Дәріс 5.
Табиғи ресурстар және оларды қорғау, сақтау бағыттары
Биосфераның және қоғамның дамуының негізгі қажеттіліктері болып табылатын
табиғи қорлар мен байлықтар. Сондықтан табиғат пен адамның үйлесімді тіршілік етуінің
негізгі кепілі табиғи ресурстарды тиімді аз қалдықты етіп пайдалану болып табылады.
Табиғи қорлар адам еңбегінсіз бірақ адамның қолданысы үшін
жасалған табиғи
объектілер.
Табиғи ресурстар
деп материалды өндірістің барлық сұраныстарын
(минералдық, жерлік, ормандық сулық ресурстар) қанағаттандыруға болатын барлық
табиғи байлықтарды айтамыз.
Оған табиғи ресурстармен қатар, табиғи жағдайларды да
қосамыз.
Адамзаттың күнкөрісі мен тіршілік етуге қажетті заттар және табиғатта кездесетін
жаратылыс дүниелері
табиғи қорлар
деп аталады. Табиғи қорларға су, жер, өсімдік,
жануарлар, тау, тас, қазба байлықтары және өзге де тікелей немесе өңделген күйінде
тұрмысқа, өндіріске қажетті дүниелердің барлығы жатады.
Табиғи қорларды пайдалану
нәтижесінде адамзат, азық-түлік, киім-кешек, тұрмыс қажетін өтеуге арналған заттар,
жанар-жағар майлар, өнеркәсіпке қажетті шикізатты алады.
Адамның шаруашылық іс-әрекетіне қолданылатын жер мен оған жақын космос
аймағы табиғи-ресурсты потенциал деп атайды.
Тұрмысқа, тіршілікке қажетті өнімдерді алу үшін жаратылыста
кездесетін табиғи
қорларды, шикізатты өңдеп, олардан әртүрлі бұйымдар немесе азық-түлік өнімдері
дайындалады. Демек, адамзат табиғи қорларды, олардағы шикізат көздерін зат айналымы
цикліне қатыстырады. Адамзат баласының табиғи қор көзінен шикізаттың бір немесе
бірнеше түрін
өзінің өңдеу, пайдалану барысының сатысында тасымалдауы, оларды
өзгеріске ұшыратуы
қордың айналымы
болып табылады. Табиғатта заттар айналымы
тұйықталған тізбек бойымен іске асады. Табиғи-ресурстық потенциалды анықтауда
табиғи қорлары пайдалануды шектеу қоғамның тұрақты дамуына жағдай жасайды,
сондықтан да табиғи қорларды жіктеудің маңызы зор.
Қоғамның тұрақты даму
мүмкіндігін сақтай отырып, табиғи ресурстарды адам қажеттілігіне сай, аз мөлшерде
пайдалану, табиғи-ресурсты потенциалды анықтау кезіндегі негізгі ой болып табылады.
Ерте заманнан бастап адам қоршаған ортадан пайдалы қазбаларды өндіре бастады. Оның
уақыт өткен сайын көлемі ұлғая береді.
Достарыңызбен бөлісу: