Гомогенді - жанғыш зат пен тотықтырғыш 1 фазада (газ) болады, жану өнімдері де.
Гетерогенді – жанғыш зат қатты немесе сұйық зат болады, ал тотықтырғыш – газ фазасында.
Жануға қабілеттілігі бойынша заттардың жіктелуі:
Жанбайтын – ауада өздігінен және жану көзінде жануға қабілеті жоқ заттар;
Қиын жанатын –жану көзінде және оған жақын маңда жануды қолдайтын, бірақ өз бетімен жана алмайтын заттар;
Жанғыш (тез тұтанатын) – өздігінен тұтанатын, жану көзі әсерінен жанатын және ол көзден алыстатқан кезде де өз бетімен жана беретін заттар.
Өрттердің жіктелуі І. Жанғыш зат материалының түріне байланысты:
Акласы – қатты заттар жанады
В класы – сұйық заттар жанады
С класы – газдар жанады
D класы – металдар жанады.
ІІ. Ауданының өзгеруі бойынша:
Таралатын өрттер; Таралмайтын өрттер. ІІІ. Масштабтары бойынша:
Жекеленген – 1 ғана ғимарат немесе имарат өртенетін болса;
Жалпылай - бірнеше ғимарат немесе имарат өртенетін болса;
Жаппай - Жекеленген+ Жалпылай.
IV. Қоршаған ортамен масса және жылу алмасудың болуымен байланысты:
Ішкі өрттер – қоршау ішіндегі;
Ашық өрттер – ашық алаңдағы,
Өрт-жарылыс қауіпті нысандар (ПВОО) – өрт немесе жарылыс шығуының себепшісі болып табылуы мүмкін өнімдерді өндіретін, сақтайтын немесе тасымалдайтын өндіріс орындары, әлде көліктік нысандар.
Ғимараттар мен имараттардың жіктелуі. Өртке төзімділік (тұрақтылық) қасиеттеріне байланысты ғимараттардың 5 дәрежесі белгілі:
1 – барық конструкциялық элементтері жанбайтын материалардан жасалған және өртке тұрақтылығы жоғары (1,5 – 3 сағат бойында);