«Ахмадие жамағаты». Ол 1889 жылы Үндістанда Кадианнан шыққан Хазрат Мырза Гулмом Ахмад тарапынан құрылған. Қауымдастық атауын Мухаммедтің екінші аты – Ахмедпен байланыстырады. Мұсылман-ахмадиеліктер өздерін ақиқи исламды қалпына келтірушілерміз деп санайды (Пәкістанда ахмадиеліктерге мұсылманбыз деп айтуға тыйым салынған).
«Ахмадие» орталығы Лондонда орналасқан. Ахмадиелік қозғалыс Еуропа және ТМД елдері және Азияда барлығы шамамен 12 миллион адамды қамтиды. Олар Англияда, Германияда, Голландияда, Испанияда, Австралияда және басқа да мемлекеттерде 12 мыңнан аса мешіт тұрғызған.
Қазақстанда «Ахмадие» қауымдастығы 1994 жылы Алматыда пайда болды. Қауымдастықтың толық атауы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Ахмадиелік мұсылман жамағаты». 2008 жылдың 1 қаңтарына Қазақстанда 4 Ахмедиелік жамағат діни бірлестігі (Алматы облысы, Шығыс Қазақстан, Алматы және Шымкент қалалары) қызмет етеді.
«Алля-Аят» (Фархатшылар) культтік-мистикалық діни ағым. Ағымның негізін қалаушы –Алматы облысы Шонжы кентінің тұрғыны Фархат Абдуллаев. Ол қайтыс болғаннан кейін емдеу насихатымен оның зайыбы Нина (Қасиетті Нина, Нина Ана) айналысады.
«Ата жолы» (басқаша атауы «Ақ жол»). «Ақ жол» ұйым ретінде өзінің қызметін 1997 жылдың ақпанынан бастады. Ол кейінірек «Ата жолы» атауын алып, 2001 жылы Алматы қаласында коммерциялық ұйым ретінде (ЖШС) тіркеуден өтті. Ұйымдастырушысы – Қыдырәлі Тарыбаев. Қазақстан бойынша көптеген шәкірттері, рухани-танымдық «Ата жол» журналы, «Ата жолы әліппесі» брошюрасы және басқа да баспа өнімдері бар.
Дәріс 13 Жаппай жою қаруынан қорғау. Радиациялық және химиялық, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ТЕХНОГЕНДІ ҚАУІПТЕР. Т.қ. – адамға, оның қ.о.-на зақымдаушы әсерін тигізетін тех-қ жүйе, өнд-стік және көліктік нысандар.
Т.қ. көздері: