«Экология және өмір қауіпсіздігі» пәні бойынша студенттердің Өзіндік жұмыс тапсырмалары мен



бет2/9
Дата28.04.2023
өлшемі158 Kb.
#87928
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
СӨЖ Экология казх

СӨЖ нысанының түрлері


Тақырып сұрағының презентациясы студенттің үйде тыңғылықты дайындалып келуі (кестелерді, сызбанұсқаларды, оргтехникалар мен басқа да интерактивті әдістерді пайдалануы)
Жеке жоба – сабақ барысындағы оқытушының сұрағына жауап беру, арнайы білімді пайдаланып, өзінің логикалық тұрғыдан көзқарасын негіздеу.
Пікірталастарға қатысу (іскерлік ойындар) – студенттің қойылған тапсырма бойынша пікірталастық негіздегі, авторлық позициямен қайнар көздерді меңгеру түріндегі белсенді іс-әрекеті.
Топтық жоба – қойылған мәселені талдау бойынша студенттің кең және терең қызығушылығын көрсетіп, танытуы.
Эссе – студенттің жіберілген тақырыптар бойынша өз бетінше мазмұндамасын жеткізуі(жазбаша)
Шығарма – аудиториялық шектеулі уақыт жағдайында зерттеліп отырған тақырып немесе тақырып циклы бойынша өзіндік, жазбаша шығармашылық материал.
Жазбаша жұмыс. Белгілі бір тақырып немесе бірнеше тақырып, сондай-ақ бүкіл курс бойынша әзірленген сұрақтарға жауап беруге дайындалу.
Логикалық тапсырмалар: студенттерге курсының әр тақырыптары бойынша логикалық тапсырмалар ұсынылады. Тапсырмалар ұсынылған әдебиеттердің негізінде жазбаша нысанда орындалады.
Презентация –берілген мәселені слайдтар, видиороликтерді қолдану арқылы ұсына отырып ауызша айту.
Жағдайяттық тапсырмалар-әртүрлі жағдаяттарды суреттеу және оларға арналған тапсырмалар тізімін жасау.
Іскерлік ойындар-студенттерден алдын ала дайындықты қажет ететін және өзбетінше қорытынды жасай алатын, келешектегі кәсіби әрекетіне қажетті, кез келген үдеріске имитация жасай алу іскерлігіне бағытталған ойын түрі.
Топтық жоба жұмысы- 3-5 студенттен құралған топқа жоба жұмысын жасауға арналған тапсырма.
Жеке жоба жұмысы – жақсы дайындалған студенттерге арналған, белгілі бір актуальды тақырыпқа зерттеу жұмысын жүргізуге бағытталған жоба жұмысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет