Қол жетімді, арзан және қолдануға жеңіл болуы керек;
Қоршаған ортаға зиянын тигізбеуі керек.
СУ. Су және сулы ерітінділер сұйық ӨСЗ-на жатады. Су әмбебап, қол жетімді және эффективтілігі жоғары зат. Суды өрт сөндіру үшін қолданған кезде әрекеттесуші заттарды салқындату принципі қолданылады.
Алайда сумен сөндіруге болмайтын өрттер де болады: Егер су жанғыш заттармен химиялық реакцияға түсіп, нәтижесінде жылу немесе басқа да жанғыш компоненттер түзілетін болса (кейбір қышқылдар мен сілтілер);
Егер жану процесі өте жоғары температураларда өтетін болса (1800÷2000С – металдардың жануы), себебі мұндай температурада су молекулалары диссоциациялануға ұшырап, өртті сөндірудің орнына, керісінше, оны одан сайын өршіте түсуі мүмкін иондар түзеді (сутегі, гидроксид-ион (оттегі));
Егер қауіпсіздік толық қамтамасыз етілмейтін болса (мысалы, жоғары кернеулікті электр құрылғысында өрт шығатын болса – өмір үшін өте қауіпті);
Егер ауа температурасы өте төмен болса – себебі оның қату темпераурасы төмен, сол себепті қиындық туғызады.
Егер тығыздығы судың тығыздығынан кем болып келетін жанғыш сұйықтықтардан өрт шығатын болса – мысалы, мұнай өнімдері жанған кезде.
Өздігінен қарастыру үшін: КӨБІКТЕР. Химиялық және ауа-механикалық деген түрлері болады.
ҰНТАҚТАР. СО2, ГАЗДАР (аргон, гелий азот, су буы т.б.). ЖАРЫЛЫС деп заттардың қас-қағым сәтте өте үлкен мөлшерде энергия бөле жүретін қысқа мерзімді үдерісі.
Жарылыс салдарынан туындаған қоршаған ортадағы қысымның, тығыздықтың, температураның кенет көтерілуімен сипатталатын қозғалыс жарылыс толқыны деп аталады.
Зақымдану аймақтарының радиустары бірнеше км-ге жетуі м-н. Жарылыс әсерінің 3 зонасы белгілі: