Резюме
В этой статье рассматривается процесс управления, факторы достижений
организации, оценка деятельности управленческих персоналов и ее особенности.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
80
~
Summary
In it to article managerial process, factors achievement of the organization, an
assessment of activity of administrative personnels and its features is considered
УДК 338.242
Г. Сатыбалдықызы
Университет Международного Бизнеса (UIB), г.Астана
УПРАВЛЕНИЕ РАЗВИТИЕМ ИНФРАСТРУКТУРЫ МАЛОГО БИЗНЕСА В КАЗАХСТАНЕ
"Единственное верное мерило вашего успеха — это то что
вы делайте в сравнении с вашим действительным потенциалом."
Пол Мейер
Аннотация
Осуществляемые в нашей стране экономические реформы при всей их
непоследовательности и противоречивости явились условием становления и
развития малого предпринимательства, которое решает основные функции,
присущие вообще предпринимательской деятельности.
Ключевые слова:
малый бизнес, бизнес-инкубаторы, инфраструктура
малого бизнеса, элементы инфраструктуры малого бизнеса.
Малый бизнес использует в своей жизнедеятельности существующую
инфраструктуру экономики страны и предпринимательства в целом. Транспортные,
телекоммуникационные,
банковские
и
иные
инфраструктурные
системы
используются всеми хозяйствующими субъектами, в том числе и предприятиями
малого бизнеса. Последние находятся в неблагоприятных условиях вследствие
ограниченности собственных ресурсов и отсутствия возможностей на равных
конкурировать с более крупными компаниями по таким параметрам, как доступ
финансовым ресурсам и государственным инвестициям, исследование конъюнктуры
рынка, освоение новой продукции, обучение кадров, приобретение современных
технологий, осуществление научно-технических разработок, получение и анализ
информации и т.д.
Для минимизации негативного воздействия этих факторов, а также для
раскрытия внутренне присущего малому бизнесу динамизма и гибкости необходимо
развитие инфраструктуры, ориентированной на малый бизнес. Она включает
систему специализированных институтов, помогающих разработке и реализации
государственной политики в сфере малого предпринимательства, которые
создаются и действуют при государственном участии либо по инициативе самих
предпринимательских кругов (фонды, кредитные, страховые и гарантийные
учреждения, технологические парки, бизнес-инкубаторы, промышленные зоны и
полигоны,
учебные,
консультационные,
информационные,
обслуживающие
структуры и т.д.). [1]
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
81
~
Целью формирования инфраструктуры малого бизнеса является создание
благоприятных условий для его развития путем обеспечения комплексной и
адресной
поддержки
в
различных
направлениях:информационном,
консультационном, обучающем, прогнозно-аналитическом, имущественном, а также
в оказании предпринимателям широкого спектра деловых услуг.
Через объекты инфраструктуры происходит налаживание деловых контактов
кооперации предпринимателей, что способствует самоорганизации малого бизнеса.
Инфраструктура малого бизнеса выполняет важную социальную функцию, поэтому
ее создание и развитие, как правило, полностью или частично финансируется за
счет государства с привлечением средств и возможностей объединений
предпринимателей, а также финансовых ресурсов из частных источников на
некоммерческой основе (субсидирование, гранты, благотворительность и т.п.).
Элементы инфраструктуры малого бизнеса (рисунок 1) являются, по сути,
каналами, по которым государственная поддержка в основных своих формах
доводится до ее получателей – субъектов малого бизнеса. По этим же каналам
одновременно осуществляется обратная связь, позволяющая в максимальной
степени ориентировать всю систему на реальные потребности и действительные
интересы малого бизнеса.
Рисунок 1 - Элементы инфраструктуры малого бизнеса [2]
Инфраструктура малого бизнеса понимается именно как система
организаций, цель которых – оказание содействия субъектам малого бизнеса. Как
правило, содействие малым предприятиям и предпринимателям либо отдельным их
категориям оказывается на условиях, отличных от рыночных (льготные кредиты,
бесплатные консультации, дешевая аренда, услуги по пониженным расценкам и
т.п.). Именно это и выделяет инфраструктуру малого бизнеса из значительно более
обширной совокупности организаций, специализирующихся на оказании деловых
коммерческих услуг.
Основой
инфраструктуры
малого
бизнеса
реально
могут
стать
государственные и государственно-общественные институты, обеспечивающие
следующие главные функции:
1. Управление и контроль;
Орган управления
(министерство,
департамент,
комитет и т.д.)
Нормативная база и программы
развития малого бизнеса
Финансовый орган
(фонд)
Общественный
орган (совет)
Администрация
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
82
~
2. Финансирование;
3. Обратную связь государственных органов с малым бизнесом, защиту его
интересов и консультативное обеспечение государственной политики в области
малого бизнеса.
Как показывает опыт, для реализации государственной политики в этой
области необходима институциональная структура государственной поддержки,
основанная на разделении указанных функций. Базовыми элементами этой
структуры являются [3]:
1. Органы управления и контроля;
2. Финансовый орган;
3. Общественный орган (общественный совет по малому бизнесу).
Согласованные действия элементов такой институциональной структуры
обеспечивают соответствие государственной политики, которая на каждом этапе
реализуется в программах развития малого бизнеса, интересам государства (через
орган управления), интересам малого бизнеса (через общественный орган) и
гарантирует ресурсное обеспечение государственной политики в этой области
(через финансовый орган).
Результатом осуществления программ поддержки, центральную часть
которых обычно составляют программы создания и развития инфраструктуры
малого бизнеса, являются создание разветвленной системы институтов,
обеспечивающих
потребности
в
ресурсах
(финансовых,
имущественных,
технологических, кадровых, информационных и др.), в консультировании и
благоприятном общественном мнении. Такая система, опирающаяся на описанные
выше три базовых элемента государственной поддержки, и составляет
инфраструктуру малого бизнеса.
Эффективность
функционирования
инфраструктуры
и
возможность
реализации стоящих перед ней задач во многом зависят от продуманности схем ее
создания и механизмов функционирования, комплексности предоставляемых услуг и
других факторов.
Список литературы
1. Каренов Р.С. Основы государственного регулирования экономики. Алматы:
Бiлiм, 1999. – 256 с.
2. Мамыров Н.К. Основы предпринимательства. Алматы, Экономика, 1997.
3. Окаев К. О., Смагулова Н. Т., Бикетова Е. Б., Абдулина З. Т.
«Предпринимательство в Республике Казахстан». – Алматы: Экономика, 2000. -
102 с.
Түйіндеме
Осы мақалада автор мемлекет арқылы реттелетін шағын бизнес
инфрақұрылымының элементіне басты назар аударады.
Summary
In this article, the author pays attention to the infrastructure of small business,
which is regulated by the State.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
83
~
______________________________________________________________
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
______________________________________________________________
ӘОК 2
С.Құсниденов
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
ФУНДАМЕНТАЛИЗМ, ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМНІҢ БАЙЛАНЫСЫ
Қазіргі
әдебиеттерде, баспасөз беттеріне, теледидардан, радиодан
фундаментализм, экстремизм, радикализм, терроризм деген сөздерді жиі естиміз.
Бұл ұғымдар бір-біріне жақын, бір-бірімен байланысты ұғымдар болғанмен,
бір ұғым емес.
Фундаментализм-мұсылман елдеріндегі қоғамдық ойдың, ислам діні
негіздерін берік сақтау әрекеттері. Қазір ол, исламға сенуші елдерде, саясатқа
араласу, идеологияға басшылық жасауға тырысушылық әрекеттерінен байқалады.
Экстремизм 2 ұғымда қолданылады:
1. Саяси және басқа мақсаттарға жету үшін заңсыз, күштеу, зорлау
тәсілдерін пайдаланатын әрекет.Экстремизм латынша «шеттеу», яғни, орталықтан
ауытқу, қандай да бір белгіленген шектен тыс кету деген мағынаны білдіреді. Ол
ұлтаралық араздықты қоздырады, демократиялық принциптерді шектейді, елді
тұрақсыздандырады, саяси шиеленістерді бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік
бермейді.
2. Шектен шыққан көзқарастарға және шараларға бет бұрушылық.
Терроризм - саяси себептермен жеке адамдарды, көпшілікті қорқыту,
жазалау мақсаттарындағы қылмыстық әрекет. Ол жеке адамдарға, ұйымдарға,
мемлекеттік институттарға немесе оның өкілдеріне қарсы бағытталуы мүмкін [1].
Қоғамның өтпелі кезеңіндегі түрлі катаклиздер қаржылық-экономикалық
дағдарыстар, әртүрлі әлеуметтік проблемалардың шиеленісуі, жұмыссыздық,
кедейлік, қылмыстың көбеюі, сапалы білім беру мен денсаулық сақтаудағы
кемшіліктер, саяси, идеологиялық, адамгершілік, психолгиялық т.б проблемалар
фундаменталистік, экстремистік, террористік қозғалыстардың пайда болуына әсерін
тигізді. Соған байланысты әлеуметтік, теңдік, ынтымақтастық, туыстық ұрандары
пайда болып, оны ислам фундаментилистері өздерінің популистік мақсаттарына
жетуге пайдалануда. Олар қазіргі туып отырған күрделі әлеуметтік-экономикалық,
саяси мәселелерді шешу үшін, ислам дінінің негізгі қағидаттарына, догмаларына
оралудың қажет екендігін уағыздайды. Оның идеологтары патриархалдық теңдікке,
мұсылмандық «туыстыққа», қоғамдағы әлеуметтік-таптық, сословилік теңсіздікті
жоққа шығара отырып,
адамдардың Құдай алдында теңдігін көрсетуге
тырысады.Әлеуметтік-экономикалық
жағдайларына
қарамастан
барлық
фундаменталистердің қоғамдағы және жеке адамдардың кез-келген мәселелерін
шешуші күш ретінде қарайды. Ол үшін «таза исламның» қағидаттарын қалпына
келтіруді көздейді.
Алғашында «фундаментализм» термині ХХ ғасырдың басында АҚШ-да пайда
болды. Ол пайда болған кезде протестантизмнің консервативтік ағымы ретінде
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
84
~
қалыптасып, Библияның негізгі догмаларын сақтап, оған өзгертулер енгізуге
тырысқан либералдық көзқарастарды сынады.
Жалпы алғанда, фундементализм барлық діндерге тән. Олар Торадағы,
Библиядағы, Құрандағы қасиетті догмаларды бұлжытпай сақтап, Құдайдың әмірін,
беделін бұлжытпай мойындауды көздейді. Қасиетті кітаптағы текстілерді өзгертуге
болмайтындығын, оны сол күйінде мойындаудың қажет екендігін көрсетеді.
Бүгінгі ислам фундаменталистерінің түсінігінде қоғамдағы түрлі келеңсіз
жағдайлар билік басындағылардың, қоғамның, жеке адамның «таза ислам»
қағидаларынан ауытқушылығынан, оны орындамауынан.
Қазіргі демократиялық принциптердің орнығуына, діни сенім бостандығына
байланысты, жастардың дінге қатынасы, діннің қоғамдағы орны туралы мәселелер
үлкен маңызды іске айналып отыр.
Жастар
әлеуметтік-демогарфиялық
топ
ретінде,
қоғамда
жас
ерекшеліктерімен, құндылықтарды игеруімен оқшауланады. 2008ж. 1-і қақтарында
жастар Қазақстан халықының 27,8 пайызын құрап, олардың саны 4,5млн.болды [2].
Жастар діннен, күнделікті өмірдің мәні туралы мәселелерге , жауап іздейді. Бұл
жолда олар дәстүрлі діндермен қатар, әртүрлі конфессиядағы дәстүрлі емес
діндерге де бет бұруда.
Екінші жағынан, әртүрлі діни ұйымдар жастарды дінге тартып, өз
қатарларын көбейтуде, оларды өздерінің резерві ретінде қарайды. Жастардың
көзқарастарының
толық
қалыптасуының,
белсенділігінің,
жаңа
идеяларға
ұмтылғыштығының, үгіт-насихатқа тез берілгіштігінің нәтижесінде олар дінге
тартудың негізгі объектісі болып табылады. Қазіргі діни фундаментализм идеясын
қолдаушылардың көбі, негізінен, жастар.
Ислам фундаментализмі-бұл жаһандану мен жаңаруға, өзгеруге қарсы
реакция. З.Джалиловтың пікірі бойынша, қазіргі фундаментализм идеялық-саяси
ағым ретінде, сайып келгенде, Батыстың институттары мен құндылықтарына қарсы
реация ретінде пайда болған [3].
Діни фундементализм – бұл қоғамдық өмірді негізінен қайта құруға
тырысқан редикалдардың идеологиясы.
Ислам фундаменталистерінің идеологтары:Ахмед Ханбал, аш-Шафи, Ибн
Таиймия, Ибн Каиймия т.б болды. Олар өздерін «салафтар» дейді. Ахмед Ханбал
ислам дінін алғашқы жүйеге келтірген, Суннаны жаңартуға, ертедегі исламның
нормалары мен дәстүрлерін қалпына келтіруге шақырған адам. Оның іліміндегі
басты идея- Мұхаммед пайғамбардың кезіндегі тәртіптерге қайта оралу. Кезінде
Ханбализм мемлекеттік билікте діннің позициясын нығайтуға үлкен әсерін тигізді.
Оның теориясының негізгі:
-мемлекет діни заңдарды толықтыра немесе өзгерте алмайды;
-мемлекет діни заңдарды ислам қоғамының мүддесіне дұрыс пайдалануы
керек;
-заңдарға бақылау жасау дін басшыларының қолында болу керек;
-дін басшылары мемлекеттік билік құрылымында негізгі рөл атқару керек[4].
Осыдан көріп отырғандай, Ханбал Ислам фундементализмінің негізін
салушылардың бірі болды.
ХХ ғасырдың аяғы мен ХХI ғасырдың басында діни жағдайлармен
байланысқан экстремизм қанатын кең жайып келеді.Діни эксттемизмнің негізінде
саяси маңсаттар жатыр.Қазіргі экстремистер діни ұрандарды жамылып, халық
арасында ірткі салып отырады, өздерінің негізгі мақсаты-саяси билікке қол жеткізуді
көздейді.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
85
~
Соңғы
кездердегі
Араб,Африка
елдеріндегі
ескі
режимге
қарсы
қозғалыстардың негізінде, ислам қағидаттарына негізделген, исламдық мемлекет
құру пиғылы жатыр.
Кез-келген экстремизм саяси және діни мақсаттарға жету үшін зорлау,
күштеу, заңсыз тәсілдерді қолданады.Осындай экстремистік қозғалыстардың
кесірінен әлемде қаншама адам зардап шегуде.Саяси мақсат көздеген, діни
ұрандармен бүркемеленген діни экстремистерге еріп, әлемде қаншама адам
адасуда.
Соңғы кездері Батыс идеологтары діни экстремизмді мұсылман елдеріне тән
құбылыс ретінде көрсетуге тытысуда. Бұл дұрыс емес. Саяси және діни экстремизм
кез-келген елде, кез-келген дінде болуы мүмкін құбылыс. Олар дүниежүзінің
бірқатар елдерінде жантүршігерлік әрекеттерге барып, жазықсыз мыңдаған
адаидардың ажалына себеп болдуда.
Экстремизмнің пайда болуының бірінші белгісі-адамның надандыққа,
қатыгездікке, көрсоқырлыққа негізделген өз көзққарарсының, пікірінің орындалуын
талап етуі.Бұндай адамдар өздерінің өмір сүріп отырған ортаның қажеттіктерін,
мүдделерін, талаптарын түсінбейді, түсінгісі де келмейді. Олардың түсінігінде
олардікі дұрыс, басқалардікі бұрыс, өздерін кіршіксіз деп санайды. Сондықтан, аяғы
әртүрлі қозғалыстарға, қақтығыстарға, қантөгістерге алып баратын жалған пікірлер
таратып, заңға қайшы келетін қадамдар жасайды.
Әсіресе, қазіргі дәстүрлі емес діндерде пайда болған жаңа бағыттар,
секталар өздерін қолдамағандарды құдайсыздар, діннен безгендер деп жариялап,
ислам дініндегі діндес, бауырластарының арасында іріткі салуда.
Экстремизмнің пайда болуының екінші себебі-ешбір қажеттілігі болмасада әр
істе түрлі шараларға баруға бейім тұруы.Басқаларды да сондай істерге итермелейді.
Нәтижесінде қоғамдағы тұрақтылық, үйлесімділік бұзылады, әлеуметтік толқулар
мен қақтығыстық жағдайлар қалыптасады.
Соңғы кездері қазақтың болмысына жат, әртүрлі дәстүрлі емес діндер,
секталар, ағымдар кең тарап, қоғамға зиянды қылықтарымен көрінуде. Оларға:
«Иеогованың куәлары», « Саентология шіркеуі», «Кришнаиттер», «Жетінші күннің
адвентистері», «Алля-аят»(Фархат ата, «Ата жолы»), «Грейс», « Табиғи жамағаты»
т.б жатады. Бұлардың барлығы да экстремистік пиғылдағы ұйымдар. Соңғы
кездердегі Алматыдағы, Ақтаудағы, Ақтөбедегі, Атыраудағы, Тараздағы т.б. келеңсіз
жағдайлар осының айғағы.
Мысалы, «Хиз-бут-тахрир» қозғалысы. Ол, шынын айтқанда, ислам атын
жамылып, билікке қол жеткізуге ұмтылған ұйым.
Бұл қозғалыстың мүшелері біздің тұтастай мемлекетімізді, оның шекерасын,
Әнұранымызды мойындамайды. Онан артық шектен шыққан қандай сорақылық
керек?
Біздегі діни сенім бостандығын пайдаланып, кейбір дәстүрлі емес діндер,
өздерін тым еркін сезіне бастады.
Сондықтан, «сақтансаң сақтармын» дегендей, ондай ұйымдармен, құзіретті
органдардың пәрменді күрес жүргізетін уақыты жеткен сияқты. Біз көпұлтты,
көпдінді елміз, діни сеніміне қарай ешкім қудаланбайды деп, еркінсіте бермей,
құқықты демократиялық ел болғандықтан, заңның үстемдігін орнату керек.
Қазақстанда ең көп тараған дін-ислам діні. Ислам дінінің табиғатына
фундаментализм, экстремизм, терроризм жат. Дәстүрлі ислам діні-ақжарма
адамгершіліктің нағыз тұнып тұрған көзі, білім мен мәдениеттің, өркениеттің үлгісі.
Ол ежелден халқымызды біріктіріп келеді. Ерте заманнан қазіргідей сот,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
86
~
прокуратура, полиция сияқты күштеу органдары болмаған кезде, елде тәртіп
орнатқан осы дәстүрлі дініміз.
Ал діни экстремизмді алатын болсақ, ол бұған қарама-қарсы саясат ұстайды.
Яғни, адамдар арасында өшпенділік отын тудырады, іріткі салады, қантөгістер мен
терроризмге соқтырады.
Қазіргі кезде халықаралық терроризм, әсіресе мұсылман елдеріне , үлкен
қауіп төндіріп отыр. Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы жағдайлар, Шығыс
Иерусалимің статусының шешілмеуі, жалпы Палестина мәселесі, Афганистандағы
тұрақсыздық жағдайлар, ол елдердегі қантөгісті жағдайлар, мұсылман елдеріне
терроризнің қаншалықты зиянын тигізіп отырғандығын көрсетеді.
Халықаралық терроризмнің даму тарихы, қолданатын әдістерінің түріне
қарамастан, агрессиямен, қаталдықпен, жалпы адамзаттық құндылықтарды жоққа
шығарумен анықталады.
Осыдан салыстырмалы аз уақыт бұрын терроризмді локальдық(уақ)құбылыс
ретінде қараса, қазір глобальдық(жаһандық)құбылысқа айналды.
Тарихи терроризмді жеке, топтық, бұқаралық деп бөлуге болады. Жеке
терроризмге рим императорлары: Неронды, Домиционды, Цезарды т.б. өлтірулерін
жатқызуға болады. Топтық терроризмге Италиядағы бригантина, мафия, каморра
т.б көптеген бірлестіктерді жатқызуға болады. Бұндай бірлестіктер қазір әлемнің
бірқатар елдерінде пайда болуда. Қазіргі кезде Орталық Азия аймағында
радикалдық бағыттағы исламдық фундаменталистері, экстремистік топтар,
террористік ұйымдар кең қимыл етуде. Көптеген радикалдық күштер бұл аймақта
исламдық «ФАНО» (фергана, Андижан, Наманган, Ош) мемлекетін құруды мақсат
етеді. Олардың ойларынша, бұл Әлемдік Ислам Халифатының құрамды бөлігі болуға
тиісті.
Қазір дүниежүзінің әр түрлі аймақтарында. 150 жуық террористік ұйымдар
қимыл
жасайды.
Орталық
Азияда
жұмыс
жасайтын
ондай
ұйымдарға:
«Өзбекстанның Исламдық қозғалысы», «Братья-мусулмане», «Хизбут-Тахир аль-
Ислами», «Азия мұсылмандарының Комитеті», «Исламдық даму орталығы» т.б
жатады.
Көптеген таррористік ұйымдардың жұмысы наркобизнеспен тікелей
байланысты. Мысалы, 1995ж.16-ақпанындағы Ташкенттегі автомашинаға салған
бомбының жарылысынан 20 адам өліп, 120 адам жарақат алды. 1996ж.28 наурыз-
1сәуір аралығындағы Ташкенттегі бірнеше жарылыстан 47 адам өлді. 1996ж.
Қазақстан территориясындағы ҰҚК-і органдарының «Хизбут-Тахрир» ұйымын
тексеру барысында 25000-нан астам листовкалар, 700-ге жуық діни-экстремистік
әдебиеттер, көптеген компьютерлер мен баспа құралдары тәркіленді [5].
Орталық Азия елдерінде халықаралық терроризмнің ең көп тараған түрі-діни
терроризм. Әлемдік діндер: Христиан, Ислам, Буддизм, негізінен, жазықсыз кісі
өлтіруді, жалпы терроризмді қолдамайды, олар адамгершілікті мәдени және
жалпыадамзаттық құндылықтарды қолдайды. Қазіргі терроризмнің қауіптілігі сонда,
олар өздерінің зұлымдық істерін діни ұрандармен бүркемелеп, дін жолында өзін
құрбан еткен адамдардың жұмаққа бартындығы т.б арқылы, оларды алдап-арбап,
сондай
әрекеттерге
барғызады(Мысалы,
джихад).Діни
экстремистердің,
терроризімінің
негізгі
мақсаты
өзінің
«таза
діндерін»
қорғау,
өздерінің
фундаменталдық діни қағидаларына оралу, діни мемлекеттерді құра отырып,
қоғамдық өмірде діннің үстемдігін орнату, діни билікті зайырлы биліктен жоғары
қою.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
87
~
Терроризмге қарсы күресте тек қана құрылған антитеррористік орталықтар,
құқық қорғау органдарының жұмысы жеткіліксіз. Оған қарсы барлық елдердің
мемлекеттік және қоғамдық органдардың, БАҚ құралдарының, бүкіл халықтың күшін
біріктіру керек.
Әзірге БҰҰ-ның, басқа халықаралық ұйымдарының, мемлекеттердің
терроризмге қарсы күрес тәсілдері өзінің оң нәтижесін бере қойған жоқ.
Терроризмді жою-объективтік және субъективтік жағдайларды қажет ететін ұзақ
процесс, оны тек күш арқылы жоюға болмайды.
Ол үшін қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды өзгерту керек,
дағдарысты, жұмыссыздықты, ашаршылықтарды, азық-түлік тапшылықтарын
жойып, адамлардың теңдігі мен әділеттілікті орнату керек. Әр түрлі ұлттардың
дұрыс дамуына, олардың мүдделерін қамтамасыз етуге, ұлтаралық және дінаралық
қақтығыстарды жоюға жағдай жасалу керек.
Қорыта айтқанда, фундаментализм, экстремизм, терроризмді бір-бірінен
бөліп алып қарауға болмайды, олар бірінен-бірі туындайтын тығыз байланысты
құбылыстар. Оларды жою үшін әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани салаларда,
ұлтаралық, дінаралық қатынастарда, халық санасында т.б салаларда көптеген
шараларды іске асыру керек.
Әдебиеттер тізімі
1. Жамбылов Д. Саясаттану.Алматы, «Жеті жарғы», 2003, 269, 274, 276 б.б
2. Джуманова Г. Молодежь в контексте конфессиональной безопасности
Мысль, 2010, №5 ,30 с.
3. Джалилов З.Г Ислам и общество в современном Казхстане. Алматы, Дайк-
пресс ,2006, 148с.
4. Джуманова Г. Млодежь в контексте конфессиональной безопасности. Мысль,
2010, №5, 32
5. Совершенствовать механизмы борбы с религиозным экстремизмом.
Прикаспийская Коммуна, 2009, 12 мая.
Достарыңызбен бөлісу: |