Дәріс 14 Әр түрлі нысандардағы өрттер, апаттар және жарылыстар кезінде халықты қорғау ӨНДІРІСТЕГІ ЖӘНЕ ТҰРМЫСТАҒЫ ӨРТТЕР МЕН ЖАРЫЛЫСТАР
Өрт дегеніміз адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін, сондай-ақ материалдық шығындарға ұшырататын бақылаусыз жану процесі.
Жану деп жанғыш заттар мен материалдардың жану өнімдеріне айналуының қарқынды түрде жылу мен жарық бөле жүретін күрделі физика-химиялық процесін айтамыз.
Барлық дерлік органикалық заттардың жану процесі негізінде ауа оттегісінде тотығып, СО2 және Н2О бөле жүретін химиялық реакциясы жатады.
Өрттердің негізгі сипаттамалары. Жылу және жану өнімдерін бөле жүреді;
Жану аймағына ауа оттегісінің келіп тұруын және газ тәріздес жану өнімдерінің алыстап кетуін қамтамасыз ететін газ алмасу процесі өтеді;
Жану аймағынан шығатын жылу қоршаған ортаға және жанғыш материалдарға тарайды.
Өрт кезінде қауіп туғызушы факторларға мыналар жатады: Ашық от пен ұшқынның болуы (тері, тыныс мүшелерінің күйігіне ұшыратуы мүмкін);
Айналаның және заттардың жоғары температурасы;
Жанудың және термиялық ыдыраудың токсикалық өнімдері (СО, СО2);
Түтін (түтіннің құрамында әр түрлі дисперстік қоспалар болады. Өткір иісті және айналаны барлауға кедергі жасайды);
Оттегі концентрациясының төмендеп кетуі;
Бүлінген құрылғы, аппарат, құрылыстық конструкциялардың жарықшақтарынан төнуі мүмкін қауіптер;
Конструкциялардың ток өткізгіш бөліктерінде жоғары кернеуліктің пайда болуы салдарынан туындауы мүмкін электр тогы;