Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша Дәрістер



бет63/78
Дата11.10.2024
өлшемі3,47 Mb.
#147617
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   78
Байланысты:
Лекция-Экология и БЖЧ-1 (1)

«Иегова куәгерлері» – 1876 жылы АҚШ-та Чарльз Рассел негізін қалаған діни ағым. «Иегова куәгерлері» – протестанттық ілімнің бірі. Олар Кресті христиандықтың символы ретінде жоққа шығарады.
«Иегова куәгерлері» әскерде қызмет етуге қарсы. Иконаға, крестке және статуяларға тағзым етпейді, сондай-ақ қандай да бір халықты рухтандыратын мемлекеттік әнұрандардың орындалуын, туларды идолға табынудың жабық түрі санап, құрмет көрсетуді қажет деп есептемейді. Қазақстанда «Иегова куәгерлерінің» шамамен 76 қауымдастығы қызмет етеді. Олардың күрт өсуіне, Польша, Ресей мен Ұлыбританиядан келген миссионерлер ықпал етуде. Тек облыстардың, Алматы және Астана қалалық әділет департаменттерінің ресми деректері бойынша «Иегова куәгерлері» ізбасарларының саны 6000-нан асады.
«Кришнаны тану қоғамы» да дәстүрлі емес діни бірлестіктердің қатарына жатады. Басты қасиетті кітаптары «Бхават – Гита» және «Шримад – Бхагаватам» болып табылады.
«Саентология шіркеуі» АҚШ-та 1954 жылы пайда болды. Негізін қалаушы – жазушы-фантаст Лафайет Рональд Хаббард. Өзінің діни ілімі бойынша саентология буддизм мен Хаббардтың жеке бақылауларының қосындысынан құралған. Л.Р.Хаббард шығармаларының негізгі құрайтын бірінші кезекте «Дианетика»: жан саулығының заманауи ілімі», сондай-ақ, индуистік және буддистік мәтіндер болып саналады. Дианетика саентологтар тарапынан ақыл-ой туралы, жан саулығы туралы, зиянды әдеттер мен мінезден арылу технологиясы туралы ілім болып табылады. Хаббардтың айтуы бойынша, ол кез келген адамды аурудың барлық түрінен емдеуге мүмкіндігі бар.
«Саентология шіркеуі» өзінің көптеген филиалдары арқылы экономикалық, саяси және қоғамда әлеуметтік ықпалға ие болуға ұмтылады. Осы мақсаттағы негізгі ұмтылыс әдетте, басқару мен экономика өкілдеріне бағытталады. Дінтанушылар аталған ұйым алаяқтықпен айналысатын және оның қызметі адамдардың жүйкесіне кері ықпал ететін коммерциялық ұйым екендігін атап көрсетеді. Әртүрлі бағалаулар бойынша аталған сектадан шығу үшін 2-2,5 жылдан кем емес уақыт кететін көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет