Экология лекциялары дәріс №1 Тақырып



бет12/32
Дата01.03.2023
өлшемі134,39 Kb.
#70951
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Тұщы су қорлары қандай?
2. Шайынды суларды тазарту негізгі әдістерін атаңыз.
3. Тұщы су қорларының таусылу себептері қандай? л
4. Тұщы су ластану көздері қандай?
5.Су сапасын жақсарту негізгі әдістері қандай?
6.Суды зарарсыздандыруға қалай қол жеткізуге болады?
7.Топырақ құрамы мен құрылымын сипаттаңыз.
8.Пайдалы қазбаларды тиімді пайдалану мүмкіндіктері қандай?
9.Жер пайдалы қазбаларын қорғауға қойылатын талаптар қандай?
10.Топырақ қышқылдануын азайтатын әдістерді атаңыз.


ДӘРІС № 4
Тақырып: Қазіргі кезеңнің әлеуметтік-экологиялық мәселелері және тұрақты даму
Жоспары:
1. Өткендегі, қазіргі және болашақгағы демографиялық жағдайлар.
2. Қала экологиясы.
3. Қоршаған ортаны бағалаудың экономикалық көрсеткіштері.
4. Табиғатты қорғаудың аспектілері
5. Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері
Дәріс мақсаты: Студенттерді адамның биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде ерекшеліктерімен және адамның экологиялық мәселелерімен таныстыру.
Дәріс ұзақтығы: 1 сағат

  1. Өткендегі, қазіргі және болашақтағы демографиялық жағдайлар.

Елдегі немесе планетадағы, аймақтағы демографиялық жағдайларды зерттеу адам экологиясының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Халық, қала тұрғындарының санының тез өсуі экожүйелерге қосымша экологиялық салмақ түсіреді. Сондықтан адам экологиясы демографиялық факторлар мен урбандалу процесінің қоршаған табиғи орта жағдайына әсерін жан-жақты зерттеуге міндетті.
Демография дегеніміз халық туралы ғылым. Халық санының өзгеруін, оның территориялық ауысуы мен құрамын осы өзгерістердің себептері мен салдарын, олардың әлеуметгік экономикалық факторлармен байланыстарын зерттейді.
Демографиялық тарихтағы ерекше феноменге демографиялық жарылыс (60-80 ж. ж) жатады. Әлемдегі жыл сайынғы халық санының өсуі: 1000 жыл бұрын-10/1 бөлігінің %.
XX ғасыр басында-0,7 %.
1950 ж.- 1 %.
60 ж. аяғында-2,1 %.
1970-1975 ж.-2,0 %.
1980-1985 ж.-1,7 %.
Халық саның өсуі өртүрлі жерде әртүрлі өскен. Соңғы 40-50 ж. ішінде халық санының төменделуі байқалған елдер: Шығыс және Оңтүстік Европа, Австралия, Жаңа Зеландия, Япония. Халық санының төмендеуіне қарамастан, халық санының теңесуі дамушы елдер арқылы жүзеге асып отыр.
Әрбір мемлекет елдің ерекшелігін ескере отырып, өзінің демографиялық саясатын жүргізіледі. ҚР-ның демографиялық саясатты ұстай отырып, жоғары туылым ұлғайту мен халықтың өмір сүру ұзақтығын ұзартуға бағытталған.
Ғаламдық мағынасы бар 2-феномен - адамдардың қартаюы, яғни халық құрылымындағы егде адамдардың санының өсуі. Бұл өлімнің азаюына байланысты.
Демографиядағы 3-феномен - балаға деген экономикалық қажеттіліктің жоғалуы, аз отбасы идеалы, ананың борышы 2-планға шығуы, бірінші орынға әйелдердің қоғамға енуі, семьядан тыс өндіріс ұлғаюы шыққан.
1979-1981 жж. 40 жасқа дейінгі «орта» әйелге шаққанда бала саны 4,4 тен 2,2 дейін түсті. Ауылда 2,6 - жоғары, ал қалада 1,8 - төмен көрсеткіштерді береді.
Адамдарда жас кезінен бастап, демографиялық мінез-кұлық қалыптасады, ол өмірінің барысында ереже болып қалады.
Тамақтану проблемасы халық санымен байланысты. 6,1 млрд. адам қалыпты тамақтану үшін мал өсіруді 4 есе, ал (өсімдік) астық өнімдеріні 3 есе өсіруі қажет.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет