Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша Дәрістер


Жеңіл – жеңіл контузя, уақытша құлақтың естімей қалуы, қол аяқ жарақаттары, сүйектердің шығуы; Орташа



бет74/78
Дата11.10.2024
өлшемі3,47 Mb.
#147617
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
Байланысты:
Лекция-Экология и БЖЧ-1 (1)

Жеңіл – жеңіл контузя, уақытша құлақтың естімей қалуы, қол аяқ жарақаттары, сүйектердің шығуы;

  • Орташа – ми шайқалуы, есту мүшесінің зақымдануы, құлақ-мұрыннан қан кету, қол аяқ сүйектерінің шығуы, сынуы;

  • Ауыр – бүкіл ағзаның күшті контузиясы, ішкі мүшелер мен миға зақым келу, ауыр сүйек сынулары, өлімге душар етуі де м-н;

  • Аса ауыр – әдетте өмірмен қош айтыстыруға алып келетін аса ауыр жарақаттар.



    Дәріс 15
    Шу, діріл, ультрадыбыс, инфрадыбыс, ЭМӨ, т.б. адамға әсері. Апаттан құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу негіздері
    ИОНДАУШЫ ЕМЕС СӘУЛЕ ШЫҒАРУЛАР
    Иондаушы емес сәуле шығару дегеніміз – электромагниттік өрістің кеңістіктегі күй өзгерісі немесе электрлік және магинттік өрістердің бір-бірімен өзара әрекеттесуі.
    Жіктелуі:

    1. Электромагниттік сәуле шығарулар;

    2. Тұрақты және ауыспалы магниттік өрістер;

    3. Өндірістік жиілікті электромагнитті көрістер;

    4. Электростатикалық өрістер;

    5. Лазерлік сәуле шығару.

    Электромагниттік өріс – электрлік зарядталған бөлшектердің өзара әрекеттесуіне жағдай туындататын материяның айрықша формасы.
    Электрлік өрісті кеңістікте электрлік зарядтар мен зарядталған бөлшектер туғызады.
    Магниттік өрісті өткізгіш арқылы қозғалысқа түсетін электр зарядтары туғызады.
    Электромагниттік өрістің негізгі көздері:
    - Электр өткізгіш желілер;
    - Тұрмыстық электр жабдықтары;
    - Жеке компьютер;
    - Теле-, радиобайланыс станциялары;
    - Жерсеріктік және ұялы байланыс;
    - Радарлы құрылғылар.
    Электр өткізгіш желілерінен (ЭӨЖ) аймаққа өндірістік жиілікті электрлік және магинттік өрістер тарайды. Олардың таралу қашықтықтары ондаған метрді құрайды.
    Электр өрісінің таралу қашықтығы электр желісінің кернеулік класына тәуелді (кернеулік класын көрсететін сан ЭӨЖ атауында тұрады, мысалы, ЭӨЖ 220кВ., кернеулік шамасы артқан сайынэлектрлік өріс зонасындағы электр өрісінің деңгейі де соғұрлым арта түседі).
    Магниттік өрістің таралу қашықтығы ток күші мен желіге түсетін жүктемеге (нагрузка) тәуелді болады.
    Электрлік және магниттік өрістердің биологиялық нысандарға әсер етуі.
    Электр өткізгіш желілерінен электр өрісі тарайтын аймақтарда өмір сүретін жәндіктердің іс-әрекетінде агрессия, мазасыздық, жұмысқа қабілеттілігінің және өнімділігінің төмендеуі байқалады екен.
    Ол аймақтарда өсетін өсімдіктерде де даму аномалиялары байқалған – күлте, жапырақ, сабақтарының пішіндері, өлшемдері өзгеріске ұшырап, артық күлтелердің пайда болуы орын алуы жиі аңғарылады екен.
    Электр өткізгіш желілері өрісінде ұзақ уақыт болған дені сау адам да оның зардабын шегеді. Яғни, мұндайда жүрек-қан тамыры және жүйке жүйелерінің аурлары, кейде, тіпті, қатерлі ісік ауруларына шалдығуы мүмкін.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет