирмалардың
мамандану деңгейі нашар, тейімділігі жоғары технологиялары жоқ, сондықтан олар
басқа фирмалармен тиімді бәсекеге түсе алмайды.
0
2
4
6
8
10
12
14
1
1,05
1,1
1,15
1,2
1,25
1,3
1,35
1,4
1,45
1,5
п
а
й
ы
з
ш
а
кка
н
д
а
гы
у
с
ы
н
ы
с
т
а
р
ж
и
е
л
и
ги
0
5
10
15
20
25
30
35
1
1,05
1,1
1,15
1,2
1,25
1,3
1,35
1,4
1,45
1,5
п
а
й
ы
з
ш
а
к
к
а
н
д
а
гы
у
с
ы
н
ы
с
та
р
жи
е
л
и
ги
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
62
~
Д- тобына жататын фирмалар құрылыс нарығындағы бәсеке қабілеті
неғұрлым нашар кәсіпорындар қатарына жатады. Нарықта ұзақ уақыт бойы қызмет
атқаратын құрылыс компаниясы жоғарыда көрсетілген төрт топтың кез- келгеніне
кіруі мүмкін. Бәсекеге қабілетін жоғарлату стратегиясын қалыптастырғанда кез-
келген фирма тендерлерді неғұрлым жиі ұтып алуға мүмкіндік беретін басқару
әрекеттерін жасауға тырысуы керек .
Әдебиеттер тізімі
1. Кирпичникова Т.В. Оценка эффективности затрат строительных организаций
на обеспечение качества строительной продукции – Экономика строительства.-
2001. №4 (507). С.52-58.
2. Дикман
Л.Г.
Организация
жилищно-гражданского
строительства:
Справочник строителя. - М.: Стройиздат, 1990.- С.78-85
3. О.Сәбден “Бәсекелестік экономика” -Алматы : Ақиқат, 2007 жыл.-С.47-51
Достарыңызбен бөлісу: |