«Экология және өмір қауіпсіздігі» пәні бойынша студенттердің Өзіндік жұмыс тапсырмалары мен



бет1/9
Дата28.04.2023
өлшемі158 Kb.
#87928
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
СӨЖ Экология казх


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

жаратылыстану ФАКУЛЬТЕТі


Сартбаева Г.М

Барлық мамандықтар студенттеріне арналған




«Экология және өмір қауіпсіздігі » пәні бойынша
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ МЕН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ

Оқу формасы: күндізгі




Шымкент, 2021ж

ОӘЖ
КБЖ


Құрастырғандар: Сартбаева Г.М. «Экология және өмір қауіпсіздігі » пәні бойынша СӨЖ және СОӨЖ ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқауы. Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк педагогикалық университеті
– Шымкент: 2021. – 12 б
СӨЖ және СОӨЖ ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқау «Экология және өмір қауіпсіздігі » пәнінің оқу жоспары мен бағдарламасы талаптарына сәйкес құрастырылған және курстың СӨЖ және СОӨЖ сабақтарының тақырыптарын орындауға қажетті барлық мәліметтерін қамтиды.

Әдістемелік нұсқау барлық мамандықтар студенттеріне арналған


Пікір берушілер:
а.ш.ғ.к., доцент Айтбаева А.Е.
Жаратылыстану кафедрасының мәжілісінде (хаттама № « » 21 ж.) және
Жаратылыстану факультетінің әдістемелік комиссиясының отырысында қаралған және басуға ұсынылған (хаттама № «___» ____ 2020 ж)

Баспаға ОҚМПУ Әдістемелік кеңесі ұсынған, хаттама №__ «___» 2021 ж.


© ОҚМПУ, 2021ж.


Шығаруға жауапты: Сартбаева Г.М.


СӨЖ тапсырмаларына қойылатын талаптар:


Студенттер СӨЖ тапсырмалары силлабуста белгіленген тақырыптар бойынша жазбаша нысанда дайындалады. Студент тарапынан дайындалған СӨЖ оқытушының офис сағаттарында қорғайды. Қорғау кезінде тақырыпты қысқаша түсіндіреді және сол тақырыпқа байланысты оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруі талап етіледі.
Тақырыптың негізіне кірмес бұрын студент СӨЖ тақырыбына кіріспе жасайды. Кіріспеде тақырыптың қысқаша тарихына тоқталады, маңызы қарастырылады. Осыдан кейін негізіне тоқталады. Осы бөлімде тақырыпты жан жақты ашуға тырысады. Осы тақырыпқа байланысты ғылыми пікірлер, тәжірибеге тоқталады. Жұмыста студент тақырып шеңберінде еңбекте қаралған сұрақтарды көрсетіп автордың субъективті позициясын ашуға тиісті. Осыдан кейін барып өзіндік қорытынды жасалады. Қорытынды да тақырыпқа байланысты өзіндік тұжырым, түйіндемелер жасалады.
Студенттер СӨЖ жазу барысында силлабустарда көрсетілген әдебиеттерді пайдалана алады. Жұмыстың көлеміне байланысты шектеулер жоқ, бірақ тақырыпты жеткілікті дәрежеде ашуы тиіс. СӨЖ орындауда жоспары, мазмұны және қолданылған әдебиет тізімі көрсетіледі. СӨЖ мақсаты: тақырып шеңберінде жоспарда көрсетілген сұрақтар бойынша негізделген ғылыми және тәжірибелік қорытындыларды шығару.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет