1-дәреже - бұлшық еттердің тартылып жиырылуы, бірақ адам есінен танбаған болса;
2-дәреже - бұлшық еттердің тартылып жиырылуы, адам есінен танып қалған болса;
3-дәреже – адаместен танып, жүрек қызметінің немесе тыныс алу қызметінің бұзылуы (2-нің 1-інің);
4-дәреже – клиникалық өлім. (қан айналымы мен тыныс алудың тоқтап қалуы, тек мидың ғана қысқа мерзім бойында жұмыс істеп тұруы. Дер кезінде медициналық көмек көрсетілетін болса, адамды тірілтіп алу мүмкіндігі болады, ондай мүмкіндік болмаса, 3-4 мин. ішінде клиникалық өлім биологиялық өліммен алмасады.)
Адам ағзасына физиологиялық әсер етуінің салдары бойынша эл. тогы 3-ке бөлінеді:
шекті сезілетін ток (І=0,6÷1,5 мА) – ток әсері сезіледі, бірақ жарақаттануға әкеп соқтырмайды;
шекті жібермейтін ток (І=10÷15 мА) – адам өздігінен ток қондырғысынан босана алмайды;
шекті фибрилляциялық ток (І>100 мА) – тыныс алудың, жүрек қызметінің бұзылуы (паралич), өлімге душар болу мүмкіндігі өте жоғары;
Адамның жұмыс орнында токқа түсіп қалу қаупі электр құрылғыларының дұрыс орналастырылуымен тік-й байланысты. Осы тұрғыдан «Электр құрылғыларын орналастыру ережелеріне» сәйкес жұмыс бөлмелері 3 классқа бөлінеді:
І. Қаупі жоғары емес жұмыс бөлмелері Құрғақ, шаң-тозаңсыз, ауа температурасы қалыпты, едендері оқшаулағыш мат-лдан (ағаш) жасалған бөлмелер жатады (офис, зертхана, т.б.) ІІ. Қаупі жоғары жұмыс бөлмелері Бұл санатқа жатқызылуы үшін жұмыс бөлмесінде төмендегі шарттардың 1-і орындалса жеткілікті:
ылғалдылық >75%;
температура>30С;
ток өткізетін шаң тозаңның болуы (көмір, металл бөлшектері);
ток өткізгіш материалдардан жасалған еден (металл, жер, темір-бетон, кірпіш);
тар бөлмелер (адамның 1 уақытта эл. құрылғысына және басқа металл конструкцияларға жанасу мүмкіндігі).
ІІІ. Аса қауіпті жұмыс бөлмелері
Аса ылғалды бөлмелер (ылғалдылық ~ 100%);
Хим. активті ортаның болуы (эл. құрылғысының ток өт-ш бөліктерінің изоляциясын бүлдіруі м-н хим. заттар);
ІІ класты сипаттайтын шарттардың 1 мезетте 2-нің орындалуы.