Экология и естественные науки



Pdf көрінісі
бет8/22
Дата31.03.2017
өлшемі4,25 Mb.
#11024
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

Резюме 
В  этой  статье  рассматривается  проблемы  жилищного  рынка,  рынок 
экономического  стрительства,  направления  в  области  жилищного  строительства  и 
конкурентноспособность строительных организации. 
 
Summary  
In  this  article  the  economy  of  the  market  стройтельства,  directions  in  the  field  of 
housing  construction  and  competitiveness  building  the  organizations  is  considered 
problems of the housing market, 
 
 
ӘОК  342.813 
 
 
Р.Қ.Сабирова, А.Ж.Миралиева  
 
Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
БІЛІМ БЕРУ-ЭКОНОМИКАНЫ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТЫ 
 
Аннотация 
 Бұл  мақалада  Қазақстанның  білімді  мемлекет,  ақылмен  құрылған  экономика 
және біліктілігі жоғары жұмыс күші екендігін пайымдай отырып, білім берудің дамуы 
еліміздің болашақ экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени өркендеуі сүйенетін 
тұғырнамасы  болуы  тиіс  екендігі  айтылды.  Білімді  жастардың  болуы  мен  ғылыми 
өмірдің  шоғырлануын,  ерекше  орта,  жаңа  білім  мен  технологияны  әзірлеу 
мүмкіншілігін,  экономикалық  инновация  мен  өзін-өзі  дамытуды    мемлекеттің 
технологиялық  серпінді  жасау  мүмкіндігінің  маңызды  көрсеткіштері  ретінде 
қарастырады.  Қазақстан  экономикасының  дамуы  елімізде  жаңа  білім  беру 
технологиясын құруды талап ететіндігін айырықша көрсетіп отыр. 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

63
 ~ 
 
Негізгі  сөздер:  әлеуметтік-экономикалық  орта,  білімді  мемлекет,  біліктілігі 
жоғары  жұмыс  күші,  инновациялық  экономика,  креативтік  орталықтар,  креативтік 
индексі, экономикалық білім.
 
 
Білім беру «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басым-
дықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы 
мақсаты  білім  беру  жүйесін  жаңа  әлеуметтік-экономикалық  ортаға  бейімдеу  болып 
табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің 
қатарына  енгізу  туралы  міндет  қойған  болатын.  Білім  беру  жүйесін  жетілдіру  осы 
мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады [1]. 
Халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами капи-
талға, атап айтқанда, білім беруге бөлінетін инвестицияның экономика мен қоғамға 
елеулі қайтарымы болатынын дәлелдеп отыр. 
Адами капиталға бөлінетін инвестициялар жылдам өзгеретін әлемде бейімделе 
алатын  техникалық  прогрессивті,  өнімді  жұмыс  күшін  құру  үшін  аса  қажет. 
Болашақтың  табысты  экономикасы  білім  беруіне,  халықтың  дағдылары  мен 
қабілетіне  инвестициялайтындар  болмақ.  Білім  беруді  әлеуметтік  қажеттіліктерге 
жұмсалатын  шығындар  ретінде  ғана  емес,  экономикалық  инвестициялар  ретінде 
түсіну қажет. 
Білім беру мен экономикалық өсуді байланыстыратын көптеген дәлелдер бар: 
-макро  және  микроэкономикадағы  халықаралық  зерттеулерді  шолу  білім 
берудің,  табыстың  және  өнімділіктің  арасында  тығыз  байланыстың  бар  екенін 
дәлелдеп  отыр.  Бұл  ретте  оқытудың  бастапқы  кезеңіне  инвестициялаудың  зор 
қайтарымы болатыны байқалады; 
-зерттеулер  білім  беруді  дамытуға  жұмсалған  инвестицияның  маңызды 
жақтарын растайды [2]. 
Экономикалық  пайдадан  бөлек  білім  беру  басқа  да  әлеуметтік  пайдаларды 
келтіреді,  әлеуметтік  капиталдың  –  азаматтардың  көп  үлесінің  қатысуымен  құрал-
ған,  әлеуметтік  бірлігі  мен  интеграциясы  жоғары,  құқық  бұзушылық  деңгейі  төмен 
қоғамның  қалыптасуына  ықпал  етеді.  Жастайынан  білім  алу  әлеуметтік,  эмо-
ционалдық  және  басқа  да  өмірге  қажетті  дағдыларды  қалыптастыруда  маңызды 
рөлге  ие.  Білім  беру  қызметінің  барлық  спектрларын  одан  әрі  дамытудың  сенімді 
дәлелдері  осында.  Қазақстанның  білім  беруді  түбегейлі  жаңғыртуы:  білім  беруге 
салынатын  инвестицияны  айтарлықтай  және  тұрақты  ұлғайтуы,  оның  сапасын 
жақсартуы қажет [3]. 
Сондықтан жаңа ұлттық пайымдау ұсынылады: 2020 жылға қарай Қазақстан – 
білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика және біліктілігі жоғары жұмыс күші. 
Білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени 
өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс. 
Білім  беру  саласындағы  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  саясатын 
іске  асырудың  ұйымдастырушылық  негізі  –  қазақстандық  білімді  жаңғыртудың 
жалғастырылуын  қамтамасыз  ететін  Қазақстан  Республика-сында  білім  беруді 
дамытудың  2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болуы тиіс 
[4]. 
Бағдарлама  білім  беру  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  ұйымдастырушы-
лық  негізі  ретінде  білім  беру  мен  тәрбиенің,  басқару  жүйесінің,  білім  беру  қызметі 
субъектілерінің 
құқықтық-ұйымдастырушылық 
нысандарының 
және 
қаржы-
экономикалық  тетіктерінің  құрылымындағы,  мазмұны  мен  технологияларындағы 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

64
 ~ 
 
өзгерістерді  қамтитын  ресурстары  мен  мерзімі  бойынша  бір-бірімен  өзара 
байланыстағы іс-шаралар кешені болып табылады.  
Қазақстан  Республикасының  экономикасы  Жаңа  Заңды  әзірлеу  кезінде 
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы аясында берген 
тапсырмалары  негізге  алынды.  Жаңа  Заң  қазақстандық  білім  беру  жүйесінің 
алдында тұрған бірқатар міндеттерді шешуге бағытталған. 
Олардың қатарында негізінен мыналар бар: 
• әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану; 
• педагогикалық қызметкердің мәртебесін арттыру; 
• сапалы білімге қол жетімділік кепілін күшейту; 
• басқару жүйесі мен білімді қаржыландыруды одан әрі жетілдіру [2]. 
Қазақстан әлемдегі айтарлықтай тұрақты және үдемелі дамыған елдердің бірі 
болып  табылады.  Біз  тұрақты  экономикалық  өсу  жолымен  одан  әрі  алға  жылжи 
береміз.  
Әлемдік  тәжірибе  көрсеткендей,  белгілі  ғалымдар  мен  инженерлердің  шығуы 
қоғам  мен  экономикада  жүйелі  өзгерістердің  заңдық  тұрғыдағы  нәтижесі  бола 
алады.  
Мысалы,  инженерлік  және  экономикалық  білім  сапасының  артуы  есімдері 
әлемге  белгілі  экономистер  Николай  Кондратьев  пен  Василий  Леонтьевтің, 
инженерлер  Игорь  Сикорский  мен  Николай  Жуковтың  танылуына  мүмкіндіктер 
туғызды [5]. 
Инженерлік  ой-сананың  бұзып-жарып  шығуы  басқару  теориясындағы 
әзірлемелермен  қатар  жүрді  –  Алексей  Гастевтің  еңбек  қондырғысының  мектебі, 
Тейлордың  тереңдету  теориясы  «еңбек  психологиясы»,  «ұйым  теориясы»  және 
басқа да осындай бірнеше бағыттардың пайда болуына ықпал етті [5]. 
Осының  бәрі  де  экономикалық  білімге  өту  кезеңінде  «адам»  капиталының 
мыңыздылығын тағы да бір рет айқындай түседі. Осы кезеңде білім беру ісі ерекше 
орын  алады,  қазақстандықтардың  жаңа  ұрпағы  үшін  сапалы  білім  берудегі 
педагогтердің рөлі артады. 
Сондай-ақ  жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  саласында 
едәуір  сапалық  өзгерістер  болды.  Атап  айтқанда,  әлемдік  тәжірибеде  енгізілген 
мамандар  даярлауда  үш  деңгейлік  модель  –  бакалавр-магистр-доктор  жүйесі 
енгізілді,  бұл  академиялық  кредиттік  жинақталған  жүйеге  негізделген.  Бұл 
анағұрлым икемді білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді [3]. 
Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  деңгейінде  енгізілген  магистратура 
отандық  магистратуралық  бағдарламаның  беделін  тиісінше  көтеруге,  олардың 
сапасын  арттыруға  мүмкіндік  береді.  Магистратураны  бітірушілер  басқару  және 
жетекшілік  қызметтер  атқаруы  мүмкін,  топ-менеджерлер  болып  жұмыс  істейтін 
болады.  
Докторантура бағдарламасына ендігі кезекте ғылыми компоненттермен қатар, 
білім беру компоненттері де енгізіледі. 
Бұл  өзгертулер  білім  беру  бағдарламасының  мазмұнын,  жоғары  оқу 
орындарының оқытушыларының жұмыс формасы мен әдістемелерін қайта қараудың 
қажеттігінен туындады.  
PhD 
(доктор) 
даярлау 
жүйесі 
тиісті 
талаптарға 
сәйкес, 
шетел 
университеттерімен  әріптес,  докторлық  бағдарлама  саласын  іске  асыруда 
халықаралық танымға ие болған жетекші қазақстандық университеттер мен ғылыми 
ұйымдар базасында жүзеге асырылатын болады. Аталған бағдарлама теоретикалық 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

65
 ~ 
 
әзірлік  және  ғылыми-зерттеулер  қызметі  арасында  оңтайлы  балансты  қатмамасыз 
етуші және кредиттік оқыту технологиясы негізінде жүзеге асырылады.  
Инновациялық экономика, ең алдымен, негізінде ғылыми-техникалық прогресс 
пен  инновациялық  қызмет  жататын,  қалпына  келтірілген  өндірісті  кеңейтудің 
интенсивтік түріне  өтуді  білдіреді.  Нақты осы  факторлар  алдыңғы  қатарлы  әлемнің 
әлеуметтік-экономикалық  жүйесінің  бәсекелестік  артықшылығын  қамтамасыз  ете 
алады.  
Әлемдік  тәжірибе  көрсеткендей,  «экономикалық  білімнің»  маңызды  бөлігі 
елімізде  қоғамның  айрықша  интеллектуалдық  байлығын  қалыптастыру  үшін 
мемлекет  тарапынан  жағдай  туғызу  болып  табылады,  болашақты  жасайтын  ондай 
адамдарды 
келешекте 
– 
«креативтік 
класс» 
деп 
атамақ.  
Білімді  жастардың  болуы  және  ғылыми  өмірдің  шоғырлануы,  ерекше  орта,  жаңа 
білім мен технологияны әзірлеу мүмкіншілігі, инновация модасы мен өзін-өзі дамыту 
–  осының  бәрі  мемлекеттің  технологиялық  серпінді  жасау  мүмкіндігінің  маңызды 
көрсеткіштері [5]. 
Үкімет  отандық  бизнеспен  бірлесіп  жұмыс  істеуге  дайын,  ғылыми-зерттеу 
тәжірибелік-конструкторлық 
жұмыстағы 
корпорациялық 
инвестиция 
– 
бұл 
инвестиция  Қазақстанның  болашағы.  Мұндай  салымдар  зерттеулердің  нақты 
нәтижесіне 
қол 
жеткізіп 
қана 
қоймай, 
ерекше 
инновациялық 
ортаны 
қалыптастырады,  творчестволық  атмосфера  мен  үнемі  ғылыми  ізденісті  тудырады. 
Әлемнің  жетекші  елдерінде  мемлекеттің  экономикалық  дамуының  белгілі 
рейтингісімен  қатар  назарға  оның  «креативтік  индексі»  қоса  алынатыны  кездейсоқ 
болмаса керек.  
Бүгінде  әлемдік  «креативтік  орталықтар»  ретінде:  Токио,  Лондон,  Нью-Йорк, 
Дублин,  Сиэтл,  Хельсинки,  Стокгольм  есептеледі.  Қазақстан  қалалары  әлемнің 
«креативтік  орталығы»  қатарына  кіруі  тиіс,  ал  Астана  –  «креативтік  класс» 
қалыптастыру локомотиві – экономикалық білімнің және әлемдегі бәсекеге барынша 
қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін технологиялық серпіннің тірегі болуы тиіс [3].  
Қазақстан  Республикасының  Президенті  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан» 
атты  Жолдауында  «біз  бүкіл  елімізде  әлемдік  стандарттар  деңгейінде  сапалы  білім 
беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деп атап өтті [5]. 
Білім  және  ғылым  министрлігі  сапалы  бәйге  мен  болашақ  білім  үшін  күш-
жігерді қамтамасыз етуі тиіс. Бұл жерде әлемдік тәжірибені игеру, интеллектуалдық 
және  ғылыми  салада  осы  заманғы  тренттік  білім,  қазақстандық  болмысқа  сай  озық 
халықаралық  тәжірибенің  жетістіктеріне  бейімделуді  меңгеру  маңызды  рөл 
атқарады.  
Қазақстан  экономикасын  әртараптандыру  жаңа  капитал  түрін,  жаңа 
құндылықтарды  құру,  экономикалық  білімге  азаматтардың  қатысу  формасын 
кеңейту үшін мүмкіндіктер туғызады.  
Бүгінде еліміздің Президенті белгілеп берген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге 
асыру  үшін  талап  етілетін  мамандық  пен  кәсіптердің  қысқаша  тізбесін  беруге 
болады.  Бұлар  -  басқарушылар,  инженерлер,  геологтар  мен  тау-кен  инженерлері, 
экологтар,  осы  заманға  материалдар  мамандары,  ғарыштық  зерттеулер,  логистика 
теориясы, IT-шешімі мен спутниктік технология бойынша мамандар.  
Сонымен  бірге,  философтар,  саясаттанушылар,  этнологтар  мен  тарихшылар. 
Көліктік  дәлізді  дамыту,  компьютерлік  бағыттар,  кабельдік  желіні  қалыптастыру, 
спутниктік  байланыс,  жаһандық  экологиялық  және  мелиорациялық  жобалар, 
энергетикалық  кешенді  жаңғырту  –  осының  бәрі  жоғары  білімді  осы  заманғы 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

66
 ~ 
 
мамандарды  талап  ететін  Үкіметтің,  мемлекеттік  холдингтердің,  қорлар  мен 
корпорациялардың қызметінің салалары.  
Қазақстан 
экономикасының 
дамуы 
елімізде 
қазақстандық 
«ой-сана 
фабрикасын», жаңа білім беру технологиясын құруды талап етеді. 
Зертханалар, мастер-кластар, еліміз университтері жанындағы жоба әзірлеуші 
топтар – Қазақстан ғана емес, әлемдік ғылыми қоғамдастықтағы ғылыми ой-сананың 
қозғалтқышы бола алады. 
 
 
Әдебиеттертізімі 
 
1.  ХХІ  ғасыр  деңгейінде  білім  беру  және  кәсіптік    даярлау  (Ғылыми-әдістемелік  
жұмысты жетілдіруде  эксперименттік жұмыстың 3-кезең нәтижесі). –Ақтөбе, 2007. – 
(бірлестікте: Алдияров Қ.Т., Көбенова Ш.И.). 
2.Образовательная  технология:  понятия  и  проблемы.  Учебное  пособие.–Актобе, 
2007. –208 с. (в соавторстве: Сибагатова Г.К., Кубенова Ш.И.). 
3.  Білім  беру  жүйесіндегі  басты  бағдар  //Білім  кілті.  Республикалық  ғылыми-
әдістемелік педагогикалық журнал. - Алматы,  2006. 
4.Инновациялық үрдістер: өткенге және қазіргіге ой толғау- болашаққа көзқарас. // 
КазЭУ хабаршысы -2007ж. №5.  
5.Теория  инновации:  аналитический  обзор  современных  концепций  и  категорий 
//«Инновациялық  экономиканы  құрудағы  университеттердің  ролі»  Халықаралық 
ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары, Өскемен, ШҚМТУ, 2008. 
 
Резюме 
В  статье  указано,  что  Казахстан,  являясь  образованным  государством, 
имеющим  разумно  построенную  экономику  и  высококвалифицированную  рабочую 
силу,  должен  иметь  концепцию  развития  образовательной  системы  и  процветания  
экономической и социально – культурной политики. 
 
Summary 
The  author  announces  that  Kazakhstan  is  an  educational  state  which  has  a 
sensible, economics and a high qualified working force which must have a conception of 
development of education of Republic and prosperity of the future economical and socio-
cultural politics.  
 
 
ӘОК 332.964 
 
М.А.Исмахова, А.Д.Мукашева  
 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТЕМІР ЖОЛ КЕШЕНІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Аңдатпа 
Бұл  мақалада  Қазақстандағы  тасымалдау  кешені  туралы,  темір  жол 
кешенінің мемлекеттік саясаты, одан күтілетін нәтиже туралы, темір жол кешенінің 
кемшіліктері мен оны жетілдіру жолдары туралы айтылады.  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

67
 ~ 
 
 
Негізгі  сөздер:  тасымалдау  кешені,  тасмыалдау  қызметі,  жолаушы 
айналымдылығы. 
 
Тасымалдау  кешені  аймақта  белгілі  бір  қызмет  түрімен  айналысатын  халық 
шаруашылығының  маңызды  саласы  болып  табылады.  Ол  тасымалдау  қызметі 
арқылы  тек  қана  шаруашылық  пен  халық  қажеттілігін  қанағаттандырып  қана 
қоймай, 
сонымен 
қатар 
аймақтар 
арасында 
«байланыс» 
орнатады, 
инфрақұрылымның  ірі  және  әрі  маңызды  бөлігі  болып  табылады,  аймақтық  еңбек 
бөлінісін  қалыптастыру  мен  дамытудың  материалдық  техникалық  базасына  қызмет 
етеді,  жеке  аймақтар  мен  жалпы  елдің  әлеуметтік  экономикалық  қарқыны  мен 
тиімділігіне елеулі әсер етеді. 
Тасымалдау 
кешені 
жергілікті 
және 
жалпы 
мемлекеттік 
нарықты 
қалыптастырады.  Нарықтық  экономикаға  көшу  жағдайында  тасымалдау  кешенінің 
ролі  одан  әрі  арта  түсті.  Бір  жағынан  тасымалдау  кешені  факторына  кәсіпорын 
қызметінің тиімділігі тәуелді, яғни нарықтық экономика жағдайында оның өмір сүру 
мүмкіншілігі тасымалдау кешеніне тікелей тәуелді, ал екінші жағынан нарықтың өзі 
тауар  және  қызмет  алмасудан  тұрады,  ал  бұл  үрдіс  тасымалдау  кешенінсіз  мүмкін 
емес, сәйкесінше нарықтың да болуы мүмкін емес. Сондықтан да тасымалдау кешені 
нарықтық инфрақұрылымның маңызды элементі болып табылады.  
Өндіріс пен тасымалдау кешені арасындағы байланыс 3 кезеңнен өтеді:  
- тасымалдау кешені мен өндіріс біртұтас жүйе ретінде қарстырылып, оларды 
ажыратуға болмады; 
-  өз  бетімен  қызмет  көрсетіп,  дамитын  жүйені  қарастырды.  Қазақстан 
Республикасының тасымалдау кешені осы кезеңде дамып отыр.  
-  өндіріс  және  т.с.с  жеке  жүйелер  болып  табылатын  өндіріс  – 
тасымалдаушылық  жүйеге  бірақ  қажет.  Бұл  жағдайда  тек  осы  жүйелердің  қызмет 
көрсету  мақсаты  емес,  сонымен  қатар,  олардың  көрсеткіштері  де  өзгеріп  отырады. 
Ең  алдымен  олардың  өзара  әрекетінде  шығындарды  қысқарту  міндеті  жүзеге 
асырылады. 
Тасымалдау  қызметін  есептеу  үшін  мынадай  көрсеткіштер  қолданылады: 
жүктерді тиеу (тонна), жүк айналымдылығы (тонна км), жолаушыларды тасымалдау, 
жолаушы айналымдылығы (жолаушы – км). 
Жүк  айналымдылық  –  белгілі  бір  қашықтыққа  тасымалданатын  жүк 
партиясының қосындысы. 
Жолаушы  айналымдылығы  –  жолаушылар  тасымалданған  қашықтықты 
есепке ала отырып, мына формуламен анықталады: 
                              Q = Σ g
n
 n;                                  (1) 
G  –  1,2,  n-  ші  пункттен  тасымалданатын  жүк  саны  1  жылға  шаққандағы 
жолаушыларды тасымалдау көлемін мына формуламен есептеледі: 
                             А = Σ а
n
 n;                                     (2) 
Мұндағы:  а
1
,  а
2
,  ....а
п
  –  1,  2,.......  n  –  ші  пеунктерден  тасымалданатын 
жолаушылар саны. 
Тасымалдау  кешенінің  негізгі  түрлеріне:  темір  жол,  автокөлік  жолы,  тұрба 
құбырлары жолдары, әуе жолдарын жатқызуға болады.  
«Қазақстан темір жол»  республикалық мемлекеттік  кәсіпорын  1997  жылы  1 
ақпанында  Алматы  темір  жол  басқармасы,  Ақмола  темір  жол  болды  және  Батыс 
Қазақстан темір жол басқармасының бірігуімен қалыптасты. 
Темір жол кешеніндегі мемлекеттік саясатының мақсаты: 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

68
 ~ 
 
1. 
Темір  жол  тасымалдау  құралының  магистральдық  темір  жол  желісін 
дамыту; 
2. 
Тасымалдау қызметін жетілдіру; 
3. 
Адам және қоршаған орта қауіпсіздігі үшінтемір жол кешенін және оның 
өмірлік циклінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 
4. 
Қазақстан  Республикасының  Заңдылығына  сәйкес  темір  жол  кешенінде 
тарифтік, саяси және кеден саясатын жүзеге асыру. 
5. 
Темір  жол  кешенінде  еркін  кәсіпкерліктің  дамуына  жағдай  жасау  және 
шаруашылық қызметке мемлекеттік органдардың заңсыз араласуына жол бермеу; 
6. 
Бәсекелі, оның ішінде халықаралық тасымалдау саласында жетілдіру; 
7. 
Қоршаған ортаны қорғау; 
8. 
Темір жол кешенінің мобилизациялық дайындауды қолдау; 
9. 
Магистральдық темір жол желісінің бірлік мүліктік кешенін сақтау; 
10.  Темір  жол  кешенінің  қажеттіліктері  үшін  импорталмастырушы  өндірісті 
дамыту. 
Темір  жол  кешенінде  мемлекеттік  саясатты  жүзеге  асыру  арнайы 
органдармен жүзеге асырылады. Темір жол кешенінде жолаушыларды тасымалдау, 
жүктерді, пошталық жеткізуді ұйымдастыру негізі мыналар: 
1.  Жолаушыларды тасымалдау, жүктері жеткізу Қазақстан Республикасының 
заңы негізінде жүзеге асырылады. 
2.  Жүкті немесе жолаушыны тасымалдаушы, егер ақысы төленсе және заңға 
қарсы келмесе тасымалдаушылқ қызметтен бас тартпау қажет. 
3.  Тасымалдау  процесіне  қатысушы,  егер  өзінің  меншігінде  локомативтік 
құралы  болмасы,  локомативтік  тартқыш  (тяга)  операторымен  келсім  –  шартқа 
отырып, локоматив тарқыш қызметін қолданады. 
Қазақстан Республикасындағы темір жол кешенін жетілдіру стратегиясының 
негізгі  мақсаты:  экономикалық  және  жергілікті  халықтың  тасымалдау  қызметіне 
деген  қажеттілігін  толық  қанағаттандыруға  мүмкіндігі  бар  транспорттық  – 
коммуникациялық кешенді дамыту.  
Бұл стратегиядан күтілетін нәтиже: 
1.  Тасымалдау жүйесінің жетілген желісі қалыптастырады; 
2.  Қазақстанның  тасымалдау  жүйесі  дүниежүзілік  тасымалдау  жүйесімен 
интеграцияланады; 
3.  инвестициялық  ахуалды  қалыптастыру  арқылы  тасымалдау  кешенінің 
барлық  ұзақ  мерзімді  активтері  негізделеді,  өндірісті  ұйымдастырудың  және 
өндірістік  процесті  ұйымдастыру  жаңа  прогрессивті  түрлері  енгізіледі,  өндірістің 
отандық түрлері қалыптасады.  
4.  Тасымалдау логистикалық орталықтар қалыптасады; 
5.  Тасымалдау  кешенінің  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  арқылы  Қазақстан 
экономикасында жетілдіре аламыз; 
6.  Экономикалық  және  жергілікті  халықтың  тасымалдау  шаруашылығына 
деген  қажеттілігі  100  пайыз  қамтамасыз  етіледі,  тасымалдау  техногендік  және 
экологиялық қауіпсіздігі азаяды. 
7.  Жолаушылар  саны  ұлғайып  (1,5  есеге)  және  жүк  айналымдылығы    (2 
есеге) артады. 
Қазақстанның  экономикасының  өсу  қарқынының  жоғарылығы  ұзақ  мерзімді 
жоспарлауға  негізделген  даму  моделінің  тиімді  құрастырылуы  мен  жүзеге 
асырылуын  дәлелдейді.  Аймақтық  экономикалық  кеңістігінің  дамуы  көп  көп 
жағдайда  тасымалдау  инфрақұрылымының  даму  деңгейіне  байланысты.  Осыған 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

69
 ~ 
 
байланысты  бұл  мәселенің  өзектілігі  –  аймақтарда  тасымалдау  жүйесін  теңдестіріп 
дамыту  қажеттілігі  және  тасымалдау  қызметін  мемлекеттік  реттеу  мәселелерінде 
орталық және жергілікті атқарушы органның өзара әрекетін күшейту қажеттілігінде 
болып  отыр.  Тасымалдау  қызметі  халықтың  және  экономиканың  қажеттілігін 
қанағаттандыру қажет.  
Тасымалдау қызметінің жүзеге асырылуында жолаушылар мен жүктерді 
тасымалдаудың елеулі айырмашылықтары бар екендігін көреміз. Сервистік сапаны 
нормалау және бақылау өте күрделі. Сервистік сапаның негізігі компаненті адам 
факторы болып табылады.  
Жолаушының  көпшілігі  қызмет  көрсету  сапасына  көңіл  бөледі.  Көрсетілген  қызмет 
сапасының төмендеуі мына себептерге байланысты: 
-  тарифтердің төмендігі, жаппай жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз 
ету үшін мемлекеттік реттеу тлаптарының қатаңдығы; 
-  пиациарт  құны  және  билет  құны  тасымалдау  қызметінің  тура  және 
жанама шығындарына сәйкес келмейді. 
Жол аталған себептеге сай тұтынушылар қызмет көрсету сапасын жетілдіру 
бойынша  шаралар  жүргізілуінің  қажеттілігі  сезіліп  отыр.  Сондықтан  да  қызмет 
көрсету  сапасын  жетілдіру  негізгі  міндеттердің  бірі  және  белгілі  қажылық 
салымдарды талап етеді. Барлық жүргізілетін операциялардың белгіленген деңгейін 
кепілдейтін  тұтынушыларға  қызмет  көрсету  ережесін  орындау  үшін  міндетті  кешен 
түріндегі  стандат  бар.  Қызмет  көрсету  стандарты  тұтынушыларға  қызмет  көрсету 
деңгейі  бағаланатын  және  фирмалардың  кез  –  келген  қызметкерінің  әрекеті 
бағаланатын  формальды  кретерийлер  белгіленеді.  Мысалы,  критериялар  қатарына 
мыналар жатуы мүмкін: 
1.  Қызмет көрсету мерзімі (тұтынушылардың 85% 5 минуттан артық уақытта 
шеретте тұмау қажет); 
2.  Арыз  жазған  тұтынушылармен  жұмыс  (арыз  жазған  тұтынушы  міндетті 
түрде жауап алуы қажет); 
3.  Кеңседе  ақпараттық – жарнама материалдық болуы; 
4.  Телефон  бойынша  жауап  күту  уақыты,  темір  жолдың  киімдеріне 
қойылатын талаптар; 
5.  Құжаттарды,  хаттарды  және  іскерлік  қағаздарды  толытыру  бойынша 
талаптар,  сауатты  жазылған  әскерлік  қағаздар  тұтынушыға  деген  сыйластықты 
білдіреді және ұйымдық мәдениет деңгейін көрсетеді. 
Тиімді қызмет көрсету, комфорт  және жол қауіпсіздігі – ұйымның фирмалық 
стилі негізінде жасақталаған басты ерекшеліктері.  
 
Персоналды жүйелі түрде дайындау, оны оқыту темір жол қызметкерлерінің 
қызмет көрсету стандарттарын иеңгеруге бағытталады: 
- тұтынушыларға белгілі жылдамдықта қызмет көрсету; 
- арыздармен жұмыс; 
- төлемдерді төлеу ережесі. 
Қызмет 
көрсету 
стандарттарын 
меңгеруде 
персонал 
кәсіпорынның 
экономикалық  жағдайымен  танысу  қажет.  Қызмет  көрсету  стандарттармен  таныса 
отырып, ой - өрісі кеңейеді және өз жұмысында кәсіпорынның жалпы стратегиясын 
түсінеді. Қызмет  көрсету  стандарттары  фирмаішілік,  салалық  ,  халықаралық  болуы 
мүмкін.  
Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жетілдіру шаралары: 
-  жолаушыларға тегін журнал, газет және ақпараттық буклеттерді тарату; 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

70
 ~ 
 
-  оқушы  ұсынысқа  бағытталған  әдебиеттермен  қамтамасыз  етулген  шағын 
кітапханаларды ашу; 
-  вагондарды душ кабиналарымен қамтамасыз ету; 
-  жанұялық орындарды кеңейту; 
-  жаңа демалыс жағдайларымен қамтамасыз ету; 
-  вагондарды  теледидармен,  бір  вагонға  бір  тоңазытқышпен  қамтамасыз 
ету; 
-  бір вагонды видеозалмен қамтамасыз ету; 
-  купелерді  сигнализациямен  және  жолсерікті  шақыру  үшін  кнопкамен 
қамтамасыз ету (әртүрлі тапсырыстар беру үшін); 
-  темір  жол  қызметкерлерінің  қызметінің  сапасын  жоғарылату  үшін 
материалдық ынталандыруды енгізу. 
-  Комфортты  вагондарға  тамақ  және  кешенді  түскі  астармен  қамтамасыз 
ету  бойынща  тәжірибе  жүргізу,  ал  оның  құнын  жалақысына  енгізу  қажет.  Ал 
шетелде мұндай шара енгізілген.  
-  Санитарлық  –  гигиеналық    жинақпен  қамтамасыз  ету  (сабын,  салфетка, 
сүлгі, тіс пастасы); 
-  Аймақтық  ірі  темір  жол  станцияларында  станцияларында  банктік  төлем 
карталарын қабылдау жүзеге асады, бұл қызмет жолаушының уақытын үнемдейді; 
-  Қажетті техникамен және техникалық құрал – жабдықтармен қамтамасыз 
етілген  (сканер,  ксерокс,  принтер)  бизнес  –  купе  қалыптастыру,  интернетпен 
жұмыс, бұл іскерлік қызметкерлер үшін тиімді болар еді; 
-  Жолаушы қызықтыру барысында ойын автоматтарын қолдану; 
-  Билет бойынша ұтыс ұйымдастыру; 
-  Тұтынушыға  қызмет  көрсету  арқылы  не  ұшады,  не  ұшпайды,  қызмет 
көрсету сапасын қалай жетілдіруге болады деген сұрақтарға жауап алуға болады. 
Аталған  әдістер  мен  ұсыныстардың  өз  артықшылықтары  мен  кемшіліктері 
бар. 
Таңдау 
ісі 
тұтынушы 
фирма 
басшылығының 
міндеті. 
Қазақстан 
Республикасының  тәуелсіздікті  алуы,  шаруашылықтың  нарықтық  формасына 
ауысуы,  еліміздің  жаңа  Заң  базасын  қалыптастыру  темір  жол  кешенінің  әлеуметтік 
саясатына  әсер  етті.  Темір  жол  кешенінің  әлеуметтік  саласының  кейбір  бағыттары 
толықтай бөлінген: сауда - өтімділік қызмет көрсету, объектілердің құрылысы және 
мазмұны. Темір жол қызметкерлерінің осы саладағы қажеттіліктерін мемлекет мына 
салаларды  қамтуы  қажет:  кадрларды  оқытуды  ұйымдастыру,  медициналық 
қарауларды  жүргізу,  медициналық  сақтандырулар,  жұмысшыларды  демалыс 
орындарымен қамтамасыз ету .   
 
Әдебиеттер тізімі 
 
1.  Сәбден О. Бәсекелестік экономика. – Алматы: Бастау, 2007.-С .67-70 
2.  Бабақұлы Б. Тәуелсіздік, нарық, экономика. – Алматы: «Ақиқат», 2006.-С.12-
17 
3.  Басовский Л.Е. Управление качеством. Учебник. – Москва: Инфра – М, 2004.- 
С.20-23 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет