Глосарий-берілген тақырыптарға және терминдерге қысқаша түсініктеме.
Реферат. Студентте бір тақырыпты таңдау құқығы бар, осы тақырып бойынша ол материалдарды жинап, қорғау үшін реферат әзірлеу тиіс. Рефераттардың қорғалуы оқытушымен тағайындалған мерзімде өткізіледі (сабақ кестесіне сәйкес).
Баяндама.
Баяндаманы әзірлеу жоспары:
оқытушымен бірге тақырыпты таңдау;
базалық оқулық пен оқу-әдістемелік құралы бойынша тақырыпты зерттеу;
баяндаманың негізгі идеяларын айқындау;
ұсынылған әдебиетпен танысу;
баяндаманың жоспарын құру;
тақырып бойынша негізгі ұғымдарымен сөздіктер мен анықтамалықтардың көмегімен танысу;
баяндаманың тезистерін әзірлеу;
мысалдар мен иллюстрацияларды табу, көптеген тақырыптар бойынша Power Point бағдарламасында орындалған презентацияны көрсету баяндаманы жақсы әшекейлейді;
баяндаманың мәтінің дайындау.
Баяндаманың ұсынылатын ұзақтығы – 10 мин.
Баяндаушының сөздерінен кейін аудиторияның сұрақтарына жауап беру және оқытушының тұжырмдамасы үшін уақыт қалдырылады.
Жариялы баяндаманың құрылымы.
Классикалық риторикада ауызша баяндаманың үш бөлімнен тұратын құрылымы қалыптасқан: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды.
Кіріспе талқыланатын тақырыпқа тыңдаушылардың назарын аудару тәсілі. Әдеттей кіріспе баяндама уақытының сегізден бір бөлігін алады.
Негізгібөлімінде тақырып толығымен ашылып, тиісті мәліметтер және дәлелдер келтіріледі.
Негізгі бөлімінде жиі жіберілетін қателіктерге жатады:
тақырыптың шегінен шығып кету;
нақты жоспардың жоқтығы;
бір сұрақтан басқа сұраққа секіріп кету.
Қорытынды қысқаша және анық болуға тиіс. Сонымен бірге тыңдаушыларға көңіл аударғандары үшін рахмет айтуға болады.
СӨЖ орындау түрін студенттің шығармашылығына қарай өзгертуге болады.
Әдістемелік нұсқаулар:
Оқулықтармен және ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау.
Қысқаша конспект жазу. Әдебиеттердегі суреттерді қарастыру.
Тест материалдарымен жұмыс жасап, өз білімдерін тексеру.